Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер әлеміне саяхат

14 қараша 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
Тақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балаларға шын көңілден шаттық көңіл - күй сыйлап, мереке атауларымен таныстыру. Балаларды қорғау күні қалай аталып өтілетінін өз көздерімен таныстыру. Мерекеге жақсы көңіл - күй керек екенін балаларға ұғындыру.
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата - аналар, сүйкімді балақайлар! 1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын. Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз. «Аружан» балабақшасының өнерлі ұжымы мен талантты балаларының мерекеге орай дайындаған «Ертегілер еліне саяхат» атты мерекелік концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: Сарысай ауылында дүбірлі той,
Балаларды қорғау күні, біліп қой.
Алақай - ау, алақай!
Той тойлайық балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақай.
Мерекені бастамас бұрын « Аружан» балабақшасының меңгерушісі Бірмағанбетова Гүлім Есенғұлқызына сөз кезегін берейік.

1 - жүргізуші: Ендеше әдептен аспайық, әдепсіз болмайық, ертегілер әлеміне саяхатқа барайық. Балалардың сүйікті ертегілерінің бірі - « Қызыл телпек» ертегісін тамашалаңыздар!
Автор: - Ерте, ерте, ертеде орман патшалығында Қызыл телпек өмір сүріпті. Ол анасымен бірге тұрыпты. Бір күні анасы:
Анасы: - Қызым, мен әжеңе арнап тоқаш пісірдім, сол тоқашты апарып бер. Жолда жүргенде сақ бол. (Қызыл телпек тоқашты алып кетеді.) Осылайша Қызыл телпек әжесіне асығып жолға шықты. Алдымен екі жол шықты бірі ну орман және екінші жол ұзақ жол.
Алтын балық: - Көмектесіңдер, көмектесіңдер! (Қызыл телпек құтқарады) - Рахмет. Егерде сен қиын жағдайға тап болсаң, мына сиқырлы сөздерді айтсаң мен көмекке келемін. (Абрака, дабрака) Осылайша Қызыл телпек алтын балықты құтқарып жіберіп, сиқырлы таяқшаны алады.
Қарақшылар: - Қызыл телпек қайда бара жатырсың? Біз сені жібермейміз.
Қызыл телпек сиқырлы сөздерді айтады. Сиқырлы сөздерді айтып қарақшылардан құтылады.
Қызыл телпектің көңілін көтеру үшін біздің бүлдіршіндер би билеп береді.

Би: «Қарақшылар»
Қызыл телпек пен бауырсақ байқаусызда түйісіп қалады.
Қызыл телпек: - Бауырсақ қайдан келесің?
Бауырсақ: - Атам мен әжемнен қашып келемін. Мен саған өлең айтып берейінші. Жарай ма. (Бауырсақ ән айтады)
Ән: «Не деу керек?
Ұзақ жол жүрген Қызыл телпек адасып қалады. Не істерін білмей жылай бастайды. Осы кезде музыканың дыбысы естиді.
Бременьский музыканты (ит, бала, есек, әтеш мысық) Әншілер Қызыл телпекті Тасбұлақтың сайына жеткізіп тастайды.
Автор: Тасбұлақтың сайында музыканттар жүріп өтеді.
«Әуенді сайыс» балалармен бірге жаттығу жасау.
Клоундар шығады. Өз өнерлерін көрсетеді.
Клоундармен бірге шармен балаларды алып шығып, билеу. Скакалькамен секіру.
Балалармен ойын: «Қане, билейік»

Би: «Қуыршақтар»
Қызыл телпек клоундардың өнеріне тәнті болып, қайта жолға шығады.
Қоян Қызыл телпектің қасынан жүгіріп өтіп кетеді.
Қасқыр: - Қызыл телпек сен қайда асығып бара жатырсың?
Қызыл телпек: - Мен әжеме тоқаш апара жатырмын.
Қасқыр:- Әжең қай жақта тұрады?

Қызыл телпек: Орманның арғы жағында тұрады.
Осылайша қасқыр айласын асырмақшы болып, әжесінің үйіне бет алады. Қасқыр әжесінің есігін қағады.
Әже: - Кім бұл?
Қасқыр: - Мен ғой әже Қызыл телпек немерең. Мен сізге тоқаш алып келдім.
Әже: - Есіктегі жіпті өзіңе қарай тартсаң есік ашылады
Автор: Есікті ашып әжені жұтып қояды. Қасқыр әженің орнына жатып алады да, Қызыл телпекті күтеді.
Қызыл телпек есікті қағады. – Әже мен ғой Қызыл телпек немерең, мен сізге тоқаш әкелдім.
Қасқыр: - Есіктегі жіпті өзіңе қарай тартсаң, есік ашылады.
Қызыл телпек үйіне кіреді.
Әжесінің жанына барып,; - Әже көзің неге үлкен?
Қасқыр: - Сені жақсылап көру үшін
Қызыл телпек: - Құлағың неге үлкен?
Қасқыр: - Сенің сөздеріңді есту үшін
Қызыл телпек: - Тістерің неге үлкен?
Қасқыр: - Сені жеу үшін
Қызыл телпекті қасқыр жұтып қояды.
Ормандағы аңшы қатты дауысты естіп қалады да, әжейдің үйіне келіп, қасқырды көріп атып салады. Қасқырдың іші жарылып, әжей мен Қызыл телпек шығады.
Қызыл телпек тоқашты әжесіне береді, әжесі қатты қуанады.
Кейіпкерлер ортаға шығады.
18 223
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
1 маусым балаларды қорғау күніне арналған тақпақтар
1 маусым балаларды қорғау күніне арналған тақпақтар
Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан.
Біз өмірдің гүліміз - балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
Біз өмірдің гүліміз - балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, б бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Жүздерінен мейірім мен нұр тамар
Алақай, жаз келді.
Алақай, жаз келді.
1 - маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.(Хормен). Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бақытты балалақ шақ
Бақытты балалақ шақ
Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз! «Бөбек» шағын орталықтың 1 маусым - балаларды қорғау күніне арналған бүлдіршіндермен бірге дайындаған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік
Халықаралық балаларды қорғау күні
Халықаралық балаларды қорғау күні
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Мақсат балабақшасының мұғалімі Жакеева Алма Маратовна
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
№5 «Ақбота»МДҰ МКҚК Әдіскер Есжанова С. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×