Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Допқа дейін еңбектеу

07 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Дене
Тақырыбы: Допқа дейін еңбектеу
Мақсаты: Допқа дейін еңбектеудің қарапайым дағдыларын үйрету. Баланың эмоционалдық көңіл - күйін еркін білдіруіне қолайлы жағдай туғызу. Ойын арқылы балалардың белсенділігін арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Психогимнастикалар арқылы баланың ішкі жан дүниесін сезінуіне мүмкіндік туғызу.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсіл: еңбектеу, психогимнастика, реалексация.
Көрнекілігі: «Жұмыртқа» макеті, үнтаспа, әр түрлі кейіпкерлер, ойын түрі.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың ісәрекеті
Мотивациялық кезең.
Іздену - ұйымдас - тырушы.
- Ку - ка - ре - ку - ку - ка - ре - ку.
Үнтаспадан аулада жүрген тауықтың дауысы естіліп, ортаға тауық шығып, жұмыртқа жанына келіп:
Түк - түк - түк
Аппақ - аппақ ақ отау,
Аузы мұрны жоқ отау.
Шөжелерім бармысың,
Ақ мамықты төл мүсін?
Ана тауық қатуланып:
Уақыт болды шығыңдар. Тізіліп сапқа тұрыңдар
Қандай сәнді, қандай сүйкімді балапансыңдар.
Балапандарым мына өмірге келгеннен кейін мен сендерге көп нәрсеге үйретейін, денелеріңді шынықтырып, ауырмайтын, ит пен мысыққа алдырмайтын болатын етіп тәрбиелейін.
Дамыту жаттығулары жасалады.
1. Б. қ. тік тұру. Қолды көтеріп алақанды ашып - жұму, қолды шыншақтан бүгіп, отырып - тұру, тұрғанда қолды шапалақтау.
2. Тік тұру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың басына тұру. Б. қ. тік тұру.
3. Аяқты алшақ қою, қолдың басын шалқайтып, қалды жоғары қағу.
4. Жем жейміз.
5. «Шаттану» шалқадан жатып, аяқпен қолды кезек - кезек қозғау.
6. Секіру. Тынысты реттеу. Ортаға «қоян» келеді.
сәлем шөжелер, қандай сүйкімді, қандай тәтті балапансыңдар. Балалар өткен сабақта «ақ қоян» ойынын ойнадық. Қане соны қайталайықшы.
Ақ қоян тұрсаңшы
Беті - қолыңды жусаңшы.
Айнаға қарасаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бізбен бірге ойнасаңшы
Біреудің қолын үзсеңші.
Ән «Сұр қоян».
Қоян шығып кетеді.
Жаңа сабақ:
Допқа дейін еңбектеу.
Мысық келеді.
- Сәлем, балапандар, біздің аулаға қош келдіңіздер. Мен осы ауланың қожасы – Марғаумын. Менен қорықпаңдар. Мен сендерге тимеймін.
Мен қалай еңбектеу керектігін үйренемін.
Мысыққа ілесіп еңбектейді.
Тәрбиеші: - Марғау, балапандар шаршаған шығар, кел, ойын ойнайық.
Қимылды ойын: «Шөжелер мен мысық»
Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелей отырып, қимыл жасайды.
«Мысық» дегенде балалар қаша жөнеледі. Мысық оларды қуып ұстай бастайды. Ұсталған бала ойыннан шығады.
Рефлекция: Жеңіл әуенге демалу.
Ана тауық: Көзімізді жұмамыз, мұрнымызбен кең тыныс аламыз. Ойша аппақ бұлттарды аралап, аспанда ұшып жүрміз. Қандай таза ауа, аппақ ақ бұлттарға мініп алыс-алыс жерлерге барамыз. Енді жайлап топқа оралдық, оянамыз, оянамыз.
Қорытынды:
- Бізбен жаңа ойнаған кім еді?
- Мысық бізге нені үйретті? Біз бүгін допқа дейін еңбектеп үйрендік.
- Ұйықтағанда мысықтың көзі қандай болады?
- Ал мысықтың көзі итті көргенде қандай болады?
- Ал мысық қалай дыбыстайды?
- Ал кішкене балапандар, сендер
бүгін жаттығудың біраз түрін жасап біршама еңбектендіңдер, енді мен сендерге өз отауларыңа ұқсас тәтті дәм ұсынайын. Ана тауық киндер сюрприз ұсынады. (Мадақтау).
Шөжелер
Қазір, қазір шығамыз,
Айтқан сөзді ұғамыз.
Осы кезде «Шөжелерім» әуені ойналып, балапандар бірінің артынан бірі шығады да, шеңбер жасап тұрады.
«Утьята» әуенімен
Балалар музыка әуенімен қимыл қозғалыс жасайды.
3 - 4 рет қайталау.
«Еңкейіп жерден жем шоқу» шалқаю.
Ақ қоян бір баланың қолын үзеді, үзе алмаса айып өтейді.
Әнімен айту. (1 шумақ)
Балапандар:
Мияу - мияу мысығым
Қатал неге ұсқының.
Біз ойынды сүйеміз
Бізге бірақ тимеңіз,- Деп ортаға шығады
Мысық
Еңбектеуді
Көзі барынша сығырайта тарту.
Көзі бақырайта барынша кең ашу.
Ауызды қимылдату арқылы даусын салу.
«Ку - ка - ре - ку» шөжелерім әуенімен топқа кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі? Жаттығуларды дұрыс орындауды.
Қандай түсініктер игереді? Қимылдың негізгі түрлерін игеру, қозғалыс белсенділігін жетілдіру, сергек күйін қолдау, ұқыптылықты қалыптастыру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері? Допқа дейін еңбектеуді, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету, жарысу, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылу.
9 369
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тағамдар туралы жұмбақтар
Тағамдар туралы жұмбақтар
Тағамдар туралы жұмбақтар
Тауық пен балапандары
Тауық пен балапандары
Музыка жетекшісі Капезова Гулдана Нурболатовна
Өрмелеу, еңбектеу, жүру
Өрмелеу, еңбектеу, жүру
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Хайруллина Әлия Бақтыгерейқызы
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
Павлодар облысы, Ақсу қаласы № 2 мектептегі шағын орталық тәрбиешісі Ахметова Сұлушаш Заркешқызы
Шұбар тауық
Шұбар тауық
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Мырзабаева Анаргүл Есмаганбетовна
Алтын жұмыртқа
Алтын жұмыртқа
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×