Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Емхана" мазмұнды кейіпкерлі ойын

25 маусым 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті,
№7 "Балдырған" балабақшасы
Тәрбиеші: Ербозова Бақыт
Тобы: ересек топ

Мазмұнды кейіпкерлі ойын: "Емхана"
Мақсаты: Балалардың дәрігер еңбегіне бақылау жасау арқылы олардың іс - әрекетін рөлдерге бөліп ойнауға үйрету. Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін сезіне білуге дағдыландыру, ойын арқылы баланың білім деңгейін жандандыра отырып, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Жауапкершілікке, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, жеке жұмыс, қорытындылау.
Көрнекілік: Әрбір дәрігерге арналған арнайы бөлме, дәрі - дәрмектер, ақ халат, бас киімдер, дәрігерге қажетті құрал жабдықтар.
Алдын ала жұмыс: Балабақша дәрігері Анар апайдың еңбегімен таныстыру.
Қажетті құралдар: дәрі – дәрмектер, кітапшалар, халаттар, бас киімдер, құрал - жабдықтар.

Балалар келген қонақтармен амандасайық.
Балалар амандасады.
Тәрбиеші:- Балалар есімізге түсірейікші қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
Балалар: - Дәрігер, асхана, құрылысшы, дүкенші, шаштараз
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, жақында біз қандай мамандық иесімен таныстық?
Балалар: - - Дәрігер.
Тәрбиеші: -- Балаларымыздың дәрігері Анар апайымыздың еңбегімен таныстық.
- Бәрекелді, дәрігер апай бізге не туралы айтты?
Балалар: - - Дәрігер құралдарымен таныстырды.
- Таза ауамен жүру керектігін ескертті.
- Дәрумені мол тамақтарды көп жеуіміз керек.
- Спортпен шұғылдану керек.
- Ауырып қалсақ дәрігерге көрінуіміз керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, біз дені сау жақсы азамат болып өсуіміз үшін әрдайым үлкендердің айтқанын тыңдап жүру, дәруменді тағамдар жеу, спортпен шұғылдану керек екенін түсіндік, таза жүріп, тамаққа отыратын кезде қолымызды жууымыз керек.
- Дәрігер болып ойнағыларың келеді ме?
- Дәрігер мамандығы ұнайды ма сендерге?
- Балалар ендеше бүгін өздерің көріп тұрғандай мен тобымызды «Емхана»рөліне сәйкес дайындадым. «Терапевт», « Бала дәрігері», « Қабылдау бөлмесі», «Егу бөлмесі», «Дәріхана», «Жанұя». Ойынымызды бастамас бұрын мен сендермен санамақ арқылы дәрігерлерді таңдап аламын.
Әрбір дәрігердің өзіне жүктелген міндеті бар.
Қабылдау бөлмесіндегі дәрігер келген науқасты жылы қабылдап, карточкасын тауып беріп, келген дәрігердің бөлмесін көрсетіп, еміне шипа болуына тілектес білдіреді.
Терапевт дәрігері - келген науқасты жақсы қарсы алып, қай жері ауырғанын сұрап, науқасқа көмек көрсетуі керек.

Бала дәрігері – кішкентай балаға көмек көрсетіп, ішетін дәрісін, алатын емін тағайындау.
Егу бөлмесі – дәрігер тағайындаған еміне сәйкес әкелген дәріні егіп, ем болуына тілек білдіру.

Дәріхана бөлімі - халыққа қызмет етіп дәрілер босатады.
Балалар өз рөлдеріңді түсіндіңдер ме?
Ендеше орындарыңа жайғаса қойыңдар.
(әр балаға өз орнын көрсетеді)
1 - ші үлкен кісі кіреді.
Қабылдау бөлмесі: Сәлеметсіз бе, Қош келдіңіз!
- Көп жаса балам.
- Қай жеріңіз ауырып келдіңіз ата?
- Басым ауырады.
- Қазір карточкаңызды тауып берейін, аты жөніңізді айтыңыз. Көшеңіздің нөмірі, үй телефонын айтыңыз жазып қояйын.
- Міне, карточкаңыз қазір тіркеп алайын. Сіз терапевт дәрігеріне барасыз. Есік сыртында бір саны белгіленген бөлмеде терапевт дәрігері отырады, бара беруіңізге болады. Сау болыңыз!
Терапевт: Сәлеметсіз бе?
- Өркенің өссін балам.
- Қай жеріңіз аурып мазалайды?
- Дәрігер балам 2 - 3 күн болды басым ауыра береді.
- Қане, қан қысымыңызды өлшейін. Ата сіздің қан қысымыңыз көтеріліп тұр екен, қазір егу бөлмесіне жіберейін, сол жерде сіздің қан қысымыңызды түсіретін дәрі егеді, сосын басыңыз ауырғаны қояды. Ата сізге анализге қағаз жазып беремін, сізге әрі қарай ем тағайындаймын. Дәріханадан мына дәріні ала барыңыз жарайды ма ата?! Уайымдамаңыз бәрі жақсы болады. Ертең таңертең қан тапсырыңыз.
Зере атаға анализге, қанға қағаз жазып берші. (мейірбике қағаз жазып береді)
Дәріхана:
- Сәлеметсіз бе ата! Қандай көмегім қажет?
- Амансың ба балам! Мына дәрілерді жазып беріп еді.
- Иә ата мына дәрілер бар, қазір берейін. 2000 теңге болады.
- Рахмет балам.
- Ем болсын ата!

Егу бөлмесі:
- Сәлеметсіз бе ата!
- Өркенің өссін балам. Мына дәрілерді дәрігер балам жазып беріп еді.
- Қағазыңды беріңіз, тіркеп алайын. Бұрын осы уколды салдырып көрдіңіз бе?
- Иә балам, уайымдама алдырып жүрмін.
- Ата онда келіңіз орындыққа жайғасыңыз.(укол салады ). Ем болсын. Екі мезгіл келіп алып тұрасыз.
- Жарайды балам.
- Уақытылы келіп, ем қабылдап тұрамын. Үлкен азамат бол балам!
- Сау болыңыз!

Қабылдау бөлмесі:
- Сәлеметсіз бе апай!
- Сәлеметсіз бе!
- Қай жеріңіз ауырып келдіңіз?
- Мына кішкентайымды екпе припивкасына алып келген едім.
- Карточкаңызды тауып берейін, аты - жөні, қай көшеде тұрасыздар? Айы, күні, жылы.
- Ахметова Шахназ. С. Мұханов №5 үй. 05. 01. 2010.
- Міне, карточкаңыз, №2 бала дәрігеріне барасыз.
- Сау болыңыз!

Бала дәрігері:
- Сәлеметсіз бе!
- Амансыз ба! Мына баламның бір жолғы екпе припивкасына алып келдім.
Дәрігер: Келе ғой балақай, көріп жіберейін. Атың кім?
- Шахназ.
(градусник қояды).
- Аузыңды аша ғой. (Тексеріп көреді.)
Кеудеңдегі тоқымаңды көтер, бір тексерейін, артқа қарай ғой, тағы бір тексеріп жіберейін.
Дәрігер: Балақай қыс мезгілінде жылы киініп жүруіміз керек, суық су ішуге болмайды, анаңның айтқанын тыңда, тұмау тиіп қалмасын.
Бала: Жарайды, анамның айтқанын орындаймын.
Дәрігер: Апа қазір егу бөлмесіне барып бір жолғы екпе припивкасын алыңыздар, 3күнге дейін шомылмаймыз, кешке қызуы көтерілсе осы іште жақын жерде дәріхана бар сол жерден парацетамол дәрісін алып алыңыз, қызуы көтерілсе беріңіз. Жарай ма?
Анасы: жарайды сау болыңыз.
Дәрігер: сау болыңыз, ем болсын!

Егу бөлмесі:- Сәлеметсіз бе.
- Сәлеметсіз бе, бір жолғы екпе припивкасына келдік.
Қане келе ғой балақай, карточкаңызды беріңіз тіркеп алайын. Апа 3 күнге дейін суға түсірмейміз, кешке қызуы көтерілсе парацетамолдан бір түйір ішкізіңіз. Жарай ма?
- Жарайды.
- Сау болыңыз!
- Рахмет сізге.
- Ем болсын!
Дәріхана:
- Сәлеметсіз бе! Қандай көмегім қажет?
- Сәлеметсіз бе? Сізде парацетамол дәрісі барма.
- Мінеки дәріңіз, 50 теңге тұрады.

Ем болсын, ауырмаңыз!
- Рахмет пейіліңізге, сау болыңыз!
Қабылдау бөлмесі: (Телефонмен сөйлеседі.)
- Сәлеметсіз бе? Алло емхана, қабылдау бөлмесі.
- Сәлеметсіз бе? Баламның қызуы түспей қатты ауырып тұр.
- Аты жөні?
- Туған жылы, айы, күні?
- Қай көшеде тұрасыздар?
- Айтуған Әлмансұр.
- 03. 01. 2010жыл.
- Біржан сал №110
- Қазір мен дәрігерін үйіңізге жіберемін.(бала дәрігеріне карточкасын шығарып береді)

Бала дәрігері:
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлеметсіз бе? Сізге Біржан сал №110 үйден шақырту түсіп тұр.
- Жарайды қазір шығамыз.
- Машина дайын тұр.
- Қане жиналайық.
Машинамен шақыртуға барады.
- Ассалаумағалейкүм.
- Ассалаумағалейкүм, сіздерді көшені таба алмас деп сыртта күтіп тұр едім.
- Анасы: амансыз ба, баламның қызуы көтеріліп, ауырып тұр.
- Келе ғой балақай көріп жіберейін, градусникті қояды. Апа балаңыздың ангинасы көтеріліп тұр, қызуы сондықтан шығар.
Анасы: Кеше балам далаға жеңіл киініп шығып кетіпті.
Дәрігер: Балақай қыс мезгілінде жылы киініп жүру керек, суық су ішпейміз, анаңның айтқанын тыңдауымыз керек жарай ма?
Бала: жарайды анамның айтқанын орындаймын.
- Апа дәрілер жазып берейін, медбике қазір дәрі егеді, күніне екі рет емін алып тұрыңыз. Аузын шаюды ұмытпаңыз. Дәрілер арасына жазып қойдым.
- Жарайды уақытылы салып тұрамыз.
- Балақай тез жазылып кетуіңе тілектеспін. Сау болыңыздар. Уақытылы ем алып болғасын бір көрініп кетіңдер емханаға.
- Жарайды сау болыңыз!
- Папасы: мен сендерді шығарып салайын есік алдына дейін. Сау болыңыз.
Балалар ойын сендерге ұнады ма? Маған бүгін бәріңнің ойындарың, іс - әрекеттерің ұнады, жарайсыңдар, әсіресе Раяна Меруерт, Дамир, Ринат. Бүгін сендердің іс - әрекеттеріңді бақылау үшін, күнделікті денсаулығымызды тексеріп тұратын дәрігер апайымыз Анар апайымыз келіп отыр. Анар апайға сөз берейік. Анар апай мені балаларымның ойыны сізге ұнады ма?
- Балалар ойындағы іс - әрекеттерің өте ұнады, мен ризалығымды білдіріп сендерге бүгін мынандай дәрумендер ала келдім, сендерге көп күш береді.
- Рамет Анар апай.
Балалар ендеше Анар апайымызға, барлық дәрігерлердің еңбегіне табыс тілеп, білетін тақпақтарымызды айтайықшы.
Раяна: Нәр алып жылы сөзіңнен,
Жақсарып келем жалындай.
Шипалы сөзің, еміңмен,
Көктемгі жасыл жайлаудай.
Меруерт: Адалдық ақ жол сеніммен
Алғысын көптің ала бер.
Ақжарқын адал көңілмен
Сырқаттың жайын таба бер.
Күш – қуат алып өмірден,
Қартайма, лаулап жана бер.
Осымен ойынымызды аяқтап, күннің екінші жартысында тағы да ойнайтын боламыз.

Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:
аурухана туралы балалар білетін түсініктерін еске түсіреді;
Түсінеді: дәрігерлердің түрлі салаға бөлініп, қызмет ететіндіктерін түсінеді;
Қолданады: рөлдерге бөлініп ойнау арқылы дәрігер еңбегін бағалап, үйренеді, олардың қиын жұмыстарына құрметпен қарайды.
7 325
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Емхана
Емхана
Балалардың дәрігер еңбегіне бақылау жасау арқылы олардың іс - әрекетін рөлдерге бөліп ойнауға үйрету. Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін сезіне білуге дағдыландыру, ойын арқылы баланың білім деңгейін жандандыра
Сюжетті рөлді ойын «Аурухана»
Сюжетті рөлді ойын «Аурухана»
Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін таныстыру. Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұжымдық ойнауға тәрбиелеу.
Жаздық киімдер
Жаздық киімдер
Жаздық киім түрлерімен таныстыру. Жаздық киімнің айырмашылығын байқап айтып беруге, маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Өзіне - өзі қызмет ете білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Мазмұнды сюжеттік ойын "Дәрігер"
Мазмұнды сюжеттік ойын "Дәрігер"
Баланың сөздік қорын молайту, бір - біріне деген жағымды қарым - қатынас жасау, ой - қиялын одан әрі дамыту. Ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып тәрбиелеу. Ойын кезінде ақ халатты абзал жандардың игі еңбегіне деген
Аурухана (сюжеттік - рөлдік ойын)
Аурухана (сюжеттік - рөлдік ойын)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №13 "Ертөстік" бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі Лашын Сандуғаш Маханқызы
Сюжеттік - рөлдік ойын «Дәрігер»
Сюжеттік - рөлдік ойын «Дәрігер»
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок"бала - бақшасының тәрбиешісі: Балдырова Бахыт Мейрамовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×