Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалардың тілдерін қалай дамыту керек?

16 маусым 2019, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Балалардың тілдерін қалай дамыту керек?
Мақсаты: Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата - аналармен бетпе - бет кездесе отырып, бала тәрбиесі, балалардың тілін дамыту жайында әңгімелесу, бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру.
Көрнекілігі: тақтаға ұлағатты сөздер жазылған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан өле өлгенше соны танып қиялдайды»

Тәрбиеші:- Құрметті ата - аналар! Біз сіздермен бүгінгі ата - аналар жиналысында кездескенімізге қуаныштымыз. Біз бен сізді байланыстырып тұрған әрине балалар. Сол балаларымыз аман болсын! Балаларыңыз сіздерді тек жақсы қылықтарымен қуанта берсін дей келе бүгінгі жиналысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. Психогимнастика «Күншуақ» жаттығу
2. Дөңгелек үстел. «Бала деген кім?»
3. «Баланың тілін дамыту» баяндама
4. Ситуациялық сұрақтар
5. Ата - аналармен бірге жаңа жыл мерекесін қызықты өткізейік
6. Қорытынды

1. Психогимнастика. «Күншуақ» жаттығу
Ата - аналар ортаға шығып дөңгеленіп тұрады. Ортада жарқырап тұрған күннің сәулесі мен жылуынан біздің ата - аналарда, балабақшаларда да жайлы. олай болса, әрқайсысымыз мына ғажап баулар арқылы күннің жылуын қабылдайық. күннің жылуын қабылдаған оң қолымызды жүрегіміздің үстіне қоялық. Күннің мейірім жылуы біздің өн бойымызға тарап, біздің жылуымыз көбейді. Енді осы жылуды қолдарымызға ұстасып, бір - бірімізге беріп үлкен шеңбер жасайық. Міне көрдіңіздер ме кішкене күннің мейірім жылуын бір - бірімізге беру арқылы үлкен күн де пайда болды. Әрдайым осындай күн шуағындай бір - бірімізді жылытып, бір - бірімізде мейірімді, сүйіспеншілікте болайық.
2. Дөңгелек үстел. «Бала деген кім?»
Даналық сөз:
«Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу – бұл біздің келешек қасіретіміз»- А. С. Макаренко т. б. Сұрақтар жасырылған алқаптағы гүлдер.
Ой қозғау: «Бала деген кімдер?»
Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне ата - аналар жауаптарын жазады. Мысалы; бауыр етіміз, болашағымыз, жанымның саясы, асыраушымыз т. б.
Біздің ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай болса, біз тәрбие үрдісіне баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек, қандай жағымсыз тілектерді баламызға тілемейміз. Мысалы, еріншектік, жалқаулық, сараңдық т. б. Біздің балаларымыздың адамгершілік, моральдік бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді. Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады. Бала өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата - ана өз баласына көп көңіл бөлу керек.
Гүл теруге шығайық!
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару). Барлық ата - аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар төңірегінде сұрақтар өрбиді.
Сұрақтар:
1. Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
2. Егер сіздікі дұрыс болмаса да балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?
3. Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?
4. Шыдамды деген не? Шыдамдылық қасиетін қалыптастыруда сіз қандай рөл атқарасыз?
5. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?. т. б

3. «Баланың тілін дамыту» баяндама, оқитын тәрбиеші - Шарапова. Т. Ш

4. Ситуациялық сұрақтар.
«Қымбат машина әңгімесі»
«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»,- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған қара машина. Келесі күні Аман жаңа машинасын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Қанат, Мансүр, Мұра қоршап алды.
- Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
- Келші көрейік.
- Жүре ме екен өзі?
- Қандай әдемі кел ойнайық.
Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі - беріден соң, Қанат, Мансүр, Мұра да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншығын үйге әкеліп, кереуеттің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып жүгіріп қастарына келді.
- Мен де ойнайыншы.
Ал балалар болса үндемей ойындарын жалғастыра берді.
Сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?

5. Ата - аналармен бірге жаңа жыл кешін қызықты өткізейік.
Ата - аналарға ұсыныс конкурстарға қатысу.
1. Қар қалашығын жасау
2. Топты безендіру
3. Жаңа жыл кешін тәттімен қамтамасыз ету.

- Құрметті ата – аналар келгендеріңізге рахмет. Алдарыңызда тұрған қағазға бүгінгі жиналыстан алған әсерлеріңізді, болмаса бізге, балабақшаға деген айтар ойларыңыз болса жазып кетіңіздер. Балаларыңыз ауырмасын, сіздерге денсаулық тілейміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар. Балаларды себепсіз балабақшадан қалдырмауларыңызды сұраймыз.
Балалардың тілдерін қалай дамыту керек? жүктеу
2 025
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баланың балабақшаға бейімделуі
Баланың балабақшаға бейімделуі
Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру; ата - ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Тақырыбы: “Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі” Мақсаты: Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу.
Зорлық - зомбылықсыз отбасы
Зорлық - зомбылықсыз отбасы
Исатай ауданы, Ғ. Мәсәлімов орта мектебінің Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Батима Рахметова
Отбасы - тәрбие бастауы
Отбасы - тәрбие бастауы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылы, № 13 «Балдырған» ясли – бақшасы тәрбиешісі Күзембаева Айнұр
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×