Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол жылы ұя

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Е/ж: Құрметті балалар мен қазір радио қабылдағышты қосамын, бізге арналған маңызды хабарламаны тыңдайық...
Диктор: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Бүгінгі көктемнің ажарлы күні балабақшасында «Ақжелкен» тобының балалары балабақшамен қоштасып жаңа
өмірге қадам басқалы жатыр. Олар мектепке барып оқушы атанғалы жатыр. (үзіліс)
Кхе - кхе балабақша ауласында белгісіз ұшатын нысана пайда болды. Тоқтаңыздар - тоқтаңыздар нысана анықталды. Бұл белгісіз ғаламшардан ұшып келген ғарыш кемесі. Кеме жерге қонды. әуенмен ұшатын кеме жерге қонды.
Өзге ғаламшарлық: шығып жан жағына қарап барлық жерде шарлап шығады.
- Ой мен қайдамын қайда келгенмін?

Б/ж: Сіз жер деген ғаламшарға келдіңіз. Бұл балабақшаның «Қоштасу» ертеңгілігі.
- Сіз кімсіз?
Өзге ғаламшарлық: - мен бе? Анам мені жұлдызша деп атайды.

Е/ж: - Сіз қайдан ұшып келдіңіз?
Өзге ғаламшарлық: Менің ұйым көңілді деген ғаламшар ойын деген әлемде.
Б/ж: біздің балалар ғаламшарлардың бәрін біледі. Бірақ сіздің ғаламшарларыңыз жайлы естіген емеспіз. Осы сәтте компьютерлік вирустың әуені естіледі.
Өзге ғаламшарлық: - естіп тұрсыңдар ма балалар вирус менің компьютерлік жүйені еніп алып менің ұшуыма кедергі жасағандықтан мен осында қонуға мәжбүр болдым. Балалар маған сендердің көмектерің қажет. Көмектесесіңдер ме?
Е/ж: Құрметті жұлдызша біз саған қалай көмектесу қажет екендігін ойлана тұрайық ал сен балалардың өнерін тамашалай тұр

Би: «Ча - ча - ча»

Өзге ғаламшарлық: сендердің әлемдеріңде өте көңілді, бірақ маған өз үйіме әке - шешеме оралу керек, бірақ мына кемемдегі вирус кетер емес.
Б/ж: - Мен білемін бізге кім көмектесе алатынын. (Осы кезде Тапқырбек келеді)

Тапқырбек:- Сәлем гүлдей балдырғандар,
Бақшадан тәлім алдыңдар.
Ер жеткен достар ақылды,
Енді мектеп шақырды.
- Мен ақылды Тапқырбек. Сендер секілді менде балбақшада болғанмын. Мектепке барып көп ізденіп Тапқырбек атандым.
Е/ж: - Тапқырбек бізге сенің көмегің қажет болып тұр.
Тапқырбек: - Ия кімге көмегім қажет, не істеуім керек.
Өзге ғаламшарлық: Менің ұшатын кемеме вирус жабысып кетер емес, енді не істерімізді білмей дал болып отырмыз мен ұша алатын емеспін. Вирустан құтылмасам өз еліме орала алмай қаламын.
Тапқырбек: - Бұл кемеге вирусты тазалайтын дискілер орнату қажет. Мен 3 дискі беремін әр қайсысының ішінде тапсырмалар бар соларды мына бүлдіршіндер орындаса вирустар жойылады. Сәттілік тілеймін қош болыңдар.
Е/ж: Рахмет Тапқырбек біздің балалар тапсырмаларды ойдағыдай орындайды деген сенімдемін.
Өзге ғаламшарлық: - Алақай! Вирустан құтылатын болдым. Мен өз еліме оралам..... Балалар бірақ сендер маған көмектесе аласыңдар ма?
Балалар - Әрине көмектесеміз.

Осы кезде жүргізуші дискінің біреуін алып, ұшатын кеменің дискі орнататын жеріне дискіні орнатады. Математика әуені ойналады. Ортаға кішкентай математика елінің ханзадасы Архимед кіреді.
Архимед: - Саламатсыңдар ма балалар мен математика елінің ханзадасы Архимед боламын мен сендерге мына тапсырманы алып келдім, деп жүргізушіге конверт ұсынады. Тапсырманы орындауда сендерге сәттілік тілеймін. Сау болыңдар.
Б/ж: Балалар мұнда сандарды дұрыс орналастыр деген тапсырма беріліпті, қанекей балалар тапсырманы орындайық. Балалар тапсырманы орындайды.
Сол кезде бір вирус жойылады.
Өзге ғаламшарлық: Урра бір вирус жойылды.
Е/ж: Жарайсыңдар балалар бір тапсырманы орындап бір вирустың жойылуына көмектестіңдер. Енді келесі тапсырманы орындайық. Жүргізуші екінші дискіні орнатады. Буратинаның әуені орындалады. Осы кезде залға Буратино кіреді.
Буратино: Аааа сәлеметсіңдер ме балалар сендер мектепке барайын деп жатырсыңдарма?
Балалар: Ия мектепке барамыз.
Буратино: Жарайсыңдар сендер мен секілді көп тілді білесіңдер ма? Мен қазақша, орысша және ағылшынша тілдерді білемін.
Балалар: Бізде білеміз.
Буратино: Онда сендерге мына тапсырмаларды орындау қиынға соға қоймасы анық. Сәттілік тілеймін сау болыңдар.
Б/ж: - Балалар екінші вирусты жою үшін мына тапсырманы орындайық, Қазақша, орысша, ағылшынша үйренген өлең тақпақтарыңды айтыңдар. Ендеше қазақ тіліндегі өлең тақпақтарымызды айтайық. Ал балалар бастаймыз ба?
Балалар: Ия

Хор ән: «Біздің балабақша»

Тақпақтар:
Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді
Мектепке барам мен енді
Балабақшам қош енді

Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер білім үйреткен
Өзіңізді қимаймыз

Мектепке ертең барамыз
Оқимыз саулық құрамыз
Қашық та болмас арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз

Баулап баптап өсірдіңіз
Балалық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Ұмытпаймыз өзіңізді
Хор ән: «Пусть всегда будет солнце»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 554
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата - аналар! Балалардың балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Қандыағаш қаласының №24 "Күншуақ" балабақшасының "Құлагер" тобының түлектері "Бақытты балалық шақ" Ұшағымен
Балабақшамен қоштасу
Балабақшамен қоштасу
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды Бізден ұшып қанат қағып есейіп Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Балабақшам – алтын ұям
Балабақшам – алтын ұям
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ғ. Мұратбаев ауылындағы № 15 "Балдәурен" балабақшасының әдіскер - тәрбиешісі Жұлдызбаева Гүлбану
Қош бол,балабақша
Қош бол,балабақша
«Қош бол,балабақша»
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші
Сүйген өз қыз, өз ұлын. Бөбегім деп аянбай Балабақша өз үйім Апай болды анамдай.
Жаңа Жыл 2019, қош келдің!
Жаңа Жыл 2019, қош келдің!
Айнала қоршап шыршаны, Шашылар шашу – жыр әні. Мынау әсем шыршаға, Қош келдіңіз, балалар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×