Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің отбасым

10 қазан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаттары:
1. Білімділік мақсаты: Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
2. Дамытушылық мақсаты: Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: отбасы суреттері, слайд, шаңырақ
Әдіс - тәсілдер: әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ жауап, сергіту сәті, шаттық шеңбер, мадақтау, қорытындылау.

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбер
Көтеріліп шаңырақ
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз болып көрінер
- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
- Ал, киіз үйде кім тұрады?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

Ұйымдастыру іздестіру
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің отбасы болады олар бір бірімен тату тәтті тұрады.
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
Жұмбақ
Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар?
- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.
Олай болса бәріміз тақтаға слайдқа назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Менің отбасым. жүктеу
6 034
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы мүшелері туралы түсінік беру. Отбасындағы өзара сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыту. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгеру. Ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту. Ойын арқылы есте сақтау қабілеті, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
My family
My family
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы
Менің отбасым
Менің отбасым
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Искакова Жаңагүл Әбдіқызы
Мен және менің отбасым
Мен және менің отбасым
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Рахметова Қаракөз Асарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×