Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Анам менің ардағым!

09 маусым 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Аналар мерекесіне орай әсем безендірілген залға балалар әуенмен жұптаса кіреді. Орындыққа отырады.

Тәрбиеші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап, гүл алсын.
Бақытқа толы өмірі,
Шаттыққа шаттық ұлассын.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар! Балабақша басшысы, ару апайлар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана деген керемет асыл жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шөлдесең шырын беретін, әнін, ертегісін айтып, ұйқымыздан оянғанда жүрегімізге жылу беретін сөздер айтатында осы – Ана емес пе. Бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әннен бастасақ. Мейірімді де, сүйкімді аналар мен әжелерге «Ақ мамам» әнін арнаймыз. Қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Аналарға енді жырдан шашу шашайық.
Аяулым:
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Таңқалдыру сәті: Есік қағылып көк көйлегі желбіреген себеті толған көктем келіп кіреді.
Көктем: Армысыңдар балалар!
Балалар: Армысыз, сұлу көктем!
Көктем:Балалар былтыр сендер кішкентай ғана бүлдіршін едіңдер. Ал, қазір есейіп, көркейіп кетіпсіңдер.
Тәрбиеші: Ару көктем, біз Сізді көргенімізге өте қуаныштымыз! Сізде бізбен бірге аналар мерекесіне арналған жыр шашуымызды мың бұралып билейтін қыздарымызды тамашалаңыз.

Бернұр:
Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай анаммен,
Асқан сұлу бар ма екен?!

Ақмаржан:
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағында қысылмай.

Инсана:
Гүл - гүл жайнап бәріміз,
Кіреді бізің сәніміз.
Аналарды тойымен,
Құттықтаймыз бәріміз.

Орыс биі: Аяулым, Ақмаржан, Инсана.

Аман:
Өлең айтып береміз,
Демалсын біздің мамамыз.
Маманы жақсы көреміз,
Бәріміз айбат баламыз.

Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам бар ма екен?

Жеке ән: «Анашым»

Әлихан:
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Жалғас:
Біліп тұрсың жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның.
Күштісі сол баладан,
Ана менен Отанның.
Дәулет:
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Көктем: Балалар, жарайсыңдар. Менімен бірге ойын ойнайық. Ойын шарты бойынша ойынды бастаушы себеттегі гүлдерді жерге шашады. Балалар гүлдерді жинап олардың нешеу екенін, түсін айтып береді. Ойын 2 - 3 рет қайталанады.

Хор: «Мама в день 8 марта»
Ярослав:
Я один у мамы сын,
Нет у мамы дочки.
Как же маме не помочь
Постирать платочки?
Мыло пенится в корыте,
Я стираю посмотрите.
Жанна:
Любит наша бабушка,
С нами поиграть
Любит наша песенки,
С нами распевать.
Балалар ақ жаулықты әжелерімізді де құттықтайық.
Еркеназ:
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін,
Нағыз ана тіл әжем.
Сабина:
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Зарина:
Мейірімді жібектей,
Күндей ыстық құшағы.
Ет жүрегі елжіреп,
Құлыным деп құшады.
Санжар:
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.

Жеке ән: «Менің әжем әдемі»
Рамазан:
Әжем менің ақ әжем,
Сені жақсы көремін.
Ертең үлкен болғанда,
Көйлек алып беремін.
Еркенұр:
Маған ақыл беретін,
Әжем менің асыл жан.
Сипап жақсы көретін,
Құлыным деп басымнан.
Айназ:
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді.

«Вальс» биі. ( Қ. Нұрдәулет - Аружан, Е. Нұрдәулет - Еркежан, Мирас - Ақтоты)
Қолдарынан өздерің аналарына гүлдерін тарату.

Сабина:
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.
Әділ:
Айтсаң боды, тіл алам,
Әйбат мамам, ай мамам.
Ботам деген даусыңнан,
Мен мәз болып оянам.

Хор: «Қалсын апам қуанып»
Осымен ортаңғы топтың аналар мерекесіне арналған ертегілігі аяқталды.

Сау болыңыздар!
Жұптасып топқа бару.
6 791
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Анаға сәлем
Анаға сәлем
Ақ тілекті ағытып бір тастайық, Аналардың мерекесін бастайық. Көздеріңнен көрем шаттық арайын, Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Аналардың көңілі, көктемдей жайнап гүл ашсын!
Аналардың көңілі, көктемдей жайнап гүл ашсын!
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №12 балабақшасының тәрбиешісі Аманғожина Халима Әлжанқызы
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×