Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу

25 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ақтөбе қаласы
№20 Дидар балабақшасының 1 санатты тәрбиешісі
Мукатова Жанылсын Беспайқызы


Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу - іс - әрекеті: Математика ( қ. м. ұ. қ )

Тақырыбы: « Шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу»
Мақсаты: Шартты өлшеуіштердің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеуді үйрету; өлшеу нәтижесінің өлшеуіштің көлеміне байланысты екенін көрсету; «ауыр - жеңіл» ұғымдары туралы түсініктерін қалыпастыру, салыстыруда «ауыр», «жеңіл» сөздерін пайдалана білуге үйрету; геометриялық денелер; текше, цилиндрді тани білу; ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекі құралдар:
1) Сауысқан және 2 балапанның суреті;
2) Шелегі бар тауықтың және көбелектің суреті;
3) 3 тәрелке;
4) Тарысы бар ыдыс;
5) 2 қасық;
6) Стақан, бокал;
7) 2 үлкен ожау;
8) 2 шелек су (көлемі әр түрлі), бірдей 2 леген;
9) Таразы;
10) құмы бар қапшықтар (5);
11) үй суреті, от;
12) шартты өлшеуіштер бейнеленген суреттер ( адым, қасық, стақан, шанышқы, бокал);
Үлестірмелі материалдар:
1) текше - фишкалар (әр балаға 10 данадан);
2) цилиндр - фишкалар (әр балаға 10 данадан);
3) екі қызыл жолағы бар карточкалар

Сабақтың барысы.
1. - Сауысқан пеш жағып, балапандарына тамақ пісірді. Тарысы бар ыдыс пен 2 тәрелке қойылады, уақыт бөліктерін ата.
- Тарыны балапандарға 2 тәрелкеге тең бөліп беру керек. Қалай бөлеміз?
Балалар өз ойларын айтады. Содан соң тәрбиеші кішкентай стакан мен қасықты қояды. Бір тәрелкеге тарыны қасықпен салады. Балалар тарыны салған сайын қасықты санап, жоғарғы жолаққа сонша текше - фишканы қояды. Екінші тәрелкеге тәрбиеші тарыны стаканмен салады. Балалар оны санап, цилиндр – фишкаларды төменгі жолаққа қояды. Нәтижесі тексеріледі: фишкалардың саны тең, бірақ тары бір тәрелкеде көп, екіншісінде аз?
- Неге бұлай болды?
Сусымалы заттарды өлшеу үшін бірдей шартты өлшеуішті қолдану керектігіне балалардың көздері жетеді.
Содан кейін тәрбиеші екі баладан балапандар үшін тәрелкелерге бірдей мөлшерде тары салып беруді сұрайды. Шартты өлшеуіш үшін қасық алынады және тарыны қасыққа толтырып салу керек. Әр бала санау үшін фишкаларды пайдаланады. Содан кейін балалар тәрелкедегі тарының мөлшерін көз мөлшермен тексереді де, фишкаларды санап, тары тең бөлініп салынды деген қорытындыға келеді.
Тәрбиеші тағы бір баланы шақырып, тәрелкелердің біріндегі тарыны
( балапан үшін өлшенген ) сауысқанның ( анасының ) тәрелкесіне салуды сұрайды. Бірақ шартты өлшеуіш үшін стақан алынады. Бала өлшеу нәтижесін фишкалармен белгілейді.
Балалар сауысқан мен балапанның тәрелкесіндегі тарыны өлшегендегі санының нәтижесін салыстырады. Балалар өлшеу құралы кіші болған сайын қорытынды сан артық болады, өлшеуіш үлкен болса қорытынды сан кем болады деген пікірге келеді.

2.«Ауыр-жеңіл» ұғымдары туралы түсінік беру.
- Балалар, әр тәрелкедегі тарыны санай аласыңдар ма? Неге?
- Тағы да санауға болмайтын қандай сусымалы заттарды білесіңдер?
(ұн, қант, құм, күріш, тұз, т. б.)
- Олардың салмағын өлшеу үшін адамдар таразыны ойлап тапты. Сендердің қолдарынды таразы деп есептейік. Оң қолдарыңа темір гір тасын, сол қолдарыңа пластмасса гір тасын алыңдар.
- Қай қолдағы төмен түсіп кетті? Неге?
- Таразы да осылай құрастырылған: қай жағындағы зат ауыр болса, сол жағындағы табақ төмен түседі, жеңіл жағы жоғары көтеріледі. Салмақты килограмммен өлшейді.
Таразымен жұмыс.
- Оң жақтағы табаққа 2 кг қант, сол жаққа 1 кг қант қоямыз. Қайсысы артық?
- Оң жақ табақта 2 кг ұн, сол жаққа 2 кг ұн қоямыз. Қайсысы артық?

Сергіту сәті.
Балалар қолдарының ұшымен таразы стрелкасын келтіреді.
- Оң қолында – піл, сол қолында тышқан (піл тышқаннан ауыр).
- Сол қолында – тауық, оң қолында – балапан. Қайсысы жеңіл?
- Оң қолында 4 кг күріш, сол қолында – 5кг қант. Қайсысы ауыр?
Логикалық тапсырмалар.
- Оң қолында 1 кг темір, сол қолында 1 кг мақта. Не жеңіл?
- Әтеш 3 кг артады. Егер ол бір аяғымен тұрса неше кг артады?

3. Тақтада үй суреті.
Содан кейін тауық пен көбелектің суреті қойылады.
- Қалай ойлайсыңдар, өртті сөндіру үшін суды қайсысы көбірек әкеледі?
- Қай шелектегі су көп екенін қалай білуге болады?
Суы бар екі шелек ( біреуі – кең, бірақ аласа, екіншісі – тар, бірақ биік)
Және екі шартты өлшеуіш – ожау мен бокал қойылады.
Екі бала кезекпен шелектегі судың көлемін ожаумен анықтайды. Тәрбиеші суды ожаумен толтырып алу керектігін естеріне салады. Қалған балалар жоғарғы жолақтарға тауықтың шелегіндегі суды өлшеген ожаудың санын көрсететін цилиндр - фишкаларды, төменгі жолаққа көбелектің шелегіндегі суды өлшеген ожаудың санын көрсететін текше – фишкаларды қояды.
- Қай шелекте су көп? Неге? Бұл санды естеріңе сақтаңдар.
Балалар саны көп фишкаларды жолаққа қалдырып, саны аз фишкаларды алып тастайды.
Үшінші бала суы көп шелекті стаканмен өлшейді. Балалар жолаққа фишкаларды қойып отырады.
- Қай өлшеуіш үлкен? Қай өлшеуіш кіші?
Тәрбиеші өлшеуіш кіші болса, өлшеу саны көп болатынын тағы да естеріне саладды.
- Тауық мен көбелек мысыққа өртті сөндіруге көмектесті, мысық оларға алғысын білдіріп жатыр (суреттен отты алып тастау).
- тағы қандай сұйық заттарды білесіңдер?

4. Логикалық есеп.
А) құмырсқа таудың басынан түсіп келе жатты, оған қарама - қарсы түйе келеді. Түйе құмырсқадан: «Таудың басында су бар ма» - деп сұрайды. «Ол жерде үлкен көл бар» - дейді құмырсқа. Қуанып кеткен түйе ең ұшына көтеріледі. Бірақ қанша шөлін қандырғысы келсе де, көлді таба алмайды. «Құмырсқа мені алдады», - деп ойлады түйе.
- Қалай ойлайсыңдар, құмырсқа түйені алдады ма? Таудың басында көл бола ма?
- Сусымалы және сұйық заттарды немен өлшеуге болмайды?
Сабақты қорыту.
- Біз қандай заттарды өлшедік? (Сұйық және сусымалы)
- Таразымен не өлшенеді?
24 489
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ерекше саяхат
Ерекше саяхат
Балалардың үлкен және кіші ұғымдары туралы білімдерін кеңейту. Заттарды көлеміне қарай бөліп, топтастыруға дағдыландыру.
Ұзындықты өлшеу
Ұзындықты өлшеу
Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, салыстыру жолдарымен таныстыру.
Шамалар және олардың өлшем бірліктері. (қысқа мерзімді)
Шамалар және олардың өлшем бірліктері. (қысқа мерзімді)
Ұзындық, масса, сыйымдылық және олардың өлшем бірліктері (см, дм, кг, л) туралы түсінігі болу және салыстыру.
Ауыр - жеңіл
Ауыр - жеңіл
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының мұғалімі Кубегенова Жумагул Калыбаевна
Шартты өлшеуіштің көмегімен ұзындықты өлшеу
Шартты өлшеуіштің көмегімен ұзындықты өлшеу
Ақтөбе қаласы №20 Дидар балабақшасының 1 санатты тәрбиешісі Мукатова Жанылсын Беспайқызы
Шартты өлшеуіштің көмегімен ұзындықты өлшеу
Шартты өлшеуіштің көмегімен ұзындықты өлшеу
Ақтөбе қаласы №20 Дидар балабақшасының 1 санатты тәрбиешісі Мукатова Жанылсын Беспайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×