Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауаның құрамы. Ауа қабығы

18 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану (4 - сынып)

Тақырыбы: Ауаның құрамы. Ауа қабығы.
Мақсаты: 1. Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру.
Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.
2. Сөздік қорын кеңейту, көз алдына елестету мүмкіндігін, өзінің ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту.
3. Табиғатты қорғай білуге, аялауға, өз үлесін тигізе білетін азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндіру, тәжірибе жасау.
Көрнекілігі: Тірек сызба, доп, шар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру
Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Мұғалім: Балалар (хормен)
Әрбір адам – Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ – Үйрену, ұғыну, ұлағат,
Әрбір ісің – Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – Шындық, бірлік, адалдық.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.
Өйткені біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?
- «Суды қорғау»
- Ия, дұрыс айтасыңдар
1 оқушыға әңгімелету
4 - 6 оқушыдан сұрақ - жауап алу
1. Табиғаттағы судың ластануы туралы білгеніңді айт.
2. Суға қандай зиянды қалдықтар түседі? Олар ағзаларға қалай әсер етеді?
3. «арал қасіреті» туралы не білесің?
4. Ластанған су деп қандай суды айтады?
5. Суды қорғауға өздерің қандай үлес қосар едің?

Жаңа сабақ
Жақсы балалар, олай болса, сусыз тіршілік жоқ.
- Тіршілік үшін ең қажетті жағдайлар нелер?
- Ауа, су, жарық, қорек, жылу
- Дұрыс - ақ
- Тіршілік үшін ең бірінші не қажет?
- Ауа
- Біз ауа туралы білеміз бе?
- Ия
- Ауаның қасиеті қандай?
- Иіссіз, түссіз, мөлдір, дәмсіз.
Демек олай болса, біз бүгін ауаның құрамы мен ауа қабығымен танысатын боласыңдар.
Тақтаға күннің жадын жазу
Тақырыпты жазу
Ауаның құрамы, қабығы жайында оқу, түсіндіру.

І. Тәжірибе жасау
Аузыңды жауып, танауыңды қыс. Ішіңнен сана не байқадың?
Тұншықтың саған не жетіспейді?
Допты алып қысу. Ауа сығылды, серпілді, соғылды.

Көкалдандырылған орман, адам, жан - жануарлар бейнеленген сурет. Ауасыз тіршілік ете алмайды.
СЛАЙД
Сондықтанда біз ауаны ластанудан сақтауымыз керек.
Осы ауаны ластайтын завод, фабрика, өндіріс орындар, көліктер, шаң - тозаңдар бүлдіреді.
Біздің тұрған өлкеміздің ауасы қандай?
- Экологиямыз нашар, ауамыз төмен.
- Ол ненің салдарынан?
- Мұнай өнімдері өндіріледі. Сондықтан ластанады.
-
Тіршілік үшін ас қажетті оттегі ауаның үштен бір бөлігін құрайды. Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегіден 700 есе аз. Ауа қоспасындағы ең көп газ – азот. Ол ауаның үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78% - ы азот. 21%- ы оттегінің үлесіне тиеді.
1. Азот 78%
2. Оттегі 21Ғ
3. Көмірқышқыл 1%

Ауа Жер шарын тегіс қоршап, қабат түзеді. Оның қалыңдығы бірнеше жүз киллометрге жетеді. Біз газдан тұратын ауа мұхитының түбінде өмір сүреміз.
Ауа қабығы бірнеше қабаттан тұрады. Жер бетіне жақын бөлігінде су буынан бұлттар түзіледі, яғни атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіліп, жауын - шашын жауады. Екінші бөлігін де газдар сирейді. Бұлттар түзілмейді, өйткені су буы өте аз. Үшінші сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңес тік басталады.
Әр қабат ауа шарлары, ұшақтар жасанды Жер серіктері, ғарыш кемелері арқылы мұқият зерттелген. Жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы да анықталған.
Атмосфера қабаты сурет, слайд
«Жер», «Күн» сурет, слайд.

Күндіз атмосфераның төменгі қабатындағы ауа күн сәулесінен тікелей жылынбайды. Алдымен Жер беті жылынады, жылу содан барып ауаға тарайды.
Аспан денелерінен Жерге қарай көптеген темір, тас бөлшектер ұшып жатады. Олар сол күйінде Жерге жауса, тіршілік үшін аса қауіпті болар еді. Бірақ олар Жерге түгелімен түсе бермейді. Ауа қабатында ауамен үйкелістен қатты қызып жанады. Кейбіреуі жерге жетуі де мүмкін. Олар метеориттер деп аталады. Ауасыз тіршілік ете алмайды.

Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға кезек - кезек оқыту
1. Ауа - газдардың қоспасы екенін дәлелдейтін абзацты тауып оқы
2. Жұмсалған оттегінің орнын толтыратын бөлімді тауып оқы.
3. Тіршілік үшін ауаның бөлігін құрайтын абзацты тауып оқы.
4. Ауа қабығы бірнеше қабаттан тұратын бөлігін тауып оқы.
5. Аспан денелерінің Жерге ұшып түсуі жөніндегі бөлігін тап
Сергіту сәті
Шығармашылық жұмыс.
Ауаның құрамы. Ауаның қабығы туралы шағын әңгіме жазу (3 минут).
Қорытындылау. Сұрақ - жауап алу.
1. Ауа неліктен қоспаларға жатады?
2. Ауа қабаты дегенді қалай түсінесің?
3. «Аққан жұлдыздар» деп жүргеніміз не?
4. Ауа қабаты Жерге қорғаныш болатынына мысал келтір.
5. Ауа мен тіршілік иелері арасында қандай байланыс бар?
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Ауаның құрамы, Ауа қабығы тақырыбын оқып, мазмұнын айту.
31 019
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру. Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын таныстыру.
Атмосфераның құрамы мен құрылымы
Атмосфераның құрамы мен құрылымы
Атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы мен құрылысын түсіндіру. Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру. Жердің ауа қабат – Атмосфера туралы толық мағлұмат беру.
Ауа және ауа райы
Ауа және ауа райы
Ауа қасиеттері туралы білімдерін тереңдете отырып, ауаның жер үстіндегі қозғалысы туралы түсініктерін қалыптастыру
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Әділғалиева Гүлжихан Бағытжанқызы
Таза ауа - денсаулық кепілі
Таза ауа - денсаулық кепілі
Атырау қаласы, Дамба селосы Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалиева Ақтоты Хайсақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×