Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарлы ханым

27 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған іс - әрекет: математика, айналамен таныстыру және экология, құрастыру.

Мақсаты: Аталған тақырыппен өткізілген кіріктірілген сабақтың мақсаты математиканы мектепке дейінгі балаларға белгіленгендей сан, есеп, көлем, кеңістік, уақыт, пішін деп бөлінген 5 тармағын негізге ала отырып пәндердің (құрастыру, айналамен таныстыру және экология) байланысқан көмек арқылы балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру. Елестету және қиял болжамдарын дамытып «Бауырсақ», «Қызыл телпек», «Буратино», «Аққала», «Алтын балық», «Шалқан», «Қарлы ханым» кейіпкерлерімен ертегілер еліне саяхат шытырман жолдан шығу арқылы баланын танымын дамытуға нығайтуға ықпал жасау.

Қолданылатын әдіс - тәсіл: Дәстүрлі емес кіріктірілген саяхат сабақ, түсіндіру көрсету, дамытушы ойындар, сызбалар.
Қажетті құралдар: Аққағаз, құрастыру кесінділері, мұз қалашығы, желдеткіш, жасанды қар, ағаштар, целофан, ертегі кейіпкерлерінің киімі.

Кіріспе бөлім: Амандасу: Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Сәлеметсіздер ме қонақтар!»
Шеңберге тұрған балалар сөз ойыны арқылы өткен тақырыптарға доппен шолу жасайды

Добым, добым домала
Қайда кеттің домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың
Тентек болып кеттің сен
Келіп тұр сені тепкім кеп

1. Жылдың қай мезгілі?
2. Қыс айларын ата?
3. Табиғатта қандай өзгерістер бар?
4. Қардың түсі қандай?
5. Бір аптада неше күн бар?
6. Аптаның бүгін нешінші күні?

- Тәрбиеші: Балалар біздер саяхатқа жиналайық олай болса шанамызды дайындап жайғасайық. «Шана» әнімен жолға аттанамыз.
- Бауырсақ: Сәлем, сәлем достарым
- Балалар: Сәлем бауырсақ қайда домалап бара жатырсың:
- Бауырсақ: Домалап, домалап атамнан қаштым, домалап, домалап әжемнен қаштым, домалап, домалап мен сендерге жеттім.
- Тәрбиеші: Бауырсақ сенде бізбен бірге жүр.
Шана, шана, шанамыз
Таудан сырғанайды
Қоңыраулары аязда
Қатты сылдырлайды
Суық боран ертегіге апаратын жолды қармен жауып тастапты. Бұл – Қарлы ханымның иелігі. Ол өзінің мұзбен көмкерілген сарайын шақырылмаған қонақтардан қорғап жүреді. Кірер жердің барлығы мұзбен құрсауланған. Боран соғып қарлы ханым мұз сарайына бауырсақты домалатып әкетеді.

- Балалар: Бауырсақ, бауырсақ сен қайдасың?
- Бауырсақ: Мен мұндамын (Мұз қалашығынан дауыс естіледі)
- Қарлы ханым: Қаһарына мінген ашулы Қарлы ханым менің сендерге қояр шартым бар мұз болып қатқан жүрегімді жібітіп жолда кездескен не бір қиындықтардың жауабын жаңылыспай орындап келсеңдер бауырсақты босатамын.

- Тәрбиеші: Бізде осал емеспіз, Қарлы ханымның бізге деп дайындаған кез - келген тапсырмасын орындай аламыз.
Шанаға отырған балалар жолға аттанады.
Қызыл телпек және Сұлу қыз (Мальвина)
- Сәлем балалар! Сендерден көмек сұрауға болама? Қасқырдан қашып келемін, әжеме пісірген бәлішімді жеткізуге қысқа жолды көрсетсеңдер екен.
- Тәрбиеші: Сұлу қызға не болған? Неге жылап тұрсың?
- Сұлу қыз: Буратинодан адасып қалдым, жолды қалай табамын? Қолымызда сиқырлы қар бар.
- Тәрбиеші: Сиқырлы қарға жазылған тапсырманы оқиды.

1 - тапсырма: «Қыс» туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
1. Қыс келді, қыс келді
Ақтарып ақ қарды.
Аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды

2. Ақ қолғап құшақтап
Сақылдайды қыс аппақ
Өзен, теңіз, тау, төбе
Киген аппақ сәукеле

3. Біз батыл боламыз
Жылы үй бақшамыз
Ақ ұлпа қарлардан
Ақ қала соғамыз
4. Жапалақтап қар жауып
Аяз қатты қысқанда
Жем шашайық қамқор боп
Бақшадағы құстарға

2 – тапсырма: Дамытушы ойындар. «Шарбақтың артында», «Мына суретте не бейнеленген?», «Айырмашылығын тап»
- Тәрбиеші: Тапсырманы ойдағыдай орындадық, енді қызыл телпекпен сұлу қызды өзімізбен бірге саяхатқа бірге алып шығайық.
Шанаға отырған балалар жолға әнмен аттанады. Алдарынан алтын балық пен шалқан ертегісіндегі атай шығады.
- Атай: Сәлеметсіңдер ме балалар менің көмекшілерім ит пен мысықты көрдіңдер ме? Бірін-бірі қуып ойнап кетті-ау шамасы.
- Алтын балық: Мазамды алған балықшы, байлыққа тоймаған әжейден әбден шаршап тыныш теңіз іздеп келемін. Мынау біздің сиқырлы қарымыз.

- Тәрбиеші: Сиқырлы қарға жазылған тапсырманы оқиды.
3 - тапсырма: Жұмбақтар шешу.
1. Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады. (аяз)
2. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. (мұз)
3. Қысы жазы бір түсте. (шырша)
4. Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас. (жұлдыз)

4 - тапсырма: Оригами (мысық, күшік, қоян)
- Тәрбиеші: Тапсырманы ойдағыдай орындадық, енді атай мен алтын балықты өзімізбен бірге саяхатқа бірге алып шығайық.
Пингвин мен күлдіргіш (клоун) кездеседі.
- Сәлем балалар!
- Тәрбиеші: Сәлем пингвин сәлем күлдіргіш. Неге көңілсіз жүрсіңдер?
- Пингвин: Мен суық жақта аязда, аппақ қар үстінде мұзды суға шомылғанды жақсы көремін. Күлдіргіштің жылаған даусын естіп шыдай алмадым.
- Күлдіргіш: Цирктен адасып қалдым, барар жолды көрсетсеңдер екен. Сиқырлық қарын ұсынады.

5 - тапсырма: Құрастыру. «Қол орамал жамау»
6 - тапсырма: Дамытушы ойын. «Емен ағашының артына нелер жасырынған?»
- Тәрбиеші: Тапсырманы ойдағыдай орындадық, енді пингвин мен күлдіргіш өзімізбен бірге саяхатқа бірге алып шығайық. Шана әні басталады. Алдарынан аққала шығады.
- Аққала: Қардан аппақ домалатып жасаған өзім сұлу, өзім нағыз қар адам. Ыстықтап кеттім еріп бара жатқан секілдімін. Мыналар не өзі?
- Балалар: Бұл бәйшешек қой!
- Аққала: Қар астынан бәйшешек шығып көктеміңде келгені ғой. Мен сендермен қоштасайын. Сендерге берер сыйлығым сиқырлы қар.

7 - тапсырма: Дәптермен жұмыс.
- Тәрбиеші: Тапсырманы ойдағыдай орындадық. Енді біз айналамызға көз жүгіртіп қарайықшы. Жеті сиқырлы қар жеті түске боялыпты. Қар астынан бәйшешектер шығып алғашқы кемпір қосақта көрінді. Мұздар еріп сендердің жүрек жылуларың мәңгі мұз боп қатқан қарлы ханымды да қуанышқа кенелдірді.
- Қарлы ханым: Сендерге көп рахмет білімдеріңді ақылды да зейінді екендеріңді көрсеттіңдер. Бауырсақ саған сәт – сапар! Мен сендерді ойын алаңына шақырамын. Жүріңдер. (ертегі қалашығындағы саяхат аяқталады)
6 532
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Сахналалық көрініс қоя білу, таңдап алған рөліне еніп, ойнауға жаттықтыру.
Қызықты ертегілер
Қызықты ертегілер
Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу, заттардың түсін, көлемін ажырата білу. Балаларға қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достық пен
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Ертегі еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
Халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;
Біз бесеуміз, бесеуміз
Біз бесеуміз, бесеуміз
Математиканың мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу бағдарламасында белгіленіп берілген бес тармағын негізге ала отырып, пәндердің байланысқан көмегі арқылы (құрастыру, тіл дамыту, дидактикалық ойындар) логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×