Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау

11 қараша 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
4 - сынып
Тақырыбы: Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Мақсаты: 1. Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру.
Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.
2. Сөздік қорын кеңейту, көз алдына елестету мүмкіндігін, өзінің ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту.
3. Табиғатты қорғай білуге, аялауға, өз үлесін тигізе білетін азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндіру, тәжірибе жасау.
Көрнекілігі: шар, плакат, суреттер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.
• Психологиялық дайындық
. Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу, топ мүшелерін міндеттерімен таныстыру
• Сынып ережесін еске түсіру
Әрбір адам – Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ – Үйрену, ұғыну, ұлағат,
Әрбір ісің – Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – Шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
* Қызығушылығын ояту сатысы
«Күн шуағын ашу» ойыны
1Арал теңізімен балқаш көліне ағатын өзендер?
2. Қазақстан жерінде қандай көлдер бар?
3. табиғаттағы суды ластаушы заттар

III. Жаңа сабақ
1. Қызығушылығын ояту
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім - ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің!
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? (ауа)

2. Мағынаны тану.
- Ауа туралы не білесіңдер? Ол туралы не білгілерің келеді?
Мұғалім сөзі: балалар, ауа айналаның бәрінде бар екен дәлелдейміз.
1 - тәжірибе.
Аузыңды жауып, танауыңды қыс. Ішіңнен сана не байқадың?
Тұншықтың саған не жетіспейді?
2 - тәжірибе.
Шарды үрлеп, сонан соң оның желін шығарады. – Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті?
3 - тәжірибе.
Екі ұртыңды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас. Не байқадың?

«Ауа» туралы білетінімізді топтастырып жіберейікші.
Ауа

Түссіз
Серпімді
Иіссіз
Сығылады
Қоспа
Барлық жерде бар
Бастауыш сынып мұғалімі: Ильясова Жанар Алымхановна
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау жүктеу
2 026
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын таныстыру.
Атмосфераның құрамы мен құрылымы
Атмосфераның құрамы мен құрылымы
Атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы мен құрылысын түсіндіру. Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру. Жердің ауа қабат – Атмосфера туралы толық мағлұмат беру.
Ауа және ауа райы
Ауа және ауа райы
Ауа қасиеттері туралы білімдерін тереңдете отырып, ауаның жер үстіндегі қозғалысы туралы түсініктерін қалыптастыру
Ауа райы. Климат
Ауа райы. Климат
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Ауаның құрамы. Ауа қабығы
Ауаның құрамы. Ауа қабығы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қартбаева Ақсырға
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Әділғалиева Гүлжихан Бағытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×