Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрлет, Наурыз төріме!

11 наурыз 2024, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін дамыту. Халқымыздың салтын, әдет - ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық киімдерін киген бүлдіршіндер «Көңіл ашар күйінің сүйемелдеуімен, мерекелік бағдарлама өтетін жерге орындарына келіп тұрады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар!
Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен - кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш өкпең кетсін - дегендей наурыз жыл басы құтты болсын!
Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін! Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын, Еліміз тыныш болсын! Баршамызға бақ қонсын!
Шығыс музыкасы ойналып тұрады, залға Падишах пен Шахрезада кіріп келеді.

Падишах: Наурыз келді гүлім,
Жер көгереді, ел көгереді гүлім.
Шахрезада: Наурыз келсе қайтем. Маған қызық емес.
Падишах: Ол Наурыз жыл басы. Бәріне мұсылман қауым Найрыз мерекесін тойлайды.
Шахрезада: Жылда - жылда тойлай береміз бе? Жалықтырып жіберді.
Падишах: Сені қалай көңілдендіремін екен? Әлде қыздарға би билетейін бе?
Шахрезада: Басын шайқайды.
Падишах: Жігіттерге ән айтқызайын ба?
Шахрезада: Басын шайқайды.
Падишах: Енді не істейін жұлдызым, күнім.
Шахрезада: Секіріп қуанып. Мен қыдырғым келеді басқа елді көргім келіп тұр.
Падишах: Қайда барамыз?
Залға екі атпен жаушы шауып кіреді.

1 - Уа ағайын - туысқан,
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдік шақырып,
Ат терлетіп алыстан.

2 - Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Наурыз тойын бәріміз,
Биыл бірге қарсы алайық.
Падишах: Амансыңдарма жігіттер? Мерекеге шақырғандарыңа рахмет!
Шахрезада: Қазақстан еліне барамыз.
Падишах: Жарайды барайық. Қазақ елі бізге туысқан, біз сияқты мұсылман халық. Өте қонақжай халық деп естідім. (Музыкамен жүріп шаңырақтың ішіне кіріп отырады).
Жүргізуші: Қашанда құт береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал шашуымды.
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін. (Шашу шашылады)
Падишах: Мереке наурыз жыл басы,
Наурыз тойы құтты болсын.
Дендерің сау, мықты болсын!
Аман есен болайық.

Ақтөбе қаласы, №28 «Көркем» МДҰ
Тәрбиеші: Шакибаева Гүлнар Сагидуллақызы

Толық нұсқасын жүктеу
43 383
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің Наурызым, ардақты
Қош келдің Наурызым, ардақты
Қазақтың ұлттық киімін киген бүлдіршіндер және Жұмагүл әжей «Көңіл ашар»күйінің сүйемелдеуімен, мерекелік бағдарлама өтетін жерге орындарына келіп жайғасады.
Армысың, әз Наурыз!
Армысың, әз Наурыз!
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Мерекелік көңіл-күй қалыптастыру. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт-дәстүрді құрметтеуге,
Қош келдің қызғалдақтай Наурыз
Қош келдің қызғалдақтай Наурыз
Балалардың наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін, дамыту. Халқымыздың салтын әдет ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Жігіт сұлтаны - 2023
Жігіт сұлтаны - 2023
Мұғалім: еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз мейрамын айрықша өткізіп келеді. Наурыздың 22 - ші жұлдызында күн менен түн теңеледі. Қыс өтіп, көктем келіп, мал төлдейді. Бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі.
Армысың, әз Наурыз!
Армысың, әз Наурыз!
Құрметті қонақтар, әріптестер! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурызбенен ұласып көктем жеткен! Үлкен – кіші көңілін көкке өрлеткен! Жан – жануар, табиғатты түрлетіп, Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен!-
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×