Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхат

24 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы тәрбиеші
Ләззат Оразбай

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру, Айналамен таныстыру.

Тақырыбы: «Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхат».
ІІ - кіші топ
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, олардың ерекшеліктерін ұғындыру, ойыншықтардың атын атау арқылы тақпақтар айтуға, сипаттауға баулу, ғажайып сәттерді пайдалану арқылы олардың тілін, ой - өрісін, сөйлеу мәнерін дамыту.
Әдіс – тәсілдер: Саяхат, түсіндіру, көрсету, баяндау, психологиялық - ойын - жаттығу.
Сөздік жұмыс: Бағдаршам, саяхат, пластмасса, резина, телефон.

Тәрбиеші топ бөлмесіне назар аудартып, тілектерін айтады.
Балалар бүгінгі күнге тілегімізді айтайық.
- Еліміз аман болсын!
- Елбасымыз аман болсын!
- Анамыздың денсаулығы мықты болсын!
- Досымыз көп болсын!
- Әрқашан күн сөнбесін!
«Көбелекті ұста» ойынын ойнайық.
Ойынның шарты:
Сендер гүлдерсің,
сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады. Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.

Сұрақтар:
1. Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?
2. Күз айларын білесіңдер ме?
3. Күзде құстар қайда ұшып кетеді?
4. Күзге өлең тақпақ білесің бе?
Балалар бүгін біз «ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхат» жасаймыз.
- Сендердің ғажайып ойыншықтар әлеміне барғыларың келе ме?
Онда ең алдымен саяхатқа шықпас бұрын, денемізді шынықтырып алайық. Денсаулық орталығына барып, жаттығулар жасайық

І Жүру түрлері: Аяқтың ұшымен, өкшемен, пингвин жүрісімен жүру. Жыланша жүру.
ІІ Жан – жақты дамыту жаттығулары.
1. Қолды алға созып, жоғары созу және жанына созу
2. Қолды иыққа қойып, иықты айналдыру.
3. Екі қолды жоғары созып, артқа иілу аяқты артқа созу.
4. Қолды белге қойып, белді айналдыру.
5. Секіру қоянша.
6. Тыныс алу жаттығулары.
Енді балалар біз «Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхат» жасаймыз. Бүгін біздің сабағымызға аңдар да қонаққа келді.
- Амансыңдар ма, қонақтар!
Балалар аңдарда бізбен бірге ойыншықтар әлеміне барғылары келіп тұр.
- Сендер қиындықтан қорықпайсыңдар ма?
- Жоқ.
- Онда балалар қандай көлік түрлері мен баруымызға болады?
- Барлығымыз автобусқа мініп жол жүреміз.
- Қанекей балалар көңілді баруымыз үшін «Қуыршақ» әнін орындайық...
- Балалар біз бағдаршамға келіп тоқтадық.
- Бағдаршам сен ескертші балаларға:

Диас:
Алма кезек үш көзін
Айтшы деп ұқ үш сөзін
Тоқта,
Сақтан,
Жол ашық,
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба
Міне балалар сендер естеріңе сақтап алыңдар.
Қанекей балалар енді түсіп орманнан өтеміз.
Ағаш кездеседі. Ағашта алтын сандық тұр екен.
Ой, мынау алтын сандық қой. Алтын сандықта не бар екен, ашып көрейік.
- Ішінде суреттер бар екен. Кімде-кім осы суреттер жайлы тақпақ өлең айтса оны «Ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхатқа» жібереміз дейді.
Айдана: Гүл.
1. Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.

Дәулет: Кірпі.
2. Кірпі, кірпі, кірпі.
Үстің толған ине
Бірін берсең шіркін,
Қадар едім түйме.

Қырмызы: Тиін.
3. Үлп – үлп еткен киімді,
Білесің бе тиінді?
Көзі өткір жұлдыздай,
Жүні жібек құндыздай.

Аянат: Алма.
4. Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірсе,
Ісіп кетер маңдайым.
- Ой, бәрекелді!
- жарайсыңдар, балалар!
- Міне ғажайып ойыншықтар әлеміне келдік.
Міне керемет ойыншықтар түр – түрімен бар екен.
Мына ойыншықтардың барлығы балалар үшін жасалған. Ойыншықтар пластмасса, резиналы және жұмсақ ойыншықты болып келеді.
- Балалар ойыншықтардың қандай түрлері бар екен?
«Мен қалай сеземін?» психологиялық ойын - жаттығу
Балалар ағаштан, пластмассадан, резинадан, жұмсақ материалдардан жасалған ойыншықтарды табу керек.
Ол қандай ойыншық екенін көзін жұмып, сипалау, саусақпен зерттеу арқылы анықтап, табу қажет.
(машина, доп, қоян, аю, тасбақа, домбыра, т. б)

1. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ
Мінсең қанат, сүті дәрі
Еті тамақ (Жылқы)
2. Кіруге адам батпайды
Суға салса батпайды
Үйіне кірген заттарды
Аман – есен сақтайды (Сандық)
3. Үрлесең жеп - жеңіл
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң
Көк – теңбіл
Бұлтқа да жетеді. (Шар)
4. Екі айнасы бар
Екі пайдасы бар
Баршаға тигізетін пайдасы бар (Сиыр )
5. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян )
- Жарайсыңдар, балалар!
Ойыншықтар жәй ойыншықтар емес, құпиялы ойыншықтар. Сендер осы құпия сырын ашу үшін, өздеріңе ұнаған ойыншықтар туралы тақпақ, өлең айтуға болады.

(Ойыншықты қолына ұстап тұрып, өздері білетін тақпақтарын айтады)
Жарайсыңдар, балалар.
Бүгін ғажайып ойыншықтар әлеміне саяхатымыз қызғылықты өтті ма?
- Ия
Онда ойын орталығында «Ойыншықтар дүкені»
жеңіл рольді ойынын ойнайық.
24 608
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Ойыншықтар дүкені
Ойыншықтар дүкені
Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын айтуды үйрету. Ұл бала мен қыз баланың ойыншықтарын ажырата айта білуге дағдыландыру.
Ойыншықтар әлемі
Ойыншықтар әлемі
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. ойыншықтардың атын атау арқылы сипаттауға баулу, ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Калдыгулова Ақнұр
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы тәрбиеші Ләззат Оразбай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×