Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кемпірқосақ жолдармен даярлық тобына көтерілеміз

08 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қорытынды сабақ ересек тобы
Білім беру саласы: Қатынас, таным.
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, тіл дамыту.
Тақырыбы: Кемпірқосақ жолдармен даярлық тобына көтерілеміз
Мақсаты:
1) Балаларға жыл бойы өтілген оқу іс – әрекеттеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білімі – білік дағдыларын сараптау
2) Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру
3) Ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: суретші, жеті түрлі – түсті хатқалта, слайд, үнтаспа, текшелер, әріптер, сандар
Сөздік жұмыс: хатқалта
Билингвальды компонент: кемпірқосақ – радуга – rainbow

Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбер.
Арайлап бүгін атты күн,
Шашып бізге шапағын.
Тілейміз сізге ақ таңның,
Қуанышын, шаттығын.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Қуанышты күн бүгін!

- Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Хэлло!
- Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы: «Кемпірқосақ жолдармен даярлық тобына көтерілеміз».
Тосын сәт: суретші келеді (қолында бояулар мен қылқалам).
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?
- Дұрыс айтасыңдар! Мен сендерге әдемі сурет салып алып келдім. Міне қараңдар! (интерактивті тақтада кемпірқосақтың суреті шығады)
- Бұл не?
Билингвальды компонент: кемпірқосақ – радуга.
Тәрбиеші: - Балалар, сендер даярлық тобына көтергілерің келеді ме? Бұл жай сурет емес, кемпірқосақ жолдары сендерді даярлық тобына апарады.
Кемпірқосақ сөніп қалады.
Суретші: - Ой, не болды? Менің суретім қайда? Енді қалай даярлық тобына өтеміз? Ересек тобында қалып қоятын болдық, өйткені мен бұл суретті қайта сала алмаймын. Себебі кемпірқосақтың түстерінің ретін білмеймін.
Тәрбиеші: - Жоқ, жоқ, бізге даярлық тобына көшу керек. Біз балалармен бірге саған ретін есіңе түсіруге көмектесеміз.
Суретші: - Жарайды.
Тәрбиеші: - Көмектесеміз ба?

Ұйымдастыру - шылық – ізденістік
Сол кезде суретші қалтасынан (сөмкесінен) жеті түрлі – түсті хатқалта алып шығады да тәрбиешіге береді:
- Балалар, бұл кемпірқосақты өз қалпына келтіру үшін мына тапсырмаларды орындау қажет. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін. Іске сәт, мен кеттім!
Суретші шығып кетеді.
Сөздік жұмыс: хатқалта сөзінің мағынасы – конверт.
Тәрбиеші: - Балалар, кемпірқосақ неше түстен тұрады? Сол түстерді атап беріңдерші!

- Қай түстен бастаймыз?
1 тапсырма (қызыл хатқалта):
- жыл мезгілдерін атап бер
- көктем мезгілін сипатта, әңгіме құрастыр
Жұмбақ:
- Қар, мұз еріп, су көбейіп
Сай - салада ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Балаларым, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
- Көктемде неше ай бар? Атап беріңдер.
- Мына суретке қарап көктемнің ерекшеліктерін айтып беріңдер.
- Тағы қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
- Жарайсыңдар!
Кемпірқосақтың қызыл түсті жолы жанады.
2 тапсырма (қызғылт-сары хатқалта):
- дыбыс туралы айтып бер
Үнтаспадан әртүрлі дыбыстар шығады.
- Балалар бұл не? - Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Астана қаласы
МКҚК № 44 «Үркер» балабақшасының тәрбиешісі
Сарыбаева Гулжамал Үскенқызы
Кемпірқосақ жолдармен даярлық тобына көтерілеміз жүктеу
2 410
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Е. Елубаев. Бұршақ. Кемпірқосақ
Е. Елубаев. Бұршақ. Кемпірқосақ
Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Өз бетінше, топта жұмыс нәтижесін көрсете білуге жетелеу. Ойлау, сөйлеу, көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту. Бірлікке, білімпаздыққа тәрбиелеу.
Себеттегі алма
Себеттегі алма
Балаларды бір - бірін қалқалап тұрған заттардың суретін дұрыс бере білуге және дәстүрден тыс жолдармен орындауға үйрету; саусақпен алмалардың суретін салу. Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Кемпірқосақ сыры
Кемпірқосақ сыры
Балаларға кемпірқосақ туралы түсінік беру, пайда болу жолын түсіндіру, түстері туралы айту. Түстердің қосындылары туралы мағлұмат беру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру, сурет салуға ынталандыру.
Ғажайып математика
Ғажайып математика
Ақ балапан Сары балапан Шұбар балапан Қара балапан Барлығы неше балапан?
Кемпірқосақ
Кемпірқосақ
Сабақтың тақырыбы: Кемпірқосақ
Кемпірқосақ (Менің ауылым номинациясы)
Кемпірқосақ (Менің ауылым номинациясы)
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каирова Айдана Арманқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×