Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс мезгіліндегі табиғатының таңғажайып түстері

29 желтоқсан 2019, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Қыс мезгіліндегі табиғатының таңғажайып түстері»
Мақсаты: Өлі және тірі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау. Қысқы табиғаттың ерекшеліктерімен таныстырып, ойын арқылы қолдың кіші ұсақ моторикасын дамыту. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, қолдан жасалған аққала, ойынға түрлі түсті доптар, қыс орманның көрінісі.
Әдіс - тәсілдер: таңғажайып сәт, жұмбақ, ТРИЗ, сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын - жаттығулар, сергіту сәттер.
Сөздік жұмыс: аязды, сықырлайды, боран, жылтыр.
Қостілділік: Қыс - зима, қар - снег, аққала - снегавик.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдеріТәрбиешінің іс - әрекетіБалалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылықБалалар музыка әуенімен залға кіреді. Жартылай шеңбер жасап тұрады
- Балалар, қараңдаршы, бізге көп қонақтар келіпті. Ендеше қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем, саған Жер Ана, Сәлем, саған нұрлы Күн!
Балалар шеңбер болып тұрады.
Қонақтармен амандасады.
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік- Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа Аққала келіпті. Біздерді орманға қонаққа шақырып жатыр, барамыз ба?
- Ия.
- Ал, балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Өте дұрыс. Жерде не жатыр?
- Дала суық па?
Олай болса, балалар, жылы киініп орманға барайық.
- Балалар қараңдаршы қар жамылған ағаштар, әдемі шыршалар, табиғат қандай тамаша. Ғажайып әлемнің сан түрлі қызықтары бар екен, ендіше біз қазір қыс қызығын тамашалайық /слайд көру/.
- Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән ерекшелегі бар, соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаҺарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше.
Бұл мезгілде, балалар шанамен, сырғанак, коньки, шаңғы теуіп ойнайды, Аққала жасайды.
- Қыста қандай мерекені тойлаймыз.
- Жаңа жылды.
- Енді кім маған қыс туралы тақпақтарын айтып береді?
Муса:
Аппақ, аппақ, жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Аңсар:
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Әсем:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
- Балалар сендерге қыс туралы көркем сөз оқып берейін.
Тазартып бар кір шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастапты.
(Орман дауысы, музыка естіледі)
- Балалар орманда қандай аңдар мекендейді?
Экранның аржағында аюдың дауысы шығады.
- Қай аңның дауысы?
- Аюдың түсі қандай? (Сипаттау)
Балалар аю орманда жай жүрмей жаңғақты шашып тастапты. Кәне бәріміз бірге орманды жинап шашылып жатқан жаңғақтарды жинап алайық.
«Жаңғақты жинаймыз» ойын
- Мынау қай аң?
Дидак ойын: «Орнын тап»
- Балалар, мына шырша түбінде тоңып отырған не екен?
- Қоян.
Сергіту сәті: интерактивті тақтадағы музыкалық сергіту сәті
Қимылды ойын: «Түстерді топтастыру»
Ойын: «Күнді әшекейлейміз»
Орман аңдары сендердің оларда қонақта болғандарың үшін өте қуанышты. Енді біздің өз тобымызға қайтатын уақыт болды(балалар музыка әуенімен қайтуға дайындалады).
Аққала: Балалар, сендерге көп рахмет. Жарайсыңдар. Аңдарға көмектескендерің үшін сыйлығым бар (тәтті кәмпит)
Сұрақтарға жауап береді.
- Қыс.
- Қар.
- Суық.
Киінгендерін қимылмен көрсетеді.
Осылай, осылай тонымызды киеміз.
Осылай, осылай биялайымызды киеміз.
Осылай, осылай етігіміз, жылы пимадай,
Осылай, осылай басымда жылы малақай,
Ойнауға кетті алақай деп,
Поезбен шу - чу - чу деп музыкамен орманға кетеміз
Сұрақтарға жауап.
- Аю.
- Қасқыр.
- Қоян.
Аңдарды сипаттайды.
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Пойызбен орманнан оралу.
Рефлексиялық - түзетушілік- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетінде біз қандай мезгіл туралы әңгімелестік?
- Бізге қонаққа кім келді?
- Біз қайда бардық?
Аққалаға, бүгін бізге не ұнағанын айтайық.
- Орманда кімге кездестік?
- Аңдарға көмектескен ұнады ма?
- Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді жақсы тілекпен аяқтайық. Әрқашан күн сөнбесін! Ауамыз әрқашан да таза болсын! Суымыз тұнық болсын!
Бүгінгі оқ іс - әрекетіне қатысқан балаларды мадақтау.
Балалардың жауабы:
- Қыс мезгілі.
- Аққала.
- Орманға.
- Аюға, қасқырға, қоянға.
- Ұнады.
Көріскенше күн жақсы.
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
 
«№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК
Тәрбиеші Асанова Сауле Турсуновна
2 120
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы серуен
Қысқы серуен
Мақсаты: Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерінің дұрыс айта білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Қыста аулада балалар ойнап жүр
Қыста аулада балалар ойнап жүр
Үлкендер еңбегін түсіндіру. Қысқы табиғат көрінісін ауызша бейнелеу. Ағаштардың жапырағының күзде түсетіндігін ұғындыру. Осы бейнені суреттей білу. Дәстүрден тыс әдіспен бейнелеуді үйрету.
Қармен тәжірибе жасау
Қармен тәжірибе жасау
Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Картинадан нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді, жұмбақ мазмұнын аша білуге үйрету
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Монолог тілін дамыту; бөлініп алынған нысандарды сызба арқылы қосуды, олар жайында шығармашылықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Тіл байлықтарын кеңейту: қыс қатты, аязды, қар сықырлайды, жылтыр, тайғақ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×