Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана - арман қала

17 шілде 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Астана - арман қала.

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан республикасының рәміздері.
Астана қаласының ғимараттары.
Әдісі: әңгімелесу, ойын жаттығулар.
Жүргізуші: Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар.
Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылу шеңбері: Ал енді балалар бір - бірімізге алақанымыз арқылы жылу шеңберін күн секілді жылы жүзбен күлімдеп жылы лебіз білдірейік:
Деніміз сау болсын,
Күніміз күлімдесін,
Еліміз аман болсын,
Ата - анамыз қасымызда болсын,
Бәріміз дос болайық,
Бәріміз бақытты болайық,
Аспанымыз ашық болсын.

Ән: Ән ұран.
Жүргізуші: Қане балалар орнымызға отырайық.
Біз бүгін сендермен отанымыз туралы әңгімелесеміз: Балалар отан деген сөзді қалай түсінесіңдер.
Балалар: Туған жерім, ата мекенім, отбасым, халқым.
Жүргізуші: Дұрыс балалар, отан дегеніміз біздің еліміз туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Жүргізуші: Қ. Р президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
Балалар: Қазақ тілі.
Жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі халықтармен ұлт өкілдері тұрады. Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесің?
Балалар: Орыс, өзбек, түрік, қытай.
Жүргізуші: Елімізді қандай рәміздерін білесіңдер?
Балалар: Ту. Елтаңба. Әнұран.
Жүргізуші: Ту, Елтаңба, Әнұран бір сөзбен қалай айтамыз?
Балалар: Рәміздер.
Балалар ту, елтаңба, әнұран туралы білгендерін айтады:
Наргиза: Ту. Біздің республикамыздың мемлекеттік Туы - тік төртбұрышты көгілдір түсті мата. Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштықты білдіреді.
Тудың ортасында күн тұр, ол жылулықты білдіреді. Күннің астында қанат жайған қыран бүркіт бар. Жанында ою - өрнек салынған, алтын түспен берілуі тыныштықты, байлықты білдіреді.
Әсел: Елтаңба. Қазақстанның Елтаңбасы дөңгелек пішінді және Тудың түсіндей көгілдір түсті. Оның ортасында шаңырақ бейнеленген. Күннің сәулесіндей айнала уықтар тараған. Екі жағында екі қанатты тұлпар салынған ол - қорғауды білдіреді. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді.
Үстінде « жұлдыз», астыңда «Қазақстан» деген жазуы бар.
Айбар: Әнұран. Мемлекеттік әнұран – маңызды мемлекеттік шараларда орындалады. Әнұранды тұрып айтады, тұрып тыңдайды.
Жүргізуші: Ел ордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Біздің еліміздің бас қаласы Астана туралы мағлұмат айту. Түсіндіру.
Астана туралы тақпақтар:
Нұрланбек: Ел бөбегі бүлдіршін, жас баламыз.
Астанамыз, астана бас қаламыз.
С. Ақерке: Астана арман қала,
Бағы ба жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып,
Мен үлкен болған да да.
Мағжан: Жаса - жаса Астанам,
Өркен жол бастаған
Болашақтың есігін,
Өз қолыммен аш маған.
Дәулет: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қалам - Астанам.
Айбар: Шырқап көкке асқан - ән
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам - Астанам.
С. Қолғанат: Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам - бас қалам.
Балалардың орындауында: « Вальс.»
Балалар, енді отан туралы мақал - мәтелдер айтайықшы.
Алуанай: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Отан үшін отқа түс - күймейсің.
Отан - оттан да ыстық.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Балалардың орындауында ән: "Отан".

Ойын: «Рәміздерді құрастыру». Балалар қиылған суреттерді құрастырады.
Жансаяның орындауында ән «Ертегілер».
Балалардың тақпақтары:
Айым: Сарыарқаның төсінде
Гүл жайнаған, Астанам
Ақпейілдей арнайы
Ақ тілегім, жас бала.
Даяна: Елордасы елімнің,
Қазағымның жүрегі
Астанамды бірінде,
Күллі әлем біледі.
Кәусар: Жыр қып төктім өзіңе
Шумақтарын сезімнің
Әсем қала – Астанам
Құрдасымдай өзімнің.
Бекасыл: Әуелейді асқақ ән
Болашаққа бастаған
Мәртебемсің сен менің
Айналайын Астанам.
Назерке: Қымбат маған есілің
Жүрегімде жүреді
Жарқын болсын ертеңнің
Осы елдің тірегі.
Мансур: Астанам - арман қала
Бағы бар жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып
Мен үлкен болғанда да.
Нұрсәуле: Жаса - жаса Астанам,
Өркен жол бастаған.
Болашақтың есігін
Оң қолыңмен аш маған.

Меруерт: Жас астанам, жас қалам.
Тарихым бар ашпаған.
Ордасы боп ашылдың,
Ей, бас қалам - Астанам.
Е. Айша: Барша әлемге әйгілі
Ел басымыз Нұр аға
Мақтанышы елімнің
Нұрын шашқан, Нұр қала.
Диас: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа
Ей, бас қалам - Астанам.
Еркеназ: Шырқап көкке аспан - ән
Болашаққа бас қадам,
Қазақ рухын биіктен
Ей, бас қалам - Астанам.
Түрік биі.
Ән «Жаңбыр» Малика.
Ойын «Доп»: жүргізуші сұрақ қоя отырып, бір балаға лақтырады. Ол жауабын айтып допты қайтып лақтырады.
- Ал, қане бастайық:
- Қазақстанның астанасы, қай қала?
- Астана.
- Қ. Республикасының президенті кім?
- Н. Ә. Назарбаев.
- Біз қай елде тұрамыз?
- Қ. Р.
Балаларды мадақтау. Қонақтармен қоштасу.
- Сау болыңыздар.
49 031
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Менің Отаным"
"Менің Отаным"
Мақсаты: Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру. Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме. Көрнекілігі: ҚР президентінің портреті, еліміздің рәміздері, Астана қаласы туралы суреттер. Ұйымдастыру кезеңі:
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Гүлдене бер Астана
Гүлдене бер Астана
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Ана тілім – бал тілім!
Ана тілім – бал тілім!
Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Жайнай берсін, Астана!
Жайнай берсін, Астана!
Астана туралы мәлімет беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×