Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құттықтаймын Анашым!

26 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
№ 42 «Тілек» балабақшасының
музыка жетекшісі
Гулдана Серікқызы Ахметова

Құттықтаймын Анашым!

Бастауышы: Сегізінші Наурыз! Аяулы аналарымыздың мерекесі Бұл мереке жылдың басқа мезгілінде болуы келіспейтін секілді. Өйткені Ана - әлемнің жан дүниесі, өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Бұл қасиетті сөз бізге жылылық шуақ сездіретін сөз. Құрметті аналар – мерекеңіз құтты болсын. Өмір сыйлаған Сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын.
1 бала: Құшағына кіргенде
Жылынамын бір демде,
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.

2 бала: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен.
«Ақ мамам» әні орындалады
Бастауышы: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Аяулы аналар сіздердің көңілдеріңіз әрқашан шат, жүздеріңіз жарқын, дендеріңіз сау болғанын тілейміз. Сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебізін қабыл алыңыздар.

Алақаны ақ самал
Мәпелеген жан ана
Көкте күнім батса да
Өзің күнсің балаңа.

Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым

Бар өмірдің жүрегі
Өзің алтын ордасың
Тірлігімнің тірегі
Уайымың болмасын.

Ән «Айналайын ақ мама»
Бастауышы: Балалар аналарың сендерге жақсы көріп құлыным, қозым, ботам
деп теңейді екен. Біздің бір баламыз әжеміздің «Мен кіммін» деген өлеңін оқимын дейді.

1 бала:
Атам мені «Құлыным» - дейді
Әжем мені «Ботам» - дейді
Әкем мені «Шырығым» - дейді
Шешем мені «Қозым» - дейді
«Айналайын жаным» - дейді
Ал шынында мен кіммін?
Мен кәдімгі баламын.
2 бала.
Сөздерді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де
«Әке» деген сөзді де
«Ата» деген сөзді де
Ойлап тапқан балалар.

1 бала:
«Күнім», «Жаным» дегенді
«Құлыншағым» дегенді
«ботақаным» дегенді
«Қошақаным» дегенді
Ойлап тапқан аналар!

Ынтықсың сен маған
Асыл үнің мен.
Қуантайын мама
Әсем биіммен.

Би «Қазақ биі»
Ортада орындықта ана тоқыма тоқып отыр. Даладан баласы жүгіріп үйге келеді. Анасының бетінен сүйіп, анасы баласын аймалайды.
Баласы: Мама басында үш ақ шаш бар екен. (мамасы жымияды да қояды)
Мамасы: Тамағыңды іше ғой, құлыным
Бастаушы: Бір неше күн өтеді, баласы ойыннан үйге оралады
Мамасы: Айналайын, ойыннан оралдың ба?
Баласы: Мама шашыңдағы ақ шаш төртеу болыпты. Үшеу еді ғой, неге тағы біреуі ағарып кеткен?
Ана: Ананың жүрегі ауырса, шашы ағарып кетеді
Бала: Жүрегін неден ауырады?
Ана: Есіңде ме, сен өте биік ағаштың басына өрмелеп шықтың ғой. Мен терезеден көріп тұрғанмын. Сенің жіп – жіңішке бұтақтың үстінде тербеліп тұрғаныңды көріп, жүрегім ауырып кетті. Содан шашым ағарды.
Бала: Мен жуан бұтаққа отырсам шашын ағармас па еді? (анасы баласын аймалайды)
Бастаушы: Балалар сендердің әрбір қауыпты істеріңе аналардың жүрегін ауыртпайық. Тек тәтті қылықтарыңмен аналарымызды қуанышқа кенелте түсейік.

Балалардың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ұлдардың би»
Ойын «Өз балаңды тап»

Құрт пен майын жинаған
Балаларға сыйлаған
Бұл әжемнің - өмірі
Таусылмайтын жыр маған.

Өскенде мен енді
Аралаймын әлемді
Сыйлық әкеп әжеме
Таң қалдырам бар елді.
Өте жақсы көремін
Өйткені мен әжемді.
«Әже тілегі» әні орындалады

Ойын «Қонақ күту»

«Әжелер» әзіл - әні орындалады.
Бәрі:
Келіннен қорқып саспайық
Келіңдер өсек бастайық
Немеренің әртүрлі
Қылығын айтып тастайық.
Қ - сы
Ой – бай, белім - ай
Қайда кетті келін – ай.

1 бала: Немерем менің блатной
Күндіз тыным таппайды
«Видик көру керек» деп
Кешкі ұйқыға жатпайды.
Ой – бай сұмдық - ай
Ұят екен масқара – ай!
2 бала: Немерем менің кір – кір боп
Үйдің бетін көрмейді
«Киндер» сатып әпер деп
Еш тыныштық бермейді.
Қ – сы
3 бала:
Немерем менің теңгеге
Үйір болып алыпты
Жүз теңгені сағызға
Аямай бере салыпты.
Қ - сы
4 бала:
Немерем менің ән салса
Махаббат деп айтады
Қызың бар ма деп едім
«Жоқ» - деп басын шайқайды.
Бәрі: Келіңдер келіп қапты ғой
Бізде үйге кетейік
Немере шіркін тәтті ғой
Барына шүкір етейік.

Бастауыш: Дегенмен апаларымыздың, әжелеріміздің, әпкелеріміздің мерекесі! Мереке мәңгілік болсын. Бүлдіршіндеріңіздің қолдан жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрқашан аман болыңыздар!
9 007
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана бақыты баламен.
Ана бақыты баламен.
Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Аяулы менің - анашым!
Аяулы менің - анашым!
Міндеті: 1. Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. 2. Оқушыларға салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой - өрісін дамыту.
Мерекеңмен, Анашым!
Мерекеңмен, Анашым!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы № 1 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қоспанова Алмагүл Кенестірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×