Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақшамен қоштасу

12 қазан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата - аналар! Балалардың балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Қандыағаш қаласының №24 "Күншуақ" балабақшасының "Құлагер" тобының түлектері "Бақытты балалық шақ" Ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.

Залға балалар әуенмен кіріп кіреді.
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс

1 - жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып қанат қағып есейіп
Өздеріңмен қоштасатын күн туды

2 - жүргізуші
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін
Өздеріңді сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік

1 - жүргізуші:
Қымбатты ата - аналар, ұжымдастар, қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз.

2 - жүргізуші:
Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады

Ән: "Біріншіге барамын"

Ақтілек:
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бала бақшамен
Мектепке біз барамыз

Нұрайым:
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз

1 - Жүргізуші:
Бөбек еді ол рас
Кіп-кішкентай кешегі
Бүгін міне азамат
Болды бәрі деседі
2 - Жүргізуші:
Тіл дамытып сурет салып
Жаттықтырды қолдарын
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын

Би: "Мы мальенкие звезды"

Тақпақтар:
Бексұлтан:
Мәпелеген анамыз
Бақша болды панамыз
Мектепке енді барамыз
Оқып білім аламыз

Каусар:
Мектепке енді барамыз
оқимыз сауық құрамыз
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз

1 - Жүргізуші:
Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп үйге қайтатын
Сәбиі еді былдырлап
Сағынышын айтатын

2 - Жүргізуші:
Тілі таза бүгінде
Жүгірмейді аптығып
Жүректері тұрма әлде
Қоштасатын шақты ұғып

Би: Испан

Тақпақ:
Ақбала:
Балабақшам қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Енді ертіп келмеймін

Камила:
Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты

Санжар:
Қоштасып мен бүгін балалықпен
Қоштасамын сиқырлы бала бақпен
Танысып мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен даналықпен

(Көңілді әуенмен атқа мінгесіп Қожа мен Сұлтан келеді)
Жүргізуші: Ау бұл кімдер шаңдатып жібердіңдер ғой мына жерді?
Қожа: Менің атым Қожа, ал мынау менің досым - Сұлтан.
Біз көрші ауылға сабан тойға бара жатырмыз.
Жүргізуші: Қайдағы той сабақ қайда?
Сұлтан:- Басыңды қатырып неге керек, мен мектепте оқыған емеспін, сондада аштан өліп көштен қалған жоқпын, әкемнің жылқыларын бағамын.
Жүргізуші: Сондада, қалайша ата - анаң мектепке апармады ма?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 269
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, балабақшам! атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары
Қош бол, балабақшам! атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары
«Қош бол, балабақшам!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Қош бол, балабақша!
Қош бол, балабақша!
Қош бол, балабақша! Армысыздар құрметті ата - аналар, бүлдіршіндер, балабақша қызметкерлері! Бүгінгі біздің балаларымыздың балабақшамен қоштасу кешіне қош келдіңіздер. Бүгінгі сәт балаларымыздың естерінде қалатын әсерлі сәт екені белгілі.
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата - аналар! Балалардың балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Қандыағаш қаласының №24 "Күншуақ" балабақшасының "Құлагер" тобының түлектері "Бақытты балалық шақ" Ұшағымен
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Қош бол,балабақша
Қош бол,балабақша
«Қош бол,балабақша»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×