Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қонақтарды күтеміз (күнделікті сабақ жоспары)

03 қаңтар 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Коммуникация
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Апта тақырыбы: Өзім туралы
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз
Мақсаты:
А) Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету, ыдыс – аяқ түрлерімен таныстыру.
Ә) Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру; Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.
Б) Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ыдыс - аяқтар – посуды, ас үй – кухня, асхана – столовая.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, мазмұнды – рөлді ойын құрадары, ыдыс – аяқтардың суреттері, гүлдер.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

Ұйымдастырушы
ізденуші Гүл шоғы» ойынын ойнату.
Мақсаты: балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Қолданылуы: Ортада тұрған құмыраға өз есімдерін айтып, қолдарындағы гүлдерін салады.
- Балалар бұл не?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Енді не істейміз бұл гүлді?
- Балалар сендердің үйлеріңе қонақтар жиі келе ме?
- Сендер үйге келген қонақпен қалай амандасасыңдар?
Дұрыс балалар, амандасамыз, қал - жағдайын сұраймыз.
Үстел басына шақырамыз.
- Үстелге не төсейміз?
- Дастарқанға не қоямыз?
- Тағамдарды неге саламыз?
- Ыдыс – аяқтардың қандай түрлерін білесіңдер?

Жарайсыңдар балалар, осы ыдыстардың түрлерімен жақын танысу мақсатында біз қазір сендерге күнде дәмді тағам дайындайтын аспазшыға саяхат жасайықшы.

- Сәлеметсіз бе аспазшы?
- Балалар мен сендерді ыдыс - аяқтардың түрлерімен таныстырамын.
Кастрөл – ет, сорпа дайындауға арналған үлкен ыдыс.
Шәйнек – шай ішуге арналған, оның ішіне сендер күнделікті ішетін сок немесе кисель құюға болады.
Таба – жұмыртқа пісіруге, рожки, картоп пісіруге арналған.
Тәрелке – дайын тағамды салуға арналған.
Кесе – шай ішуге.
Қасық – тамақ жеуге.
Шанышқы – тамақ жеуге арналған.
Қасық тәрелкенің оң жағында, ал шанышқы сол жағында тұруы тиіс.
Пышақ – нан кесуге, ет турауға арналған. Пышақты балаларға қолдануға болмайды.
Ыдыстардың түрлеріне тоқталу:
Дидактикалық ойын:
«Түріне қарай топтастыр»
Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Шарты: Үш бала қатысады. Қысқы киімдер, ыдыстар, үй жиһаздарын ажыратып жинау керек.

Сергіту сәті:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз

Рефлексивті коррекциялаушы
Қол ұстасып құрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау – саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: ыдыстарды және олардың атқаратын қызметін білуі;
Игереді: жаңа сөздерді, ізгі сөздерді айтуды;
Меңгереді: ыдыстардың түрлерін ермексазбен мүсіндеуді, субояқпен бейнелеуді.
Қонақтарды күтеміз жүктеу
Уақыт пен кеңістікті бағдарлау жүктеу
Үлкенге құрмет, кішіге ізет жүктеу
Өзім туралы жүктеу
Алма бағы жүктеу
Жемістер мен көкністер жүктеу
Нешінші? Саны бойынша қайсысы? жүктеу
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер жүктеу
Көкөністер жүктеу
Аквариумдағы балықтар жүктеу
Қамқорлық жүктеу
Қамқорлық жүктеу
Табиғат бұрышы жүктеу
Өзіңе және өзгелерге көмектес жүктеу
Дос іздеген бота жүктеу
Ит – адамның досы жүктеу
Балалар жаттығу жасайды. жүктеу
Үш дос жүктеу
Жақсы бала, қандай бала жүктеу
Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру жүктеу
Жасыл әлем жүктеу
Әдемі көйлек жүктеу
Үй жүктеу
Үлкенге құрмет, кішіге ізет жүктеу
Өзім туралы білгім келеді жүктеу
4 686
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Мысықай - пысықай, сен Мақта қыздың сүтін тағы да төгіп алдың ба?
Ыдыс - аяқтар
Ыдыс - аяқтар
Балалар қараңдаршы, біз үлкен шеңбер құрып тұрмыз. Ал мына үстел үстіндегі шеңберге назар аударайықшы?
Ыдыс - аяқтар
Ыдыс - аяқтар
Кесе, шыны, пияла Оларсыз шай құя ма? Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді? (Ыдыс - аяқ)
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
Қонақтарды күтеміз. Буынға бөлу
Қонақтарды күтеміз. Буынға бөлу
Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: ас үйлік, асханалық). Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметтік ұғындыру.
Ыдыс - аяқ
Ыдыс - аяқ
Ыдыс - аяқтар туралы түсініктерін толықтыру. Асхана құралдары, оның ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын түсіндіру (түсті, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалатындығы, жасалуы т.) оларға бағдар жасауға үйрету. Оларды сақтау ережелерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×