Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Табиғат - ана»

04 ақпан 2023, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік
Оқу қызметі: Тіл дамыту. Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Табиғат - ана»
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсінік беру, табиғат жөніндегі түсінігін, білімдерін жетілдіру.
Табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру. Табиғатты аялап, қамқор болуға шақыра отырып, өз отандарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Табиғаттың құндылығы, мағыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру, сүйіспеншілікпен қарауға шақыру. Сөздік қорын, ізденісін ояту арқылы, сөйлеу дағдысын арттыру.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, ойын ойнату.
Көрнекіліктер: қанатты сөздер, табиғат суреттері, слайд, ертегі көрсету, видео - ролик.
Билингвалдық компонент: Табиғат - природа, ағаш - дерево, жер - земля, су - вода, Отан - родина.
Ұйымдастырушылық кезеңі: Сәлемдесу
Кіріспе бөлім
Мұғалім: Монолог оқиды
«Табиғатым - аманатым»
Табиғатым, тіршілігім, ырысым
Сенсіз менің тарылады тынысым.
Биік - биік тауларыңа қарасам,
Алшаң басып, түзеледі жүрісім.
Сенсіз менің тазалығым, тұнығым,
Сенсіз менің үзіледі үмітім.
Сен бар жерде, жыр толады өмірге,
Сен бар жерде құлшынамын өмірге.
Ей, адамдар аман жүргің келсе егер,
Қарап қалма, несібең ғой, қара жер.
Табиғаттың тазалығын сақтаңдар,
Азаматтық борышыңды ақтаңдар.
Армысыздар құрметті қонақтар, әріптестер!
Бүгінгі біздің ұйымдастырылған іс - қызметіміздің ашық көрсетіліміне қош келдіңіздер! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, сыйластықтарыңыз үшін, сіз біздігіміз үшін, еліміз, жеріміз үшін, әрбір соққан жүректеріңіз үшін үлкен рахметімізді айтамыз. Олай болса бүгінгі ұйымдатсырылған оқу қызметіміздің ашық көрсетілімін мектеп алды даярлық «Ромашка» бүлдіршіндерімен ашық деп жариялаймыз.
Әдемі әуенмен залға бүлдіршіндер кіреді.
Балдардың сәлемдесуі: Сәлеметсіз бе ұстаз, сәлеметсіздерме қонақтар!
Шаттық шеңбері: Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз,
Ақ тілекті жолдайық.
Әлемде нұр тыныштық,
Әрбір бейбіт күн ыстық.
Қайырлы күн, бақшамыз,
Қайырлы таң, достарым.
Негізгі кезеңі: Сұрақ - жауап алынады.
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Көктем айларын кім атап береді?
3. Бір жылда, неше жыл мезгілі бар?
4. Апта күндерін атап беріндерші?
5. Көктемдегі табиғат құбылыстарын кім біледі?
6. Сендер қай мемлекетте, қай қалада тұрасыңдар?
Берілген сұраққа балалар өз жауаптарын береді.
Мұғалім: Балаларға жұмбақ жасыру арқылы, бүгінгі өтілетін тақырыптың атын табуға шақырады.
Жұмбақ жасыру
1. Қар еріп, су көбейіп,
Сай - салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады. (Көктем)
2. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күн)
3. Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (Ағаш)
4. Сатайын десем, ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)
Балалардың жауаптары алынады.
Сергіту сәті:
Күн болып жанайық,
Су болып ағайық.
Терең - терең демалып,
Жүгіріп - жүгіріп алайық.
Мұғалім: Жаңа тақырып бойынша, мағыналы түсіндірме әңгімесін жүргізеді. Табиғаттың екіге бөлінетін: түрі табиғат және өлі табиғат бойынша, сонымен қатар адамдарды қоршаған ортаның барлығы, табиғат деп аталынатыны жайлы түсіндірме береді.
Мұғалім: Балалардың назарын арнайы дайындалған видео - ролик, табиғат туралы слайд көрсетеді. Слайд көрсету арқылы балалардың табиғат түрлерін дұрыс ажыратуға үлкен түсінік береді.
«Тосын сый» Көктем қонаққа келеді.
Әдемі әуенмен залға Көктем аруы кіріп, қонақтармен, бүлдіршіндермен сәлемдеседі.
Балалар Көктем мезгіліне арналған тақпақтарын оқып беріп, қонаққа құрметтерін көрсетеді.
Тақпақтар:
1. Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау - бақшада, орманда,
Құстар әні төгілді.
3. Табиғат біздің анамыз,
Жер - Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат,
Бізде аман боламыз.
2. Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып біз қаламыз.
Әнмен қарсы аламыз.
4. Бұтақтарды сындырмай,
Тазалықты сақтаймыз.
Гүл өсіріп, су құйып,
Табиғатты қорғаймыз.
Көктем: Балалар сендер мені өте жақсы көреді екенсіңдер, рахмет сендерге! Ал, олай болса менде бүгін сендерге құр алақан келген жоқпын. Сендерге қызықты ертегі ала келдім. Қане, ертегіні тамашалайық.
«Табиғат - ана» ертегісін тамашалайды.
Табиғат — Ананың Жер, Су, Ағаш дегенүш ұлы болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат — Ана бір күні ұлдарын шақырып алып: Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма сый тартамын, — деп, уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты. Үшеуі үш жақка кетіп, адамдарға көп игілікті істер жасапты. Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда, аналарының бұрынғыдан да көріктене түскеніне риза болады.
— Апатай, Сіз кандай керемет болып кеткенсіз, мұның сыры неде? — деп сұрағанында Табиғат — Ана былай депті. Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердіңадамзатқажасаған қайырымдылықтарыңда, - деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ағашаналарының сұлулығын сақтап қалу үшін, адамдарға қызмет етіп келеді екен.
Көктем: Балалар, мен енді қайтайын. Сендер өте ақылды, көңілді балалар екенсіңдер. Мен сендердің болашақта өз туған жерлеріңнің табиғатын аялап, оған қамқорлық жасайтындарыңа сенемін. Сау болыңдар, балалар!
Балалар Көктем аруын құрметпен шығарып салады.
Сергіту сәті:
Біз әдепті баламыз,
Жайнай берсін даламыз.
Табиғатпен дос болып,
Қамқорлықпен қараймыз.
Мұғалім: 1. Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
2. Ертегі кімдер жайлы болды?
3. Бізге қонаққа кім келді?
4. Көктем бізге қандай тосын сый әкелді?
5. Қандай кейіпкерлерді танып, білдіңдер?
Балалар ертегінің мазмұнын терең түсіне отырып, ертегінің ішіндегі кейіпкерлерді сүйсіне тыңдап, Табиғат - ананың құдіреттілігіне, мейірімділігіне тағы да көз жеткізеді.
Балалар мұғалімге ертегіден алған сезімдерін әңгімелеп, жауаптарын береді.
Мұғалім: Балалар, мен сендердің табиғатқа қамқор болатындарыңа сенемін, дегенменде мен сендермен бір қызықты ойын ойнағым келіп отыр. Сендердің алдарыңда бірнеше кескінді суреттер берілген. Сендер сол кескінді суреттерді жинақтап, суреттерді байланыстыра отыра сөйлем құрауларың керек болады. Қане ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
Балалар: Қуана келіседі.
Ортаға 1 - ші топ балалары шығады. Суреттерді біріктіре отырып, өз сөйлемдерін құрап, әңгімелеп береді.
Келесі 2 - ші топ балалары да өз ойларын әңгімелеп жалғастырады.
Суреттермен жұмыс жасалады. Кескінді суреттерді тауып, сөйлем құрау.
1. Гүлдерді жұлуға, басуға болмайды, гүлдерді өсіріп, аялау керек.
2. Аңдарды атуға болмайды, жануарларға қамқор болуымыз керек.
3. Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ.
4. қоқысты лақтыруға болмайды, туған қаламызды таза ұстауымыз керек.
Мұғалім балаларды мақтап, рахметін айтады.
Тақырыпты табиғат туралы тақпақтармен жалғастырады.
1. Бұтақтарды сындырмай,
Тазалықты сақтаймыз.
Гүл өсіріп, су құйып,
Табиғатты қорғаймыз. Фарангиз
2. Табиғат ол - анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз. Ксюша
3. Бақта гүлдер тереміз,
Тазалықты сақтаймыз.
Бірге ойна күлеміз,
Міне біздер қандаймыз. Сергей
Табиғатты қорғаймыз!
Мұғалім: Мақал - сөздің мәйегі демекші, келесі кезекте мен сендерден табиғат жайлы мақал - мәтел сұрағым келіп отыр. Қане кім қандай мақал - мәтел біледі?
Балалар табиғат туралы мақал - мәтел оқиды.
1. Таза болса табиғат,
Аман болар адамзат.
2. Бір ағаш кессең,
Он ағаш ек.
3. Судың да бар, сұрауы.
4. Жауынмен жер көгереді,
  Батамен ел көгереді.
5. Су - табиғаттың ажары.
Қорытынды
Мұғалім: Балалар, бүгінгі тақырып бойынша, нені түсініп білдік?
Табиғат дегеніміз не екен?
Табиғаттың неше түрі болады екен?
Табиғат - Ана ертегісінде ұлдары адамдарға қандай игілікті істер жасады?
Табиғаттың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеу керек?
Балалардың жауаптары:
1. Барлығымыз табиғатты аялап, оны күтіп, баптап, қамқор болуды.
2. Табиғатсыз өмірдің жоқ екенін.
3. Құстарды, аңдардың атуға болмайтынын білдік.
4. Адамдарға өздерінің жақсылықтарын көрсетті, табиғаттың көркеюіне үлкен үлес қосады.
5. Табиғатты ластамау керек, қоқысты тастамау керек.
Мұғалім: Өте дұрыс, сендер тақырыпты жақсы меңгергендерін байқалды, жарайсыңдар! Біз үлкендер сендердің жақсы адамзат болатындарыңа сенеміз, өз отандарыңа адал еңбек етіп, құрметтеңдер!
Сау болыңдар, балалар!
Келесі кездескеше, күн жақсы болсын!
1 199
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Табиғат - біздің досымыз
Табиғат - біздің досымыз
Балаларға табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың
Табиғат және Адам
Табиғат және Адам
Табиғатпен пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін бекіту. Табиғатқа деген қамқор қарым-қатынас дағдысын дамыту.
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Табиғат, қоршаған дүние, табиғат құбылыстары, адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Әсемдікке баули отырып, экологиялық тәрбие беру
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×