Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин

21 мам 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Ақсақ киік» С.Сейфуллин .
М/ы: оқушылардың киікке деген жанашырлығын оятып, жалпы жануарларға деген сүйіспеншілікті арттыру, жалпы табиғатқа деген қамқорлық қасиеттерін арттыру.

Барысы: 1. Ұйымдастыру.
- Ана тілі сабағында қандай бөлімді өтіп жатырмыз?
- Оқушылар: «Табиғат – менің өз үйім»
- Жақсы үйге қандай тапсырма берілді? (Алтай аясында)
- Дұрыс. Бұл өленде қандай тау туралы жазылған? (Алтай тауы)
- Қазақстанда тағы қандай тауларды білесіңдер?
(Алатау, Көкшетау, Тарбағатай, Семейтау, Көкен)

2. Тапсырмалармен жұмыс.
1. Ақын Алтай тауының әдемілігі туралы не дейді?
2. Алтайдың биіктігі не делінген?
3.Алтай аясында қандай аңдар мен хайуанаттар мекендейді?
4.Алтай тауынан өндірілетін кендерді ата.

3.Алтай тауының қандай екенін оқып, қуанып отырмыз.
Сол қуанышқа арнап «Алтай» әнін орындап берейік.

4. Мұғалімнің түсінігі бойынша , оқушылармен әңгіме. Жануарларды қорғау туралы әңгіме.
Бүгін біз жануарлар туралы айтып кеттік. Жануарлар әлемі – табиғаттың бөлінбес құрамдас бөлігі. Қазіргі кезде табиғатқа жаман көзқараспен, қарайды. Жануарларды, адамдар жойып бара жатыр, кейбір жануарлардың мүйіздері бағалы деп жойылады. Сондықтан бүкіл халық оларды қорғауға ат салысады. Сондықтан оларды атуға тыйым салынған. 1966 жылы арнаулы Қызыл кітап ұйымдастырылды.
- Күй таспадан күй тыңдау.
- Бұл әуеннен сен нені көзіне елестетің? Әуен қандай? (қайғылы)
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл әуеннен сен бір елсіз даланы елестетесің. Сол елсіз далада бір жараланған жануар көзіңе елестейді.
- Міне, сол жараланған жануар киік екен. Бүгін сол жараланған киік туралы Сәкен Сейфуллин өлең жазған. (С. Сейфуллин портретін көрсету)
- 6. Мұғалімнің оқуы.
- 7.Сұрақ – жауап жұмысы .
- 8. Оқушылардың оқуы.
- 9. Сөзжұмбақ шештіру

Жауабы:
1. Жазық жер
2. Баста орналасқан мүше.
3. Көкеніс.
4. Қосмекенді
5. Тамақ.

10. Сабақты пысықтау үшін тестілер.
а) Біз өтіп жатқан бөлімнің тақырыбы.
б) Қыс бейнесі
ә) Жақсы – ай мен күндей
в)Табиғат – менің үйім.

2. Мұхтардың күшікті құтқарғаны туралы әңгіменің аты:
а) «Қайырымдылық»
ә ) «Көкшенің көрінісі»
б) «Өзен»

3. «Өзен өлеңінің авторы:»
а) М.Мақатаев
ә) А. Байтұрсынов
б) Абай Құнанбаев

5. Киік жараланған дала:
а) Кең дала
ә) Бетпақдала
б) Суық дала.

11. Сабақтағы балаларды бағалау.
12.Үйге тапсырма беру.
8 604
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Иса Байзақов «Алтай аясында»
Иса Байзақов «Алтай аясында»
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Алтай аясында
Алтай аясында
Алтай жерінің сұлу табиғатын оқушыларға ақын өлеңі арқылы таныта отырып, оларға эстетикалық тәрбие беру және мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Алтай
Алтай
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Иса Байзақов «Алтай»
Иса Байзақов «Алтай»
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×