Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің мектебім

26 шілде 2019, Жұма
Қазақ тілі 5 - сынып
Сабақ тақырыбы: Менің мектебім
Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Менің мектебім» тақырыбы бойынша білімдерін кеңейту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Білімділік: «БжС» технологиясының «Ауызша сабақ - 1» картасы бойынша оқушыларға «Менің мектебім» тақырыбынан мәлімет беру, өз түсінгендерін практикада қолдана білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік мәні: Тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге жетелеу.
Сабақ типі: «БжС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
Технология: «БжС» технологиясы, «Ауызша сабақ - 1» картасы.
Сабақтың көрнекілігі: матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар, қарама - қарсы сұрақтар; презентация;

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.: Оқушылармен амандасу,
- Шаттық шеңбері
- Кезекшінің мәліметі.
- Сабақтың тақырыбымен таныстыру

Сабағымызды бастамас бұрын біз сыныбымыздың көшбасшысына сөз береміз.
Сынып көшбасшысы Афанасьева Виталина

1. Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба?
2. Біз мектептің мақтанышы боламыз ба?
3. Қазақ тілінен бес алып нәтижеге жетеміз бе?

Балаларға іске сәт тілей отырып сабағымызды бастаймыз.

І кезең. Үй тапсырмасы. Өткен тақырыпты бекіту мақсатында сұрақтар арқылы сөздік қорды тексеру

1. «Мектеп - ана» өлеңін кім жазды?
2. «Сауатты», «мәдениетті» сөздерінің орысша аудармасы қандай?
3. Есептік сан есімнің сұрақтары?
4. «Мектеп» сөзінде неше буын бар?
5. «Белсенді», «міндет» сөздерінің орысша аудармасы қандай?
6. «Оқушылар» сөзінде неше буын бар?
7. Сын есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
8. Қазақ тілінде неше тән дыбыстар бар?

ІІ кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалім жаңа тақырыпқа интерактивті тақта бойынша мәлімет береді.

а) Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздермен жұмыс.
Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді балалар
30 секунд ішінде оқып, есте сақтайды. Белгіленген уақыт біткен соң блок жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады.
1. Қабат
2. Асхана
3. Кітапхана
4. Оқулық
5. Сынып
6. Мұражай
7. Түлек

ІІІ кезең. Ойлауды ұйымдастыру.
Мәтінмен жұмыс - 3 минут беріледі.
"Менің мектебім"
Біздің мектеп үш қабатты. Оның іші кең, жарық, әдемі, жылы және таза. Мектепке кіргенде сол жақта асхана, оң жақта кітапхана бар. Біздің кітапхана үлкен. Онда оқулықтар, сөздіктер, қызықты кітаптар, әртүрлі әдебиеттер бар.
Екінші қабатта бір мұғалім бөлмесі мен отыз үш сынып бөлмесі орналасқан.
Біздің мектепте өз мұражайымыз бар. Мұражай материалдарын мектеп мұғалімдері, оқушылар мен түлектер жинаған. Спорт залымыз үп - үлкен. Оның іші жап - жарық.

Мәтін бойынша қарама - қарсы сұрақтар.
1. Мектеп неше қабаттан тұрады?
2. Мектептің іші қандай?
3. «Кітапхана» сөзінің аудармасы?
4. Кітапханада нелер бар?
5. Екінші қабатта қандай бөлмелер орналасқан?
6. «Мұражай» «түлектер» сөздерінің аудармасы?
7. Спортзал қандай?
8. Асхана қайда орналасқан?
9. «Қабат» сөзінің аудармасы
10. Біздің мектеп қалай аталады?

ІҮ кезең. Сын тұрғысынан сұрақтар қою.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса - «иә», қате болса - «жоқ» деп қоймай сұрақтарға толық жауап жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады.

Тоқсан би орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Эльмира Абуова
Менің мектебім. жүктеу
1 792
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің мектебім
Менің мектебім
Қысқа мерзімді жоспар. Қазақ тілі 5 - сынып Қысқа мерзімді жоспар. Қазақ тілі 5 - сынып
Менің мектебім. Тәуелдік жалғау
Менің мектебім. Тәуелдік жалғау
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» атты повесі бойынша толық мәлімет беру. Оқушылардың өлең бойынша пікірлерін тыңдау, негізгі идеяны ашу. Оқулық бойынша жұмыс атқару, өз ойының айырмашылығын ескере отырып, есте сақтау кестесі арқылы оқушылардың
Менің мектебім
Менің мектебім
Тақырып бойынша өткен материалды қайталау арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту, оларды өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын ашу.
Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет
Жануарларға ауа, жарық, жылу және су қажет
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×