Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғашқы қоңырау

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Алғашқы қоңырау
(салтанатты жиыны)
Өмірдің бейбіт бағы гүл
Асудан асып асқарлы
Мінекей, достар тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Өткеріп жазды дүбірмен,
Туған жер төсін тербеттік.
Уақытпен алға жүгірген,
Бір жасқа біздер ержеттік.

Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! 1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын! Бойға қуат, ойға тың серпін беретін жазғы демалыста аяқталып, бір - бірлеріңізбен ыстық ықыласпен қуана қауышатын тағы бір тамаша сәт келіп жетті. Ендеше, жаз қызығына бөленген жас өркендерді тәлімге шақыратын күміс қоңырау қайта соғылмақ.
Бүгін - Білім күні. Бұл күн - әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңілі шарықтаған, әр ата - ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн. Баланың білімге талпынысы мектепке келуден, тіл үйренуден, ұжыммен танысудан басталады.
12 жылдық білім негізін қалаушы бүлдіршіндер - мектеп алды даярлық тобы. Сондықтан мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндеріне ақ жол тілеп, құрметпен ортаға шақырамыз.(музыка)
Мектеп алды даярлық тобының ұстаздары --------------------

Гүлге толы өмірлер,
Балғын жүзбен балауса,
Алып ұшқан көңілдер.
Толқымасын қалайша.
Көңіл толы нұр ағыс
Менде шаттық жайдамын
Құтты болсын қуаныш
Құтты болсын мейрамың

Бүгінгі күн 1 сыныпқа қабылданушы шәкірттер үшін ұмытылмас күн. Ендеше ортаға жүздері бал - бұл жанған балғын, шәкірттерімізді қошеметпен қарсы алайық. 1

Алдарыңызда 1 а сыныбы. Сынып жетекшісі Қ. Р.- ң Білім беру ісінің үздігі ----------------------------------

Орын тауып шәкірт жүрек төріңнен,
Сусындатқан үлкен білім көлінен,
Қиялдарын тербеп шәкірт жанының.
Жол сілтедің «орын тап»деп өмірден

Ортаға 1 б сыныбын шақырамыз. Сынып жетекшісі Қ. Р.- ң Білім беру ісінің үздігі ------------------------.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Көңілің жаз, мінезің бар көктемдей.
Еркелеуші еді шәкірттерің өктемдей.

Назар аударыңыздар! Салтанатты жиынға Қ. Р.- ң көк байрағы әкелінсін.
(ту әкелінеді) Әнұран орындалады.

Кеудесінде күмбірлеп асқақ әні,
Ұстазды қадірлейді жас та кәрі,
Білімнің биігіне басқан қадам,
Алғашқы қоңыраудан басталады.
Сондықтан бүгінгі күн бөлек тегі
Өшпейді жүректе әсер өрнектері
Әрқашан ұстаз сөзі қанат берер
Өмірдің кездессе де көп өткелі.

Әрбір шәкіртті білім нәрін жинауға шақыратын «Алғашқы қоңырау» салтанатын ашу үшін сөз мектеп директоры -------------------------- беріледі.

2 Алдарыңызда 2005 - 2006 оқу жылынан бастап Абдулхамит Райымбергеновтің «Мұрагер» бағдарламасы бойынша дәріс алып, өз қабілеттерін шыңдап, өнер биігіне талпынған жас бүлдіршіндер. Аудандық көркемөнерпаздар байқауының бас жүлде иегерлерінің орындауында халық әні: «Гүлдерайым»
Көркемдік жетекшісі: Айтмағанбетова Ақжан.

Ажырамай мектептен жүресіз сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге.
Баршаңызға арналған тілегіңіз.

Құттықтау сөз аудандық білім бөлімінің бастығы ----------------------------------------- беріледі.
Келесі құттықтау сөз кезегі аудандық халықтық демократиялық «Нұр Отан» партиясының филиалының төрағасы -------------------------------------- беріледі.
Келесі құттықтау сөз кезегі аудандық Шалқар газетінің редакторы ------------------------ мырзаға беріледі.
Мектебіміздің әншісі -------------------------- орындауында Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар.
Бүгінгі күн мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған жас бүлдіршіндер мен оларды қабылдайтын мұғалімдер үшін ерекше күн.

Сан жастың қамын шертесің,
Тағдырын ойлап толғанып
Әр үйдің бір - бір еркесін
Үйретесің қолға алып
Ұстазсыз жолда сөнбес күн
Шәкіртсіз өмір – сусыз жер
Көрінбес ғажап еңбектің
Бейнетін кешіп жүрсіздер

Келесі құттықтау сөз 1 а сынып жетекшісі, Қ. Р.- ң Білім беру ісінің үздігі -------------------------------- беріледі.

3. Биыл өздеріңізге белгілі ел тәуелсіздігінің басты тірегі, еліміздің бас қаласы, айбыны болып отырған Астананың 10 жылдық мерей тойы өтті. Бұл – тәуелсіздігімізді паш ететін той – думан. Бұл Қазақстанның қарқынды дамуы мен жаңаруын білдіретін мерей тойдың бірі.
Баршаңызды Астананың 10 жыл мерей тойымен құттықтай отырып ортаға мектебіміздің Қуандықова Айымгүлді шақырамыз. Айымгүлдің орындауында «Астанам» әнін қабыл алыңыздар.
Ортаға балғын бүлдіршіндерді құттықтау үшін 2 сынып оқушыларын шақырамыз.(өлеңдерін оқиды).

Ер жетіп есейгенде балапаны.
Арайлап атады екен дала таңы. Иіскеп маңдайынан сипалайтын,
Қымбат қой ата - ананың алақаны.

Ата - аналар атынан құттықтау сөз Ақмамбетова Сая апайға беріледі.
Жас талапкерлердің талантын ашу, поэзия сахнасына жолдама беру мақсатында Ақтөбе қаласында «Насихат» баспасынан Шалқар ауданы мектеп оқушыларының туындылары енген «Таң нұры» атты кітап басылып шықты.
Осы кітапқа шығармалары енген мектебіміздің бірқатар оқушыларына кітапты табыс ету үшін сөз мектеп директоры -------------------------------- беріледі.
Бүгінгі мерекеміздің ең бір қуанышты есте қалар сәті –жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі.
Сыңғырлады қоңырау, күмбірледі,
Аралап айлық жерді, күндік жерді,
Ілесіп сол қоңырау үніменен
Қазақтың даласына білім келді.
Қыркүйек – Білім күнімен,
Аңқыған хош иіс гүлімен
Келіп ем, қарсы алды мектебім
Сүйікті қоңырау үнімен,- дегендей алғашқы қоңырау соғу рәсімі. 1 сыныпқа қабылданған -------------------------, 11 сынып оқушысы -------------------------- беріледі.

4. Аялар бейбіт күн нұры
Мектебім бізге жөргексің
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін
Сыңғырла қоңырау сыңғыр қақ
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын.

Назар аударыңыздар!
Салтанатты жиыннан Қ. Р.- ның көк байрағы әкетілсін.

Әнұран ойналады.
Ұстаздардың жарқырап шырақтары
Білім беріп шәкіртке сыр ақтарар.
Кедергісі нарықтың асқынбасын
Тасқындасын білімнің бұлақтары
Ата - ана, шәкірт, ұстаздар,
Құтты болсын мерекең.
Шаттық ойнап әр үйде,
Кіре берсін берекең.

Құрметті ұстаздар, ата - аналар, балғын жүзді шәкірттер! Білім мерекесіне арналған салтанатты жиынымыз осымен аяқталды.
19 806
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім болашақтың бастауы
Білім болашақтың бастауы
Білім күні – ерекше, жарқын, көңілді және ізгі мереке. Жылдың осы күнінен бастап білім әлеміне деген күрделі, сонымен қатар қызықты жол басталады. Білім күні – жарық мереке, кітап мерекесі, гүлдер, достар мерекесі. Мектепке келіп, жақсы білім алу –
1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий
1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні
1 қыркүйек – білім күні. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай - ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі
1 қыркүйек - Білім күні
1 қыркүйек - Білім күні
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Алғашқы қоңырау!
Алғашқы қоңырау!
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Армысың, алтын ұя - мектебім
Армысың, алтын ұя - мектебім
1 - қыркүйек Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя - мектебім» атты салтанатты жиынның бағдарламасы Жүргізуші: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән, Тербетер әр жүректі бір әсем ән. Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз, Сағынып жыл құсындай қайта
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×