Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақша - тәрбие мекені

14 желтоқсан 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Балабақша - тәрбие мекені

Мақсаты: Бала тәрбиесінде балабақшаның алатын орны ерекше екенін жеткізу. Ата - аналардың бала және балабақша өміріне қызығушылығын арттыру мен қатар тәрбиешінің жасаған жұмысының қиын әрі мол жауапкершілікті, ыждахаттылықты талап ететін маңызды мамандық екенін түсіндіру.
Ата - аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата - аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн.
М. Жұмабаев

Халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» демекші, бала тәрбиесіне сонау заманнан бері аса көңіл бөлген. Дүние есігін ашқан әрбір нәресте отбасында ата мен әженің, әке мен шешенің, бауырлардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі. Отбасында берілетін тәрбие әр отбасында түрліше, өздерінің қалыптасқан отбасылық құндылықтары арқылы, үлкендердің өмір жолдары арқылы тәрбиеленеді. Ал білім мен тәрбие беретін орындарда жаңашылдық пен заманауилықты ұштастыра отырып, ел ертеңін тәрбиелеуге үлкен жауапкершілік танытылады. Ары қарай өмірдің өсу сатысында білім мен тәрбие ұйымдарында қалыптасқан бір ізділік жүйе арқылы өз көзқарастарын қалыптастырып, «Мен»- і танылып, жеке тұлға ретінде қоршаған ортада өз орындарын табады.
Мақалаға арқау болып отырған тақырыпқа тоқталатын болсақ, балабақша тек бүлдіршіндердің келіп - кететін мекені болмау керек. Ал, ата - ана үшін бала - бақша өз жағдайларын жасап, баламыз жұмыс жасауға кедергі болмасын деген ниетте балаларын кешке дейін апарып тастайтын орын болмау керек. Осындай көзқарастар қалыптаспас үшін балабақша жұмысының, ұжым ауызбіршілігінің мықты болуы абзал.
Бүлдіршін бақшаға - достарымды көрем, үйде еш ойналмайтын қызық ойындар ойнаймын, ешкім білмейтін тек тәрбиешім ғана білетін қызықты ертегілерді тыңдаймын, әндер үйренемін деп, қызығып келетін шуақты мекеніне айналуы керек.
Ал, бала жүрегінде осындай орын алып, балабақшаға демалыс күндері де сәби жүректерін алып ұштырып тұратын деңгейге дейін жеткізетін ол әрине - балалардың бағбаны - тәрбиешілер болып саналады. Бір тәрбиеші - бірнеше баланың өміріне жауапты болғандықтан, ешқандай атүстілік танытпау керек, немесе кешке дейін жұмыс уақытын өткізіп, күн көрістің қамын ойламау керек. Әрине, үлкен жауапкершілік пен мейрімділікті қажет ететін мамандық болған соң тәрбиеші болу кез - келгеннің қолынан келе бермейтін нәзік кәсіп иесі деп білеміз. Күнделікті сұранысқа ие кең мамандық болмағанмен, өмірге келген әрбір бүлдіршіннен ел азаматтарын тәрбиелеп шығару үшін қай кезде де қажет, ешқашан керектігі мен қажеттілігі жойылмайтын тұрақты мамандық деп білемін.
Бақшадағы оқу іс - әрекеттер негізінде бала тілін дамытып қарым - қатынасқа икемдейді, жапсыру, мүсіндеу арқылы шығармашылығы дамып, түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімдейді, қоршаған ортада не жақсы? не жаманды? өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды үйренеді, сонымен бірге шынығып, шымыр да сымбатты болып өсуі жолында да 5 білім беру саласы бойынша берілетін осы балабақша жұмысының берер жемісі жоқ емес. Бақшадағы мамандардың да, өз деңгейде әрқайсысының талапқа сай еңбек етуінің өзі жетістікке жол болып табылады. Тәрбиеші күннен - күнге білімін жетілдіріп отырумен қатар, өмірлік тәжірибелерді де белсене пайдалана білу керек. Қазіргі таңда баланың санасы мен зейініне тікелей әсер етіп, баланың тез арада қызығушылығын арттыратын нәрсе техника екені ешкімге де жаңашылдық емес.
Болашақтың қақпасы - әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс.
Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан - жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін.
3 221
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата- ана баласымен бақытты
Ата- ана баласымен бақытты
Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген сөз бар.
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата - ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі –
Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде
Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жайпақ ауылы. Қабдығалиева Азия
Балалық шағың - патшалық тағың
Балалық шағың - патшалық тағың
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының әдіскері Изтаева Айтолқын Әділханқызы
Отбасы тәрбиесі - қоғам негізінің бастауы
Отбасы тәрбиесі - қоғам негізінің бастауы
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы Қуат Терібаев атындағы орта мектебі Шермұхан Ләззат
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×