Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нашар көрші

14 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Нашар көрші.
Мақсаты: 1. Оқушыларға мәтіннің мазмұнын аша отырып, негізгі идеяларды ұғындыру.
2. Сөздік қорды байыту, сұрақтарға жауап беру, қарама – қарсы сұрақтар дайындау, «Эссе» жазу»
3. Сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу тәрізді әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. БжС технологиясы. Ауызша – 2 картасы.
Әдістер: Түсіндіру, сұрақ - жауап, қайталау, жазу, бекіту.

Көрнекілік: матрица, сын тұрғысынан сұрақтар, тірек сөздер.
I. Ұйымдастыру бөлімі: а) амандасу; б) сабақ тақырыбы мен мақсатын айту;
Психологиялық жаттығу.
Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді балалар
1 минут ішінде оқып, есте сақтайды. Белгіленген уақыт біткен соң блок жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады, жазып болған соң сөздердің саны матрицаға енгізіледі, сонан соң блок ашылады да, балалар қалдырып кеткен сөздерді дәптерлеріне жазып алады. Егер оқушылар 7 сөзді тез есте сақтап, дәптерлеріне жазып берсе, бұл ТКШ (төменгі көрсеткіш шектігіндегі) тапсырманы орындағаны, келесі сабақта жоғары АКШ (аралық көрсеткіш шектігіндегі) тапсырмаға қарай өту керек, яғни, келесі сабақта 14 сөз беріледі. Бұл кезең жаңа сөзді есте сақтаудың бір түрі. ООМ - на (оқушылардың партада отыруы бойынша ) матрицаға бірінші баға енгізіледі.
Тірек сөздер.
Тарихи шығарма, борыштымын, мұра, қайрымдылық қоры. менмен көзқарас, достарым, мал - мүлкін
ІҮ. Ойлауды ұйымдастыру.
Мәтінмен жұмыс - 3 минут беріледі.
Балалар мәтінді оқып, одан тірек сөздерді тауып, тақырып бойынша мазмұнын ашуы тиіс. Сонымен бірге балалар мәтінді көңіл қойып оқуға нұсқау алады. Себебі, мұғалім сабақты сұрау барысында ұсақ деталдарға көңіл қоятындығын ескертеді.
. Ү. Алғашқы түсінікті тексеру.
Қарама - қарсы сұрақтар.
1. Он бес жастағы Текен әкесімен қайда отыр?
2. Мұстафа көрші Хасан туралы не айтады?
3. Достары оған қалай ат қойыпты?
4. Алланың адамға берген ең жақсы сыйлығы ол қандай?
5. Текеннің әкесі қандай отбасында тәрбиеленген?
6. Қазіргі уақытта әкесі қалай өмір сүріп жатыр?
7. Әкесі баласын қайда оқыта алады?
8. Осы байлығы үшін әкесі кімге борышты?
9. Жастайынан кімнен айырылды, әкесін кім тәрбиелейді.
10. Нағашысының тәрбиесі қандай болды?
11. Мұра ретінде нағашысы не қалдырады?
12. Хасан мырзаның өзі туралы айтқан қандай сөздерін естиді?
13. Көршісінің сөзі оған қалай тиеді?
14. Хасан мырзаның қандай сөзі намысына тиді?
15. Ол қандай кітаптарды оқи бастады?
16. Қай жылы кәрі көршісі дүние салды?
17. Кәрі шалдың мал - мүлкін қайда аударған?
18. Дүкеннің бұрышына кімнің суретін іледі?
ҮІ. Бекітуді алғашқы ұйымдастыру.
Сын тұрғысынан сұрақтар қою.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса - «иә», қате болса - «жоқ» деп жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады.
1. Текен әкесімен жаңғақ ағаштың түбінде отыр+
2. Мұстафа мырза Хасан туралы көп нәрсе айта алмады –
3.
Үшінші баға қойылады.
VІ. Оқушылар сабақта оқыған, білгендерін, сұрақтарға берген жауаптарын естеріне түсіріп, «Эссе» жазады.
Төртінші баға қойылады.
VІІ. Тексеру: Оқушылар «Эссе» құрамындағы сөздерді санап, астына сөздер санын жазып қояды. Кімнің жазған «Эссесі» көп сөзден құралған болса, сол оқушы бірінші болып оқиды.
VІІІ. Бағалау:
Әр берілген дұрыс жауапқа «+» қойылып, матрица толтырылып отырады, сол нәтиже бойынша оқушы бағаланады.
«5» - ++++; «4» - +++; «3» - ++; «2» - +;
IX. Қорыту:
мұғалім тақырыпты қорытындылайды, сапалы жұмыс жасаған балаларды мадақтайды, матрица бойынша нәтижесін шығарып, баға қояды.
7 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің мектебім
Менің мектебім
Зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту.
Алтын балта
Алтын балта
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Екі дос
Екі дос
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет - Рашидқызы
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет
Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×