Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Армысың, Жаңа жыл!

21 желтоқсан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Армысың, Жаңа жыл!
«Армысың, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық кештің жоспары:
1 сыныптар
Бағдарламада:
Қатысатындар:
Жүргізуші: Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы
Шал: Жалғасбаев Мирас – 7сынып
Алтын балық:
Кемпір:
Ұлу: -
Уақыт:
Көктем:
Жаз:
Күз:
Қыс:
Жылан:
Аяз ата:
Ақшақар:

Музыкалық нөмірлер:
1) Ән: «Ертегілер елінде»
2) Би: «Үнді биі»
3) Би: «Жыл мезгілдері»
4) Би: «Қуыршақтар биі»
5) Би: «Ақшақарлар биі»
6) Ән: «Жаңа жыл»
7) Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
8) Би: «Ча - ча - ча» 1Д бишілері
9) Ән: «Шалқар жастары»

Ойындар: 1) «Алдау»
2) «Кім шапшаң?»
Хоровод: 1). «Орманда шырша туыпты»
2) «Зырлайды шанамыз»
3) «Аппақ, аппақ, жапалақтап»
4)«Жаңа жыл»
Қажетті заттар: 1) Аяз ата қалтасына тәттілер
2) Құмыра, балық аулайтын ау
3) 2 батарея микрофонға
4) видео, фотоаппарат

Армысың жаңа жыл!
Фанфары
Жүргізуші:
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Жүргізуші: Ендеше бүгін әсем шырша жанында жаңа жылды қарсы алу мерекесіне келген балдырғандарымызды қарсы алайық.
(Музыка ырғағымен сахнаға балалар шығады)
Жүргізуші: Бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін көтеріңкі көңіл күй мен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
4ВАрмысың, аманбысың Жаңа жылым
Жаңа жылым, о менің жаңа жырым
Ей, Жаңа жыл, жаңа бақыт, ырысым
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.

Алида: Кел Жаңа жыл, төрле, төрле жеріме,
Құт, береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.

Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға,
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.

Әнуар: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышты келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Исатай: Мерекеміз жаңа жыл,
Тойында қызық думан бар!
Жаңа жыл - бұл жаңа өмір,
Сайранда туыс - туғандар!
Бақытты болып жыл сайын,
Осылай басты қосайық.
Ашық боп аспан әрдайым,
Тыныштық тойын жасайық!
(Теңіз суының толқынының дауысы естіледі)

Жүргізуші: Балалар, бұл ненің дауысы?
Балалар: Судың
Жүргізуші: Сылдырлап аққан су, толқыған теңіздің дауысы сияқты. Біз өзімізді теңіз жағасында жүрміз деп елестетейік. Ол жерде нендей қызықтар болар екен? Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық.
Ән: «Ертегілер елінде» ---------

Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде, ескі бір жер үйде 33 жыл шал мен кемпір өмір сүріпті. (Осы сәтте ортаға шал шығады) Жағдайлары да мәз болмапты. Балық аулап күнелтіпті. Шалдың ауына балық түспегеніне көп айдың жүзі болыпты. Жейтін тамақ жоқ. Үйге барса кемпірі айқайға басып шалдың мазасы кетіпті. Бір күні шалдың ауына бір балық түсті - ау әйтеуір. Шал қуанып:
Шал: О, жаратқан! Тілегімді орындады - ау әйтеуір. Кемпірім қуанатын болды. Бүгін енді тойып тамақ жейтін болдық.
Жүргізуші: Дей бергені сол еді, балыққа жан бітіп, сөйлей жөнелді. Сөйтсе балық жай балық емес, алтын балық екен. Адам құсап жалынып, тіл қатыпты:
Балық: Жібере көр мені, қарт. Еңбегіңді жемеймін, қалауыңды айтсаң болды, не айтсаң да орындаймын.
Шал: Ештеңенің де керегі жоқ. Бара ғой жолың болсын.
Жүргізуші: Шал не болғанын өзі де түсінбей, балықты жіберіп, кемпіріне келді.
Шал: Кемпір - ау, кемпір. Қызық бір оқиғаның куәсі болдым. Ауыма бір балық түсіпті. Өзі жай балық емес, сөйлеп тіл қатты. Мені жіберші, тілегіңнің барлығын орындаймын деді. Сөйтіп балықты суға жібере салдым.
Кемпір: Ой алжыған шал! Жаңа жыл болса таяп қалды. Үйде не жейтін тамақ жоқ. Екеуміз де қартайдық. Ең болмаса биылғы жылды жақсылап, өзімізше көңіл көтеріп өткізейік та. Бар теңізге алтын балықты шақырып ал да, шырша сұра. Өзі әдемі болсын, жарқырап тұратын болсын.
Шал:(Теңізге келіп) Балық - ау, алтын балық! (Осы кезде балық келеді) Кемпіріме шырша керек екен. Өзі әдемі, жарқыраған болса екен дейді. Жаңа жылды жақсылап шырша жанында қарсы алғысы келеді.
Балық: Қартым. Үйге алаңдамай бара бер. Тілегің орындалады.
(Шал үйіне келсе, әдемі шырша тұрады. Кемпірі ұйықтап жатады.)
Шал: Кемпір, ай кемпір. Тұр. Мына ғажапты қара. Алтын балық тілегімізді орындады.
Кемпір: Ой, құрғыр шал! Адамға ұйқы бермедің ғой.
(Ұйқысын ашып, шыршаны көреді)
Кемпір: Міне, ғажап! Мыналар кімдер? (балаларды көрсетіп)
Бала: Амансыздар ма ата, әже. Бізді алтын балық сіздермен бірге Жаңа жылды тойласын деп жіберді.

Жүргізуші: Ата, әже. Не істеп тұрмыз? Ендеше балалармен бірге көңіл көтерейік.
Бала: Дұрыс қой. Бірақ әсем шыршамыздың шамдарын жарқыратап жағып алсақ қалай болады?
Жүргізуші: Дұрыс айтасың балақай.

Тауда тұрып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Бәріміз бір дауыспен,
Дейік енді шыршаға.
Қуант, бізді таңырқат.
Шамдарыңды жарқырат.
(Осы сәтте шырша шамы жанады)

Әділет: Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Жүргізуші: Шыршамыздың құрметіне ән салайық.
Хоровод:«Орманда шырша туыпты»
Орманда шырша туыпты,
Орманда өсіпті.
Қысы - жазы бой көтеріп,
Жап - жасыл болыпты.
Енді ол болып көрікті,
Қонаққа келіпті,
Және көптеген қуаныш,
Балаларға беріпті.
Аппақ қоян, қорқақ қоян,
Шырша астында жатыр.
Ашулы қасқыр, аш қасқыр,
Аңдып оны жатыр.

№5 орта мектеп
Өткізген: Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 428
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі. Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін міне, 1 сынып оқушыларының жаңа жылды қарсы алуға арналған «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×