Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көліктер

31 тамыз 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Оқу қызметі түрі: Сөйлеуді дамыту
Оқу қызметінің тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты, міндеттері, білімділік: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Олардың түрлерін танып, атауға үйрету
Дамытушылық: артикуляциялық, тыныс алуын, ұсақ қол моторикасын, фонематикалық естуін, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелілік: балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Технологиялық қамтамасыз ету: айна, бинт, тіл жаттығулары суреттері көліктерсуреттері, дидактикалық ойындар.
Әдіс - тәсілдер: ойындар, жаттығулар, сұрақ - жауап
Оқу қызметі барысы
І. Кіріспе
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Кенеттен есікті тоқылдатып Дымбілмес кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерден көмек сұрай келдім.
Мен аулада достарым мен ойнап жүріп көлік түрін ажырата алмадым.
Маған көмектесіңдерші!
- Балалар көмектесеміз бе?
ІІ. Негізгі бөлім
Алдымен біз жаттығулар жасап шынығайық
Тіл жаттығулары
«Сағат», «Әткеншек», «Ат шауып келеді», «Бақа», «Тұмсық».
- Адамға көлік не үшін керек?
- Қандай көлік түрлерін білесің?
Тыныс алу жаттығуы
«Көпіршіктер», «Кеме гуілдейді»
Қазір біз Дымбілмеспен ойын ойнап көліктермен таныстырайық
Дидактикалық ойын: «Даусын тап»
Мақсаты: ұшақтың, кеменің, машинаның дауысын естіртіп, қай көлік екенін
табу.
Саусақ жаттығуы:
Балаларға көліктердің суретін салдырып, бояту. Саусақ моторикасын
дамыту.
ІІІ. Қорытындылау
- Балалар бүгін қандай оқу қызметін өттік?
- Қандай көлік түрлерімен таныстық?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көлік түрлерін
Игереді: Көлік түрлерінің адам өміріндегі маңызы.
Меңгереді: Көліктерді құрастыруды.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№1 бөбекжай - бақша логопеді
Кудайбергенова Роза Абдукасымовна
1 818
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көліктер
Көліктер
Сөз бен сөз тіркестерін (қонжық машинада отыр) түсінуге үйрету.
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Көлік түрлерімен таныстыру, ҰОҚ - де үйренген көлік түрлерін атай алады, сұрақты түсінеді, өзінің немен және кіммен баратынын айта алады.
Көліктер
Көліктер
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Transport (Көліктер)
Transport (Көліктер)
Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Көліктер түрлерін атап, оларды сипаттауға үйрету.
Көліктер
Көліктер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Баймұратова Айсауле
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×