Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеңіс күнін тойлаймыз!

25 маусым 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Балаларға Ұлы Отан соғысының мазмұнын әңгімелеп, осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін, жыл сайын Жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балаларды Отанды қорғауға, Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллионнан астам жауынгер қатысып, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты. Қаншама жауынгер хабар-ошарсыз кетті. Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 дивизия жауынгерлердің есімдері Ұлы отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.

2 - жүргізуші: Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге
Соғыс елді түсірді - ау ауыр күйге.
Жұрт күйзелді, төгілді қанша көз жас,
Түнерді қайғы бұлты талай үйде.

1 - жүргізуші: Біріктіріп үміті мен тілеген,
Біріктіріп барлық күшін жігерін
Ана үшін, бала үшін, жер үшін
Жасқанбастан тосты оққа жүрегін
Көрініс. Үнтаспадан.
- Қымбатты бауырлар, 1941 жылы 22-маусымда фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасады. Олар бізді бостандығымыздан айыра, жерімізді таптамақ болды, бірақ олай болмақ емес. Біз жеңеміз, әділет әрқашанда жеңбек. Фашистерге өлім келсін! Ағылған халық, Отан үшін жауға аттанып бара жатқан жауынгерлер. Кәрі де, жас та, қыздар да, аналар да әскерге іліккен жастарды шығарып салуда.
Дауыстар: «Аман - есен елге оралыңдар!», «Балам үйге жеңіспен оралыңдар!», «Әке қош сау бол!» т. б.

1 - жүргізуші: Мұндай жойқын апаттың көріп түрін,
Адамзат естімеген бұдан бұрын.
Талқандап фашистерді азат болған
Атаймыз жыл сайынғы Жеңіс күнін

2 - жүргізуші: Отан үшін мерт болғанды танып, біл,
Оларды әсте ұмытпайды халық бұл
Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді
Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр!- дей отырып Жеңіс күнінен арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Музыка. Балалар қолдарына гүл шоқтарын, шарларды алып шығады.

1 - жүргізуші: Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан айырылып, бейбітшілік орнағанына 67 - жыл.
2 - жүргізуші: Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,
Кеудесін отқа төсеп лаулағандар.
Бір сәтке сол ерлерді еске алайық
Жеңіс тойын бүгінде тойлағандар, деп сонау сұрапыл жылдары Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан жандарды 1минут үнсіздікпен еске алайық.
Үнсіздік.
Бағлан: Біздер үшін жанын қиған,
Бас иеміз жандарға
Атақ - даңқын жеткіземіз,
Ертеңгі атар таңдарға.
Құтты болсын апалар
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар
Ән: «Жеңіс күнін тойлаймыз»

Айша: Жауынгер біздің саңлақтар
Жауды жеңген солдаттар
Ардақта Отан - ел үшін
Бақытты туған жер үшін.
Нұрәділ: Жау шатырын жықтырып
Жауға тізе бүктіріп
Жарқ етті елдің ерлері
Жеңімпаз өскен ұдайы.

Жүргізуші: «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес!». Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне тастан қашалып жазылған.
Арайлым: Мезгілсіз өлген ардагерлер
Ұлдар айбыны
Желбіре тулар
Толықсып тұрса
Май гүлі
Қуану керек!
Қуану керек десек те....
Ұмыту қиын қайғыны
«Көңілді би» Соғыс әндеріне папури.

Жүргізуші: Иә, бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин, Талғат Бигелдинов, Мұсабек Сеңгірбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен аталарымыз, әпкелеріміз бен апаларымыздың жасаған ерліктері мәңгі жадымызда қалады. Бейбіт күннің әрбір арайлап атқан таңы үшін біз майдангерлерге қарыздармыз. осы апа - аталарына ұқсауды армандайтын балаларымыз, қазір сіздерге өз өнерлерін көрсетеді.

Темірлан: Қайтпаған дауылдан
Кек алған жауынан
Халқымның қастерлі
Жайсаңы Бауыржан
Қазақтың қамы үшін
Жүрегі ауырған
Елінің намысын
Қорғаған Бауыржан
Жүргізуші: 1945жылы 30сәуірде сағат 6, 30 - да жеңіс туы тігілді. Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға созылған қан төгіс аяқталды.

Көрініс.
Ортаға қолында қызыл туы бар Рақымжан Қошқарбаев шығады.
Рақымжан. «Отан үшін алға!», «Біздер жеңдік!» туды тігеді.
Салют, фанфары.
Үнтаспадан дауыс: 4жылға созылған ауыр соғыстан кейін совет әскері фашистік Германияны құлатып, Ұлы Отан соғысында жеңіске жетті.
Жеңіс құтты болсын!
1 - жүргізуші: Бір ғана Жеңіс деген сөзді естігенде сол кездегі адамдардың қуанышында шек болмады. Жан - жақтан айқайлаған дауыстар, көзіне жас алып жылағандар болды. Әрине бұл үлкен қуаныштың жасы еді.

2 - жүргізуші: Ержүрек батыр ата - апаларымыз сыйлаған бақытты таңдар, бейбіт күндер үшін, ол кісілердің алдарында біздер әрқашан бас иеміз, ендігі жерде жыл сайын саны азайып бара жатқан батырларымыздың қалғандарына Алла тағала ұзақ ғұмыр берсін деп тілейміз.

Жангүл: Ағайын туған бар адам
Адамдық үшін жаралған
Бар елге қымбат туыстық
Баянды болсын тыныштық

Данара: Нұр тұнсын қырымыз
Құлпырсын гүліміз
Жайқалсын бағымыз
Жайнасын күніміз
Арслан: Ақ көгершін қалықтап
Аспанда ашық самғаған
Тыныштық болып елімде
Қанаты оның талмасын.
Ән: «Ақ көгершін»
15 930
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Тілегіміз бейбітшілік
Тілегіміз бейбітшілік
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлармен, олардың ерлігімен таныстыру. Олардың ерен ерліктеріне еліктеушілік сезімдерін туғызу. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Ерлік - дастан, Жеңіс - думан
Ерлік - дастан, Жеңіс - думан
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледж оқытушысы А. Нұржанова Сауранбайқызы
Әр қашан күн сөнбесін!
Әр қашан күн сөнбесін!
Жалпы орта білім беретін «Мереке» мектеп – балабақшасы тәрбиешісі: Малаева А.С.
Жеңіс күні
Жеңіс күні
Северо - Казахстанская область, Район имени Г. Мусрепова, с. Новоселовка, Новосельская средняя школа зам по ВР Сыздыков Аман Каиржанович
Батырлар қалмас беймәлім.
Батырлар қалмас беймәлім.
ШҚО, Аягөз қаласы, «№ 5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Муратканова Перизат Муратовна Сабақтың тақырыбы: Батырлар қалмас беймәлім. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×