Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақшада үш тілде оқытудың ерекшеліктері

03 желтоқсан 2021, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Баяндама
Тақырыбы: “Балабақшада үш тілде оқытудың ерекшеліктері”
Мақсаты:
- Үш тілде әдемі сөйлеуге үйрете отырып, балаларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің әртүрлі иірімдерінен мағлұмат беру;
  • тіл байлығын арттыру: жалпы интелектуалды сөйлеу деңгейін білімді меңгеруін бағдарлама жағынан қамтамасыз ету, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне оқытуға дағдыландыру;
  • - Тілдерді меңгеру арқылы тәрбиеленушінің танымдылық - тілдік дамуын және мектепке дайындауда балаларды әлеуметтік тұлға ретінде дайындау;
Міндеті:
  • Сөйлесудің барлық даму түрін қалыптастыру;
  • Ерте кезеңнен бастап үш тілді қатар оқыту;
  • Сөз, сөз тіркесі және сөйлемдерді мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде дұрыс айту дағдыларын жетілдіру;
  • Балалардың байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын толықтыру;
  • Әдіс - тәсілдерді ауыстырып қосып жасау, шет тілін ана тіліне, ана тілін орыс тіліне аудару;
«Бізге қажетті – жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт - дәстүрін бойына сіңірген, тұған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу»
Н. Ә. Назарбаев
«Бала өмірге келмей жатып ананың құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді» деген бала тәрбиесіне байланысты айтылған сөздің астарында көп ой жатқан сияқты. Кейбіреулер баланы өмірге келген күннен бастап, енді біреулері бір жастан бастап тәрбиелеу керек деп жатады. Осы айтылған сөздердің қайсысында болмасын шындық бар сияқты. Бала тәрбиесі – зор адамгершілік пен имандылықты талап етеді. Баланы тәрбиелеу тек ата - анаға ғана тән емес, қоғамның да тәрбиеге қосар зор үлесі бар. Бала отбасында тәрбие алып өсіп - өніп жетіледі де, ал қоғамда белгілі бір тұлға болып қалыптасады. Кез келген ата - ана баласының жақсы тәрбиеленіп, өмір сүруіне ықпал жасайды. Ол үшін баланы шамалары жеткенше мектепке дейінгі мекемеге, яғни, балабақшаға беруге тырысады.
Балабақшада арнайы білімдері бар мамандырылған тәрбиешілер жұмыс жасайды. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің айырмашылығы осында. Балабақшада балалар өз құрбы - құрдастарымен араласып, ойын ойнай алады. Ойын демекші, балабақшада берілетін білім оқу - тәрбие үрдісі барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Балабақшада баланың балалық шағы жан - жақты білімдерді меңгерумен өтеді. Балалар дене шынықтырудан, ағылшын тілдерінен, орыс тілінен, хореографиядан, ән - күйден, тіл дамытудан білімдерін дамытады. Тіл дамыту демекші, тілге деген құрметіміз қандай деңгейде. Тіл үйрену дегеніміз сөз бен ереже жаттау емес, сөйлеу түрлерін меңгеру. Кез келген өркениетті елде көп тіл білу жақсы дамыған. Қаласаң өз үйренгеніңше тілді меңгеруге болады. Ал, бірақ өз ана тіліңде сөйлеу – басты мақсаттардың бірі.
Ұлы Абай атамыз «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата - анасынан, екінші ұстазынан, үшінші құрбысынан» - деген екен. Әрбір қазақ баласы өз отбасында ана тілінде сөйлеуге дағдыланса, одан тәлім – тәрбие алатын бала да үйренеді емес пе. Сондықтан, баланың өз ана тілінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізуді осы кезден бастап қолға алсақ, оның болашақ өміріне қажетті дағдылардың бастамасына жол ашқанымыз.
Бүгінгі күнгі үштілділік тәрбие берудің мәселесі туындап отыр. Үштілділік оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күні ең басты қажеттілік.
2006 жылғы 23 қазанда Қазақстан халқының Ассамблеясы өтті
ҚР Президенті Н. Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында өз сөзінде ең кем дегенде үш тілді еркін
меңгерген көптілді, көп мәдениетті тұлғаның негізгі
моделін ұсынды:
  • - қазақ тілі - мемлекеттік,
  • - орыс тілі - халықаралық қатынас тілі,
  • - және ағылшын тілі – әлемдік тілдердің бірі.
  • Үш тілде оқыту заман талабы.
  • Үштілділік – Қазақстан жастарының парасатты әлеуметінің даму факторы.
Көптілділік тұжырымдамасы ҚР - дағы білім беру дамуының негізгі стратегиялық бағыты ретінде ҚР Президенті Н. Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында 2006 жылғы қазанның 23 дегі Қазақстан халқының Ассамблеясында аталып өтілді. Президент өз сөзінде ең кем дегенде үш тілді еркін меңгерген көптілді, көпмәдениетті тұлғаның негізгі моделін ұсынды: қазақ тілі - мемлекеттік, орыс тілі - халықаралық қатынас тілі, және ағылшын тілі – әлемдік тілдердің бірі. Егеменді еліміздің шапшаң дамып келе жатқан халықаралық қатынастары, халықаралық сауда – саттық нарығы да көп тіл білуді қажет етеді. Үш тілде оқыту заман талабы. Үштілділік – Қазақстан жастарының парасатты әлеуметінің даму факторы.
Педагогикалық фактор тілді оқытудық жаңа әдіс – тәсілдері, интерактивті әдістер мен жаңа технологияларын, бақылау әдістерін, педагогтардың шеберлігін қазіргі заманға сай ұйымдастыруды қажет етеді. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады. Көпұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету – өте күрделі мәселе.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазір бес тіл болсын, он тіл болсын, жақсылап үйретсе, меңгеріп кетеді. Сол үшін, ең болмағанда, үштілділікті кішкентай жасынан бастап жетілдіруіміз керек. Мысалы менің тобымда: балалар тілді табиғи түрде тез меңгереді. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік, мықты болады деп ойлаймын. Балаларымыздың бірнеше тіл білуі олардың танымдық көкжиегінің кеңеюіне де игі әсерін тигізеді. Шет тілін ерте жастан оқытудың маңыздылығы да сол, балалар тоғыз жасқа дейін сөйлеу шеберлігінің маманы, олардың миының тілге арнайы икемді болуы, бірақ ол есейе келе төмендей түсетіні анықталған. Сондай ақ ерте жастан балаға ағылшын тілін оқыту, баланың сурет салу, сөйлеу, таным қабілетінің ағылшын тілімен байланысты жоғарлайтыны басқа балалармен салыстырғанда денгейінің жоғары екендігі байқалды. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі.
Педагогикалық фактор тілді оқытудың жаңа әдіс тәсілдері:
  • Интерактивті әдістер мен жаңа технологиялары
  • Бақылау әдістері
  • Педагогтардың шеберлігін қазіргі заманға сай ұйымдастыруы
Қазіргі балаларға білім алуға барлық жағдай жасалынған. Олар бүгін жақсы оқыса, көптілді меңгерсе, келешекте Қазақстанымыздың өркениетті дамуына өз үлестерін қосады, дүниежүзін шарлайды. Үш тілді емес, одан да көп тіл үйретуіміз керек. Мен бұл жерде қазақ тілін қазақтар білмесін деп отырған жоқпын. Әрине, балабақшадан бастап қазақ тілін үйретуге тиіспіз. Әрине қазақ тілін үйрету керек, ол бірінші орында болсын. Бірақ сонымен бірге, орыс тілі, ағылшын тілі балаларға үйретуге міндеттіміз. Болашақта біздің балаларымыз басқа елдің адамдарымен қарым - қатынас жасай алу үшін біз оларға кішкентай кезінен бастап өз тілін ғана меңгермей басқа да тілдерді меңгеруге мүмкіндік жасауымыз керек.
Елбасымыздың үштілділік жоспарын іске асыру мақсатында біздің балабақшаның балалардың ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баули отырып, еске сақтау, мәнерлеп оқу, әдемі сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыруының мақсатына қойып отырмыз. Өз, тілдерімен қоса өзге де тілдерді бағалай білуге баулимыз.
Балабақша бүлдіршіндері таңертең келгеннен үш тілінде амандасып, кешке үш тілінде қоштасып кетеді. Атап айтқанда, балабақшада барлық топтарда мемлекеттік, орыс тілі мен ағылшын тілдері жүргізіледі. Балалардың есте сақтау қабілетін, қиялын, қабылдау қабілетін, зейінін тұрақтандыруға, аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған көмек құралы ретінде ойындар, ертегілер, өлендер, сергіту сәттерін қолданамыз. Осы шығарған әдістемелік нұсқаумызға сүйене отырып балалар үш тілді тез және толық меңгеру үшін біз осындай ойын, ертегілер, сергіту сәті арқылы үйреттік.
Үштілділік оқытудың актуальдік ерекшелігі:
  • Жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашады
  • Бүгінгі күні ең басты қажеттілік әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін тануына мүмкіндік береді
Ойындар:
1) «Вижу - не вижу»
Показываете карточку с рисунком, и спрашиваете «Ты видишь кошку?» Дети отвечают «Да, я вижу кошку.». Также учим отрицание — показываете карточку «Ты видишь кошку?» «Нет, Я не вижу кошку. Я вижу собаку».
2)"See - Don’t see" Show the card with the picture and ask «Do you see a cat?» Children answered «Yes, I do». «I see a cat». Also teach denial - show card. «Do you see a cat?» «No, I don’t.» «I don’t see a cat». «I see a dog.»
4) Stand up, please!
Let’ s do exercises.
Hands up! Clap! Clap! Clap!
Hands down! Shake! Shake! Shake!
Hands on hips! Jump! Jump! Jump!
Hop! Hop! Hop!
Stand still!
1). Руки кверху поднимаем,
А потом их отпускаем.
А потом их развернем
И к себе скорей прижмем.
А потом быстрей, быстрей
Хлопай, хлопай веселей.
2). Мы топаем ногами,
Мы хлопаем руками,
Киваем головой.
Мы руки поднимаем,
Мы руки опускаем
 И вновь писать начнем.

Развивающие подвижные игры на английском языке для детей
1. Confusion 1 участник называет какую - то часть тела, например, голову, а касается руки. Скажите, что дети должны выполнять те команды и касаться именно той части тела, которую вы называете, а не той, к которой прикоснулся ведущий. Можно называть части тела, добавляя к ним цифры. Например: one, two, three – hand!
1а) Confusion бір ойыншы озінің дене мүшелерін көрсетеді, мысалы: қолын, аяғын, немесе т. б., ал балалар соны қайталап көрсете отырып, ол ағылшынша қалай аталады соны айту керек.
2. Simon Says Ведущий говорит такую фразу: “Simon says: “Stand up (Sit down, Run, Touch your nose, Jump…)””. Участники должны выполнять все команды, только если перед ними есть вступительная фраза “Simon says”.
2а) Simon Says деп жүргізуші астайды - “Simon says: “Stand up (Sit down, Run, Touch your nose, Jump…)””. Қалған балалар осы команданы орындауы тиіс.
Балабақшада күнделікті өткізілетін тақырыптарға
 сай сөздік қорын жасақтадым:

Тақырып: «Сәлеметсіз бе! Танысайық. Hello! Nice to meet you» “Давай познакомимся!”
  • 1. Сәлеметсіз бе! – How do you do!- Здравствуйте!
  • 2. Қайырлы таң! - Good morning!- Доброе утро!
  • 3. Қайырлы күн!- Good day!- Добрый день!
  • 4. Қайырлы кеш! - Good evening! – Добрый вечер!
  • 5. Сәлем!- Hello!- Привет!
  • 6. Сау болыңыз! - Good bye!- До свидания!
  • 7. Рахмет - Thank you!- Спасибо!
Тақырып: «Сен қайда тұрасың? - Where are you from?»- «Где ты живешь?»
  • 1. Қайда тұрасың? - Where are you from?- Где ты живешь?
  • 2. Мен... тұрамын.- I am from…- Я живу …
  • 3. Қазақстан - Kazakhstan - Казахстан
  • 4. Ұлыбритания - Great Britain - Великобритания
  • 5. Ресей - Russia - Россия
  • 6. ия - yes - да
  • 7. жоқ - no - нет
Сөзімді қорытындылай келе, ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің, шығармашылықтың бастауы деп білемін. Үштілділік – қоғамды топтастыратын таңғажайып мүмкіндік.
ҚР білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасында 2020 жылға балалардың мектепке білім алуға дайындығының жоғары болуын қалыптастыру оларды жастайынан оқуды әлеуметтенуін қамтамасыз ету деген міндеттер қойылған.
Елбасымыздың үштілділік жоспарын іске асыру мақсатында біздің балабақшаның балалардың ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баули отырып, еске сақтау, мәнерлеп оқу, әдемі сөйлеу мәдениеттерінің қалыптастыруы біздің басты міндетіміз. Өз, тілдерімен қоса өзге де тілдерді бағалай білуге баулимыз.
Сондықтан, әр білім беретін білім ошағында, балаларды тәрбиелейтін мекеменің басты міндеті – Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу, сондай ақ, балабақшаға келген күндерінен бастап, балалардың ағылшын және басқа тілдеріне қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Сол себептен педагогтердің үш тұғырлы тілді меңгеру үшін кәсіби біліктілігін арттыру қажет.

Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
№11 «Балапан» бөбекжай - балабақшасы
ІІ санатты ағылшын тілі маманы
Айтқалиев Өркен Айтқалиұлы
1 230
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының перспективалық жоспар және Бағдарлама
Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының перспективалық жоспар және Бағдарлама
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.
Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері
Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері
Балалар мен жұмыс жасау - үлкен бақыт. Балалар еліміздің болашағы. Өмірде баланың балдай тәтті күлкісінен, қуаныш шаттығынан асқан бақыт жоқ.
Баяндама: "Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері. Тыңдалым дағдысы туралы"
Баяндама: "Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері. Тыңдалым дағдысы туралы"
БҚО, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы №6 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ракишева Миргуль Ерболатовна
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Хасенова
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×