Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


З және С дыбысы

13 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Өскемен қаласы,
«Балдаурен» шағын орталығының тәрбиешісі
Чокубаева Маржан Куанышпековна


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «З» және «С» дыбысы
Мақсаты: Балаларды әр түрлі дауыстату арқылы «З» және «С» дыбыстарын сөздер мен сөйлемдер арасында дұрыс, таза айта алуға, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту. Достыққа, мейірімділікке, көмекшілдікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: маса, насос (сорап, сорғыш)

Іс-әрекеттің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Себепті-оятушылық
Жиналайық шеңберге,
Қол ұстасып достармен.
Айналамыз шеңберде,
Әсем күлкі сыйлаумен!
Тәрбиеші балаларды «Әсем күлкі сыйлайық» атты шаттық шеңберге тұрғызады. Тәрбиешімен қосылып, балалар өлеңді хормен айта отырып, шеңберге жиналады. Балалар қол ұстасып, оң жағында тұрған көршісінің көзіне қарап, бірнеше жылы сөздер айтып, мадақтайды. Жылы сөз естіген бала, алғысын айтып, әсем күлкісін сыйлайды.

Ұйымдастыру-іздеушілік
Бөлме есігін тоқылдатады.
- Балалар бұл нендей дыбыс болды екен?
Бөлмеге сиыр кіріп, балалармен амандасады.

Сиыр: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендердің бүгінгі сабақтарыңа көмек сұрай келдім. Мені таныдыңдар ма? Менің төлдерім кішкене бұзауларым «анаңның аты кім?»- десе «иыр», ал біз «бұаумыз» дейді. Ондай сөз болмайды ғой. Менің бұзауларым «с» мен «з» дыбыстарын айта алайды. Көмектесіңдерші, оларға қалайша осы дыбыстарды дұрыс айтуды үйретсем болады?

Тәрбиеші: - балалар олай болса, қонағымыздың өздеріңмен бірге қастарыңа отырғызып қояйын да, сендерге «тіл» туралы әңгіме айтып берейін. Тіл өзінің үйінде өмір сүріп жатыпты. Ал оның үйі - ауыз деп аталапты. Үйі бірде ашылып, бірде жабылады (балалар ауыздарын ашып, жауып көрсетеді). Тіл үйінен бірде шығып, бірде кіреді. (тілімізді шығарып көрсетеміз). Тіл әр түрлі өлең айтқанды ұнатады екен. Бір күні ол «и-и-и» деп, әнге салыпты. Қанеки бәріміз бірге сол тілдің әнін салайықшы. Бір күні тілге насос келеді (насоспен жұмыс). Ол былай деп дыбыстайды екен. «с-с-с-с-с-с».

–Қандай дыбыс естіп тұрмыз? Насос тілге осы дыбысты үйреніп алуды өтініпті. Сол кезден бастап, тіл «С» дыбысын айтуды үйреніп алыпты. Қанеки бізде насостың өлеңін орындайықшы.
Сергіту сәті :«Насос» ойыны. Балалар қазір бәріміз бір сәтке насосқа айналамыз. Мен насос қатты өлең айтты десем «қатты» дыбыстаймыз, насос ақырын өлең айтты деген кезде «ақырын» өлең айтамыз.
Балалар мен насостың өлеңін ақырын және үздіктеп айтсам, ерінімнің маңайында жел билеп жүрген сияқты. Қолымызды ауызымызға жақындатып қойып, насостың өлеңін айтып көрейікші. (Кейін қағазды қойып демонстрация жасалынады. Балалар қағаздың «с» дыбысын айтқанда қозғалатындығын аңғарады. Демек «с» дыбысын айтқанда ерініміздің маңайында жел билейді деген қорытынды жасайды).
Бір кезде бөлмеге «ызылдаған» маса ұшып кіреді.
- Балалар бұл не?
- Маса
- Ол қандай өлең айтып жүр?
- «з-з-з-з-з-з-з-з»
- Ендеше тілімізге масаның да өлеңін үйреніп ал деп айтайық. Қанеки бәріміз бірге масаның өлеңін айтып көрейік.
- Масаның өлеңін айтқанымызда тілімізді тісімізге тигізеді екенбіз.
«Маса» ойыны: балалар екі топқа бөлінеді. Бір топ масалар, ал екінші топ балалар болады. «Балалар далаға серуенге шықты» дегенде балалар орындарынан тұрып, бөлме ішінде жүреді. «Кеш батып, масаларда далаға шықты» деген сөзден кейін масалар балаларды шағып алу үшін оларды қуып жетуге тырысады. Ал балалар өздерін ұстатпай үйлеріне кіріп үлгерулері керек.

Қорытынды - түзетүшілік

- Сонымен балалар менің сендерге айтып берген әңгімем ұнады ма?
- Әңгіме не туралы болды?
- Тіл қандай өлеңдерді айтуды үйренді?
- «С-с-с» ненің өлеңі?
- Ал «з-з-з» ше?
Ал бүгінгі келген қонағымыздың аты қалай еді?
- Сиыр қандай дыбыстан басталып тұр?
- Тағыда қандай сөздерді білеміз «с» дыбысы кездесетін?
- Ал бұззззау деген сөзде қандай бүгін танысып өткен дыбысты ести аламыз?
- Басқада қандай сөздерде «з» дыбысы кездеседі?
- Ал, қонағымыз сиыр сен біздің балалар қалай «з» мен «с» дыбысын анық, нақты дыбыстауды үйренгенің көрдің, енді сссссенде дәл оссссылай бұзззззауларыңа үйрет.
Балаларға рахметін айтқан сиыр, сыйлыққа ала келген сүт беріп кетеді.
Сабаққа белсене қатысқан балаларға кішкене бұзаулардың суреттері естелікке таратылып беріледі.
Үміттенген нәтиже:

Білу: Әр түрлі дауыстау арқылы «З» және «С» дыбыстарын сөздер мен сөйлемдер арасында дұрыс, таза айта алу; сұрақтарға толық жауап қайтара білу
Нені біледі: Балалар з мен с дыбысы сөздің басында, ортасында және аяғында кездесетіндігін; насос пен масаның дыбыстауларының «з» мен «с» дыбысына ұқсайтындығын
Түсінеді: Көмек сұрап келген қонаққа көмек көрсету керектігін;
9 376
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көліктер
Көліктер
Сөз бен сөз тіркестерін (қонжық машинада отыр) түсінуге үйрету.
Ыдыс - аяқтар
Ыдыс - аяқтар
Балалар қараңдаршы, біз үлкен шеңбер құрып тұрмыз. Ал мына үстел үстіндегі шеңберге назар аударайықшы?
Балабақша - базарлы үй
Балабақша - базарлы үй
Өскемен қаласы, "Балдаурен" шағын орталығының тәрбиешісі Чокубаева Маржан Куанышпековна
Отбасы
Отбасы
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Алтын күз
Алтын күз
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×