Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақша - тәрбиенің алтын бесігі

26 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ақтөбе қаласы,
№33 «Нұрсәт» МДБО тәрбиешісі
Ердаулетова Ә. Е.

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата - ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.
Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды. Мысалы «Шалқан» ертегісін тыңдап болған соң, балалар шалқанды көптің көмегімен жұлып алғанын білді. Ал, «Ақмышым» ертегісін тыңдап болып, кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық, мейірімділік сезімдерімен танысты.

Адамгершілік дүниесіндегі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қымбат қазыналарымыздың бірі – бесік жыры, мақал - мәтелдер болып келеді. Сәбилер «бесік жырын» тыңдай отырып, ананың бесік жырымен, әлдиімен, өзінің туған тілінің әуенінен тұңғыш рет нәр алады. Мақал - мәтелдер арқылы кішкентай бүлдіршіндеріміздің қайырымдылық, ілтипат сезімдерін арттырамыз, адамгершілік сезімдерін оятамыз. «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» деген мақал – мәтел арқылы бала бойына үлкенді құрметтеу, қамқорлық сезімдерін туғызамыз.
Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу арқылы, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға болады.

Өз – өзіне қызмет ету;
- Кішкентай топтарда балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір - біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтуға баулу. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым - қатынастарын қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

- Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажет ермек саз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.
- Серуен кезінде гүлдерді қопсыту, шөптерін жұлу, ойын алаңымызды таза ұстауға үйрету. Бірде серуенде сәбилерді жапырақ жинауға шақырдым, балалар 2 - 3 жапырақ жинаған соң «жинағым келмейді» деп тарай бастады. Сол кезде мен жұмыс жоспарын ойын жоспарына айналдырып жібердім, әкелген жапырақтардан бастарына гүлшоқ жасадым, оны көрген кішкентайлар қуанып, барі де жинай бастады. Бұл серуенде балаларды тек қана жапырақ жинауға емес, топпен жұмыс жасауға, үлкендерге көмектесуге, еңбексүйгіштік қасиетінің алғашқы игеріміне баулыдым.

Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, өз - өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде, тәрбиешінің жұмыс күнін ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы турде қамтылады. Тәрбиешінің тәртібі, іс - қимылы, балалармен, үлкендермен қарым - қатынасы кішкентай сәбилер үшін үлгі болып, олардың жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Балабақша мен отбасы арасындағы тығыздық артқан сайын бүлдіршіндерімздің адамгершілік құнды қасиеттері арта түседі. Осыдан келіп, бүлдіршіндерімізде жақсы қылықтар, ұжымдық қарым - қатынас, адамгершілік сезімдері, еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер туралы түсініктер қалыптасады. Кішкентай бөбектеріміз адамгершілік қасиеттерді ата - анасынан, үлкендерден, тәрбиешілерден насихаттау арқылы емес, тек шынайы көру, сезіну қатынасында алады. Адамгершіліктің құнды қасиеттерінің негізі отбасында қалыптасады,

Адамгершілік тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен келетіні анық. Сол себепті халық даналығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» бекер айтпаған. Дана, ойшыл Абай атамыз бұл туралы былай деген: «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші – ата - анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші – құрбысынан».
Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар көзі – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс – тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Қазақ халқы баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла, жолын кеспе» деген ұлағатты, тыйым сөздердің мәні зор. Бала бойына кішіпейілділік, сыпайылық, сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре білсек, адамгершілік тәрбиесінің жемісіне бөленетініміз анық!
Тәрбиенің алтын бесігі - балабақшамыздағы сәбилерімізді адам баласына тән асыл қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық!
31 539
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамгершілік – рухани тәрбие
Адамгершілік – рухани тәрбие
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса,
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
«Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой - қиялын дамыту. «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
"Драма" сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
"Драма" сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
Атақты педагог Ы. Алтынсарин «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»- деп атап айтқандай қай бала болмасын кішкентайынан анасының өзіне айтқан бесік жырынан бастап,
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
Тәрбиенің алтын бесігі - балабақша
Тәрбиенің алтын бесігі - балабақша
№33 «Нұрсәт» МДБО тәрбиешісі Ердаулетова А. Е.
Шуағы мол нұр әжем
Шуағы мол нұр әжем
Ақтөбе қаласы №33 «Нұрсәт» МдБО тәрбиешісі Ердаулетова А. Е.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×