Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйректер мен бақалар /ІІ кіші топқа арналған 8 - наурыз мерекесінің ертеңгілігі/

19 қаңтар 2019, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Үйректер мен бақалар /ІІ кіші топқа арналған 8 - наурыз мерекесінің ертеңгілігі/
Балалар музыка ырғағымен залға кіреді, жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған,
Бақыты үшін баланың,
Аман сау бол, ақ мамам,- деген әдемі әндер балалардың аузынан түспей мәңгі айтылы берсін.
- 8 наурыз бүгінгі – халықаралық әйелдер күні, жылдың басқа мезгілінде болуға қисыны келмейтіндей. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды. Аяулы аналар, құрметті апалар, әжелер! Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға қуаныш пен амандық тілейміз.
- Ал сендер, балалар, аналарың мен апаларыңның мерекелерімен құттықтауға дайынсыңдар ма? /ия/

1. Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыңдар, қасиетті аналар.

2. Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

3. Достықты да біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз,
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін ойлаймыз.

4. Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Мен үшін не керек -
Бәрін іздеп табасың

5. Қуанышы ананың -
Қуанышы баланың,
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың.

6. Мен деп кірпік қақпаған,
Менсіз тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман сау жүр, ақ мамам.

Ән «Ақ мамам»
/орындарына отырады/
Жүргізуші:
- Мінеки біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерінің аналарын қалай жақсы көретіндерін білдірді. Енді аналардың өздерінің балаларын қаншалықты жақсы көретіндерін біз қазір «Өз балаңды тауып ал» деген ойын арқылы байқап білеміз.
Ойын «Өз балаңды тауып ал» /2 рет/

Жүргізуші:
- Біздің аналарымыз да өз балаларын өте қатты, жақсы көреді екен. Балалар, бүгін бізде аналарымызбен қатар апаларымыздың - әжелеріміздің мерекесі. Сондықтан балалардың жылы лебізін тыңдайық:
1. Сенен өскен балалар,
Бақыттылар, даналар,
Құттықтаймыз сіздерді,
Құрметті әже, апалар.
Үйректер мен бақалар /ІІ кіші топқа арналған 8 - наурыз мерекесінің ертеңгілігі/ жүктеу
3 352
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Келді,көктем құлпырып
Келді,көктем құлпырып
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×