Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халық дәстүрі - асыл қазына

23 ақпан 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Наурыз мерекесіне арналған сахналық көрініс.
Көрініске ересек, ортаңғы және кіші топтардың балалар мен балабақша қызметкерлері қатысады.

Залға 4 ауыл орналасады. Күй ойналып ортаға екі жақтан Наурыз ата мен үш би шығып кездеседі, амандасады.
Наурыз ата: Оу, жолаушылар жол болсын!
Төле би: Ел жағдайын көріп, елмен, жермен амандасып қайтайық деп шыққанбыз.
Наурыз ата: Е, дұрыс екен. Уа, халайық! Қазақ бір ауыз сөзбен қуантып, бір ауыз сөзбен жұбатып, тентектерін жолға салған. Аталық өсиетін балаға қалдырған. Қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билеріміздің сөзіне құлақ салайық.
Наурыз ата: Ұлы жүз биі Төле, сөзді өзіңіз бастаңыз.
Төле би (Мағжан): Уа, халайық сөз қадірін білсеңіз,
Үй сыртында тайың болса,
Ерттеулі тұрған атың ғой.
Ел ішінде қарияң болса,
Жазулы тұрған хатың ғой.
Сөз танығыш жастарға айтар кеңесім бар.
Қазыбек би (Әділет): Ұлы аға бұл кеңесті мен айтайын, рұқсат етіңіз.
Төле би (Мағжан): Е, рұқсат, рұқсат.
Қазыбек би (Әділет): Өркенім өссін десең, кекшіл болма,
Кесапаты тиер елге.
Елім өссін десең, өршіл болма,
Өркеніңді өшіресің. Аллаһу, акбар!
Әйтеке би (Айдос): Уа, халайық! Көсіле шабар жерім бар,
Ту көтерген елім бар.
Сөз қадірін біліңдер
Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін.
Өмірлі, ғұмырлы, бақытты болыңдар.
Наурыз ата: Сіздердің өсиет сөздеріңізді естіп бір жасап қалдық. Ұлыстың ұлы күні кездескен екенбіз, жаңа күндеріңіз, жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Халық аузында күн мен түннің дәлме - дәл теңелер сәтінде көкті жарып ерекше бір гуіл өтуге тиіс. Оны қой ған сезеді екен. Егер күндіз болса, оны қой арқылы қойшы сезеді. 22 - ші наурыз 3 - 4 күн бұрын өтіледі деп есептейді. «Әз болмай, мәз болмайды» деген сөз бар. Сол күндері тіршілік атаулының барлығының бойына бір талшығына дейін жан беріледі екен. Сол үш күнде тырнақ, шаш алуға болмайды. Жан тырнақ пен шашты қиған кезде қиылып кетсе, сол адамның басы мен қолы қалтырайтын болады екен. О, міне, ауылға да келіп қалыппыз.
Әуен ойналып, қонақтар Наурыз тойлап жатқан Баянауылға келеді.
1. Қонақтарды қарсы алу (шашу шашылып, сәлемдеседі)
2. «Көктем» биі
3. «Наурыз» көжеден ауыз тию.
4. Көже туралы түсінік беріледі. Көже құюшы әже наурыз көжеге не қосқаны, қалай жасағаны жөнінде әңгімелейді.
Бата беру. Әйтеке би (Айдос): Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін! Аумин!
Ауылдың алты ауызы: Әжелер тобы. «Ахау керім»
(Залға бір бала шығады)
Бала: Сүйінші, сүйінші! Дүниеге сәби келді, жеңешем нәрестелі болды. Дүниеге келген нәрестенің алғашқы тойына «Жанқожа батыр» ауылына шақырады.
1. Қонақтарды қарсы алу
2. Ат қою рәсімі. Наурыз ата ырымдап, құлағына үш рет айқайлап, сенің атың Нұрперзент деп азан шақырып ат қояды. Алланың нұры жауған перзенті бол. Аллаһу акбар!
3. Дастарханнан дәм татып, балаға бата беріледі.
Төле би (Мағжан): Атасызға ата бол,
Батасызға бата бол!
Арып - ашқан ғаріптің
Жел жағына жота бол.
Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол,
Дос сүйініп, қас сыйлар,
Асу бермес дана бол! Аумин!
Ауылдың алты ауызы Би: «Дала сазы»
Ойын: «Бес тас». Ауыл жастарын ортаға жинап, жастардың ептіліктерін байқайды.
Ән шашу: «Жібектің елі» Машенбаева Әлия
Шақырушы: Ағайын туыс, бауырлар! «Бекарыстан» би ауылы «Бесік тойға» шақырады.
(Ауылға келгенше билер әңгімелесіп барады)
Наурыз ата: «Шешен сөз бастайды, батыр қол бастайды» дегендей Төле би сөздің атасы мен анасын айтшы.
Төле би: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық.
Наурыз ата: Әйтеке би, ағайынды кісілердің өкпесі немен тарайды?
Әйтеке би: Сағынысып көрумен тарайды.
(Күй ойналып, қонақтар «Бекарыстан би» ауылына келеді.
1. Қонақтарды қарсы алу.
2. Бесікке салу рәсімі. Ауылдың үлкен ақ жаулықты әжесі баланы бесікке барлық ырымдарын жасай отырып салады. Ауылға келген қонақтарға бесік сатады.
Қазыбек би бата береді: Көтерейік білекті,
Жырға бөлеп жүректі.
Сүйкімді бол бал бөбек,
Табыла берсін бар керек.
Қайда жүрсең қалықтап,
Қызыр баба қолдасын
Жақсы жолды таңдарсың.
Ат - баба дәстүрін,
Жаңартсын да, жалғасын! Аумин!
Ауылдың алты ауызы: Хор: «Наурызым мерекем»
Ауылдың үлкен атасы дастарханға бата береді.
«Қазақ биі»
Ойын: Ауыл жастары, жеңгелері, алтыбақан қасында тұрып, екіге бөлініп «Арқан тарту» ойынын ойнайды.
Уа, халайық «Ақтан батыр» ауылына тұсау кесер тойына келіңіздер!
1. Қонақтарды қарсы алу. Ауылдың келіні шашу шашып қонақтарды қарсы алады. Қонақтармен сәлемдесіп, дастарханға отырғызады.
2. Тұсау кесер рәсімі: Гүлханыс әже: Қош, келдіңіздер, қонақтар! «Құтты қонақ келсе, қой егіз табар» дегендей бұл тойымызға халқымыздың үш биі мен Наурыз ата келіп қалған екен. Сондықтан мен немеремнің тұсауын Наурыз атадай - жомарт, билердей – шешен болсын деп, Наурыз атаға кескізгім келіп тұр. Наурыз ата, өзіңіз кесіңіз.
Наурыз ата: Ия, айналайын, тұсауды тоқшылық болсын деп, тоқ ішекпен, көктей көгерсін деп, көк шөппен, адал болсын деп, ала жіппен кескен. Мен еліне, жеріне ата - анасына адал болсын деп, ала жіппен кесейін.
Бисмилла, рахман, рахим
Қаз, қаз балам, қаз балам,
Тақымыңды жаз балам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін.
Қаз, қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам
Қадамыңа қарайын,
Басқаныңды санайын, - деп баланың тұсауын кеседі. Екі бала жетектеп алып шығып, тақпақ айтады.
Дильназ: Қаз, қаз, қаздаң бас,
1, 2, 3 аздан бас.
Қаз, қаз бас құлама
Құласаң жылама.
Нұрболат: Қаз, қаз бөпем жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай, құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Наурыз ата бата береді: Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір үйдің баласы болма,
Бар үйдің данасы бол!
Қатарыңның алды бол,
Досыңа адал бол!
Ата - анаңа еріп өс,
Тай құлындай болып өс.
Елдің қамын ойлайтын,
Азаматы болып өс! Аумин!
Ойын: «Бөбектер жарысы» (Балалар ходунокпен жарысады)
Ән шашу: «Құстар қайтып келеді» Марат Роза.
Ойын: «Ақ сүйек»
Ән шашу: «Қанекей, тілім сөйлеші» Мамбетова Әсел.
12 155
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
8 наурызға арналған ер жігіттер концерті
8 наурызға арналған ер жігіттер концерті
Аруларымызды, ардақтыларымызды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, осы күн туралы бірқатар қызықты ойларды ортаға салып көрейік.
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Барысы: Қайырлы күн, Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты іс - шарамызға қош
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Төрлет, Наурыз төріме!
Төрлет, Наурыз төріме!
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін дамыту. Халқымыздың салтын, әдет - ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×