Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сюжетті рөлді ойын «Аурухана»

22 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сюжетті рөлді ойын «Аурухана»
Мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін таныстыру. Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұжымдық ойнауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Бізге көп қонақтар келген екен амандасайық.
Балалар: Саламатсыз ба!
Тәрбиеші: Балалар біздер күннің 2 жартысында сюжетті рольді ойын ойнаймыз. Қандай сюжетті рөлді ойын білесіңдер?
Балалар: Дәріхана, Кітапхана, Шаштараз, Дүкенші, Пошташы, Жол ережесі.
Тәрбиеші: Ендеше бүгін қандай ойын ойнаймыз.
Балалар: Аурухана.
Тәрбиеші: Олай болса ойынды ойнамас бұрын рольді бөліп алайық. Кім дәрігер болғысы келеді, кім медбике, кім ана, бола болғысы келеді? Кім дәріханашы болғысы келеді. Жарайды ендеше әркім өз орнына барсын.
Ана: Саламатсыз ба дәрігер
Дәрігер: Саламатсыз ба: Менің балам түнімен ауырып шықты, қарап жіберіңізші.
Дәрігер: Қашаннан бері ауырды?
Ана: Кешеден бері
Дәрігер: Ендеше қызуын өлшейін. Қызуы жоқ, енді аузыңды аша ғой тамағыңды қарап жіберейін. Тамағы қызармаған, жақсы. Енді өкпесін тыңдайын. Балаңызға салқын тиген, өкпесінде сырыл бар, емдеу керек. Мына дәріні дәріханадан алып, балаңызға ішкізіңіз.
Ана: Рахмет дәрігер, сау болыңыз
Ана: Саламатсыз ба
Дәріханашы (Анель): Саламатсыз ба
Ана: Маған мына дәріні беріңізші
Дәріханашы (Анель): Қағазыңыз бар ма? Мына дәріні 2 мезгіл беріңіз.
Ана: Рахмет. Сау болыңыз.
Дәріханашы: Сау болыңыз
Ана: Саламатсыз ба дәрігер
Дәрігер: Саламатсыз ба
Ана: Менің баламның көзі ауырып жүр, қарап беріңізші.
Дәрігер: Қане отыр. Көзіңді шаң тозаңнан қорғау керек, теледидарды көп қарауға болмайды, компьютер көп ойнауға болмайды. Көзіңді күту керек. Мына дәріні көзіңе 2 мезгіл тамыз.
Ана: Рахмет, сау болыңыз
Дәрігер (Жансерік): Сау болыңыз
Ана: Саламатсыз ба
Дәрігер: Саламатсыз ба
Ана: Менің баламның тісі ауырып шықты, қарап жіберіңізші.
Дәрігер: Қане, аузыңды аш. Тісіңді құрт жепті, жұлу керек. Тіс ауырмау үшін 2 мезгіл тазалау керек, тәттіні көп жеуге болмайды. Қазір укол беріп, жұламын. Енді 2 сағат тамақ жеме.
Ана: Рахмет, сау болыңыз.
Тәрбиеші: Балалар бүгін ойынды жақсы ойнадыңдар, рахмет. Олай болса кім дәрігерлер туралы тақпақ біледі: Ақ халатты киетін
1. Аппақ болып жүретін
Аппақ болып жүргенді
Өзім қатты сүйемін
2 - бала Іш ауырса, тіс ауырса
Маман дәрі береді
Барлық бала, барлық ана
Оны жақсы көреді
Тәрбиеші: Енді өзімізді қонақтарға таныстырып өтейік.
Бала дәрігері: --------.
Көз дәрігері:------.
Тіс дәрігері: ----.
Медбике: ----, -------
Дәріханашы: Анель
Ана: ----------
Бала:------
Тәрбиеші: Қонақтарға сау болыңыз дейміз
Тісіңді үнемі тазалап жүруге дағдылан
Маржандай тіс адам көркі
5 550
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Емхана
Емхана
Балалардың дәрігер еңбегіне бақылау жасау арқылы олардың іс - әрекетін рөлдерге бөліп ойнауға үйрету. Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін сезіне білуге дағдыландыру, ойын арқылы баланың білім деңгейін жандандыра
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Балаларға мамандық туралы түсіндіру, мамандық иелерін құрметтеуді үйрету. Ұқыптылыққа, әдептілікке, басқаның еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбиеші балаларды өзіне қаратады. Жылулық шеңберіне балаларды тұрғызады.
Мазмұнды сюжеттік ойын "Дәрігер"
Мазмұнды сюжеттік ойын "Дәрігер"
Баланың сөздік қорын молайту, бір - біріне деген жағымды қарым - қатынас жасау, ой - қиялын одан әрі дамыту. Ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып тәрбиелеу. Ойын кезінде ақ халатты абзал жандардың игі еңбегіне деген
"Емхана" мазмұнды кейіпкерлі ойын
"Емхана" мазмұнды кейіпкерлі ойын
Дәрігер еңбегіне бақылау жасау арқылы олардың іс - әрекетін рөлдерге бөліп ойнауға үйрету. Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін сезіне білуге дағдыландыру, ойын арқылы баланың білім деңгейін жандандыра отырып,
Желілі - рөлді ойын «Шаштараз»
Желілі - рөлді ойын «Шаштараз»
Тәрбиеші:- Балалар біздер топта қандай ойын түрлерін ойнаймыз? Балалар:- Қимылдық, дидактикалық, ұлттық, желілі - рөлдік т. б. ойындар. Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, ал бүгін қандай ойын түрін ойнаймыз? Балалар:- Желілі - рөлдік ойын. Тәрбиеші:- Ал
Аурухана (сюжеттік - рөлдік ойын)
Аурухана (сюжеттік - рөлдік ойын)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №13 "Ертөстік" бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі Лашын Сандуғаш Маханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×