Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім болашақтың бастауы

22 қазан 2020, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша

Білім күні – ерекше, жарқын, көңілді және ізгі мереке. Жылдың осы күнінен бастап білім әлеміне деген күрделі, сонымен қатар қызықты жол басталады.
Білім күні – жарық мереке, кітап мерекесі, гүлдер, достар мерекесі. Мектепке келіп, жақсы білім алу – оқушының ең басты міндеті. Өйткені бұл мектепте үшін барлық жағдай жасалған.
Білім күні – бұл ең алғаш қоңырау, көп әсем гүлдер және ақ бантик күні, әрине, дәстүрлі ең алғаш сабақ, әлем сабағы. Мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған балалар үшін бұл күн өте маңызды, көптен күткен күн. Юлий Цезарь: «Білім – ол қуат» деген.
Бүкіләлемдік Білім күні – бірінші қыркүйекті тарихта осылай атаған. Бүкіләлемдік, өйткені мектеп ең маңызды әлеуметтік институт, бұл күні балаларды да, ересектерді де бірлестіріп осы шараға жинайды.
Жымыңдап күз келді,
Күліңіз сіз енді.
Бірінші қыркүйек
Қарсы алшы біздерді!
Гүлге толы өмірлер,
Балғын жүзбен балауса,
Алып ұшқан көңілдер.
Толқымасын қалайша.
Көңіл толы нұр ағыс,
Менде шаттық жайдамын,
Құтты болсын қуаныш
Құтты болсын мейрамың.
1 қыркүйек мерекесі әрқашанда көңілді және ұмытылмас мереке. Бүлдіршіндер мен тәрбиешілерге жаңа табыс, шығармашылық тілейміз.
Жадыраған жаздың жаймашуақ үш айы көзді ашып - жұмғанша өте шықты. Қоңыр күздің алғашқы күні асқақ армандарын арқалап, мектеп табалдырығын аттағалы отырған балдырғандар мен жиған білімдерін тереңдете түсу үшін еліміздің барша оқушылары алтын ұя мектебіне оралады. Бұл күні таңертеңмен қолдарына шоқ - шоқ гүлдерін алып, мектепке асыққан кіп - кішкентай балапандарды көру үлкен бір қуаныш.
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипатталса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді.
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері табалдырық аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы.
Бұл күн, әсіресе, 1 - сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндер үшін аса маңызды. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Ендеше, тарыдай болып кірген жас бүлдіршіндерге келешекте таудай азамат болып шығуына тілектеспіз!
Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО - ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата - аналар.
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет. Осы жолда қажымай, талмай еңбектің өлшеусіз үлесін көрсетіп, болашақтың бағдаршамы - ұстаз деген атаққа әрқайсыңда лайық болыңыздар, қымбатты ұстаздар!
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!
Дәстүр бойынша біздің балабақшада 1 қыркүйек күні салтанатты шара Білім күні өткізіледі. Жазғы демалыстан кейін балалар қайта балабақшаға салтанатты шараға жиналды. Топтағы балалармен, тәрбиеші апайларымен кездескендеріне өте мәз.
Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап, Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа сертін, шығармашылық табыс тілейміз, қымбатты ұстаздар! Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Құрметті тәрбиешілер, ұстаздар! Шәкірттеріңіздің, бүлдіршіндеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!
Бүгін - Білім күні. Бұл күн әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңіл шарықтаған, әр ата - ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн. Баланың білімге талпынысы балабақшаға келуден, тіл үйренуден, ұжыммен танысудан басталады.
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа отақпыз,
Құтты болсын тойымыз. - демекші
Еліміздің әрбір балақаны үшін балабақшамызда орын дайын. Барлық бүлдіршіндеріміздің оқып, білім алуына қақысы бар. Сондықтан да 1 - қыркүйек - балабақша бүлдіршіндері ғана емес, әр түрлі жастағы кез келген мамандық иесінің, бүкіл халқының мерекесі. Сол себепті, ол Білім күні деп аталады. Білім күні жылына бір - ақ рет өткізіледі. Ал білім жыл он екі айдың барлық 365 күн бойына, тіпті бүкіл ғұмыр бойына жиналады.
Балабақша бүлдіршіндері бүгінгі білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін. Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын.


Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы
Ақтөбе қаласы «Нұр - Дана ДС+2» мектепке дейінгі ұйымы
Байланыс телефоны: 8702 - 259 - 76 - 26, почта: nurgazi2014@inbox. ru

5 058
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім болашақтың бастауы
Білім болашақтың бастауы
Білім күні – ерекше, жарқын, көңілді және ізгі мереке. Жылдың осы күнінен бастап білім әлеміне деген күрделі, сонымен қатар қызықты жол басталады. Білім күні – жарық мереке, кітап мерекесі, гүлдер, достар мерекесі. Мектепке келіп, жақсы білім алу –
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай - ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Білімнің бастауы - балабақшада
Білімнің бастауы - балабақшада
Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жолмағанбетова Камшат Сәрсенқұлқызы
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
2023-2024 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру 3. ҚР мемлекеттік туын енгізу 4. ҚР әнұраны 5. Қала әкімінің құттықтауы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×