Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі

01 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы,
Мерген орта жалпы білім беретін мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі.
Мақсаты: 1. Жануарлар әлемімен таныстыру.
Жануарлардың алуан түрлілігімен таныстырып, тіршілік ортасымен хабардар ету.
2. дүниетанымын, сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін арттыру.
3. табиғатты сүюге, қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу..

Сабақ типі: «БиС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
Технология: «БиС» технологиясы, «Ауызша сабақ - 1» картасы.
Сабақтың көрнекілігі: матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар, қарама - қарсы сұрақтар;

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту)
Әдіс – тәсілі: БжС технологиясы,
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалім жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе мәлімет береді.
а) Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздермен жұмыс.
Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді балалар 1 минут ішінде оқып, есте сақтайды. Белгіленген уақыт біткен соң блок жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады, жазып болған соң сөздердің саны матрицаға енгізіледі, сонан соң блок ашылады да, балалар қалдырып кеткен сөздерді дәптерлеріне жазып алады. Егер оқушылар 7 сөзді тез есте сақтап, дәптерлеріне жазып берсе, бұл ТКШ (төменгі көрсеткіш шектігіндегі) тапсырманы орындағаны, келесі сабақта жоғары АКШ (аралық көрсеткіш шектігіндегі) тапсырмаға қарай өту керек, яғни, келесі сабақта 14 сөз беріледі. Бұл кезең жаңа сөзді есте сақтаудың бір түрі. ООМ - на (оқушылардың партада отыруы бойынша ) матрицаға бірінші баға енгізіледі.

Тірек сөздер: жануарлар, аңдар, құстар, балықтар, жәндіктер, қосмекенділер, жорғалаушылар, жабайы жануарлар, үй жануарлары, шөпқоректілер, жыртқыштар, талғаусыз қоректілер.

ІІІ. Карта: Ойлауды ұйымдастыру.
Мәтінмен жұмыс - 3 минут беріледі.
Балалар мәтінді оқып, одан тірек сөздерді тауып, тақырып бойынша мазмұнын ашуы тиіс. Сонымен бірге балалар мәтінді көңіл қойып оқуға нұсқау алады. Себебі, мұғалім сабақты сұрау барысында ұсақ детальдарға көңіл қоятындығын ескертеді.

Қарама – қарсы сұрақтар:
1. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
2. Аңдарды қандай екі топқа бөлеміз?
3. Ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенетін жануарларды қалай атаймыз?
4. Шөпқоректілерге қандай жануарлар жатады?
5. Ақбөкен - қандай жануар?
6. Оның тұмсығы қандай болып келеді?
7. Денесі қандай?
8. Ақбөкендер қайда жайылады?
9. Олар не жейді?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 751
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің мектебім
Менің мектебім
Зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту.
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Оқушылардың ақыл ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жануарлар әлемінің алуан түрлігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлігімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету. Ой - қиялын, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын молайту.
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Нашар көрші
Нашар көрші
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебі бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы
Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет
Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×