Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Берекелі күз!

09 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
«Аққу» 2 - кіші тобындағы ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Оқу іс - әрекет түрі: Экология негіздері
Тақырыбы: Берекелі күз!
Мақсаты: а) білімділік: Балалардың күз туралы түсініктерін молайта отырып, күз мезгілі туралы толық мағлұмат беру. Ойындарда өз күштерін сынап көруге ынталандыру.
ә) тәрбиелік: Табиғат өзгерістеріне мән беруге және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Тілдік қорын молайту, көңіл - күйлерін көтеру, ой - өрістерін молайту.
Көрнекіліктер: күз суреттері, бау - бақша, көкөністер, жемістер суреті, алма ағашы
Билингвалды компонент: Күз - осень - autumn

Мотивациялық қозғаушы
Музыка әуені жүріп тұрады.(Жел, жаңбырдың жауып тұрғаны, найзағай дауысы шығады) Көз алдымызға күз мезгілі дегенде нелер елестейді, балалар.
Слайд ашылады. Күз суреттері

Күз мезгіліндік жеміс - жидек, көкөніс бидай пісіп орады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, айнала сарғаяды, жапырақтар сарғайып талдан түседі.

Іздену - ұйымдастырушылық Балалар, қараңдаршы, біздің айналамыз қандай әдемі. Күзде сонымен бірге биыл біздің балабақшамызда ғажайып алма ағашы өсіпті. Оның діңгегі қайыңдыкы, жапырағы теректікі. Бұл сиқырлы жұмбақ ағашы сияқты. Қандай алманы жұлып алсақ екен. Балалар алманы жұлып алады. Бұл алмада қандай құпия сақталған екен. Шешіп көреміз бе?
1 - алма тапсырмасы
Дүкендерге түседі
Астық пісіп, орақ түсіп
Қырман дәнге толады
Айтыңдаршы балалар, бұл қай кезде болады?(Күз)
2 - алмадағы тапсырма: Шықса көк, түссе сары ол не?(Жапырақ)
Әрі, қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты.(Алма)
3 - алмадғы тапсырма:
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (Пияз)
Осы кезде музыка ойнайды, тыныш - тыныш балалар! Мен бір дыбыс естіп тұрмын. Біреу асығып келе жатырған сияқты.
Орманшы атай кіреді.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен орманшы атаймын. Мен ормандағы жеміс - жидектерді, ағаштарды күзетемін. Орманннан шаршап келе жатырмын, күз мезгілі туралы не біледі екен деп көрейін деп келдім. Келіңіз, ата, отырыңыз. Қош келдіңіз!
Дидактикалық ойын: «Көкөніс пен жеміс жинау»
Ойын шарты: Бау - бақшада өсетінжемістердібір бөлек, жерде өсетін көкөністерді бір бөлек топтастыру. Балалар енді карточкаларды суырып 2 орталыққа бөлінейік.
Әлеуметтік орталықта Күз туралы билингвалды компонент
Күз - осень - autumn
Күз мезгілі туралы ертегі айтылды.
Ертегі кейіпкерлерін саусаққа киіп балалардың қызығушылығын арттырдым.

Сергіту сәті слайд тақтасына қарап видео ролик көмегімен жасау.
Шығармашылық орталықта балалар бұлттың суретіне аквариумға мақта тәрізді тамшы ізі бар құралды батырып бұлт тамшыларын салады.

Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
«Жаңақала аудандық балалар бақшасы»
МКҚ кәсіпорын тәрбиеші: Адиетова Л. Е.
Берекелі күз! жүктеу
2 676
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Берекелі алтын күз
Берекелі алтын күз
Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу
Күз мереке, күз береке
Күз мереке, күз береке
Күз мезгілінің мерекелі, берекелі екенін ұғындыру, жемістер мен көкөністерді ажырату, пішінін ажыратуға үйрету, күз ерекшелігі туралы түсінігін кеңейту. Сөздік қорын дамыту.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Көкөністер мен жемістер
Көкөністер мен жемістер
Қызылорда қаласынының №267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Арихова Ләйлә Жәкебайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×