Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санды өрнектерді салыстыру

22 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Санды өрнектерді салыстыру»
Сабақтың мақсаты: Өрнектерді мәндері бойынша салыстыруға қабілеттерін қалыптасуын түсіндіру.
Сабақтың міндеті: Оқушыларға теңдік, теңсіздіктер туралы түсінік бере отырып, есеп шығару дағдысын жетілдіру, талдау, ынталарын арттырып, шеберлікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Нәтижесі: Оқушылар есепті өз деңгейінде шығарып біледі. Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе І. Амандасу
Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді жүрекпен.
Сәлемдесіп алайық,
Бір жадырап қалайық.
Бүгінгі сабақ ерекше өтеді. Себебі біздің сыныпқа мұғалімдер қонаққа келіп отыр.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Санды өрнектерді салыстыру».
Сабақтың мақсатын айта кету.
Ал, балалар, көңіл - күйлеріңіз қалай?
Сабаққа дайындықтарыңыз ше?
Керемет Ынтаңыз ше?
Ендеше сабақ бастайық?!
ІІ. Топтастыру.
Жарайсыздар, олай болса біз банк атауы бойынша қазір топтасамыз. Себебі математика сабағы банк саласымен өте тығыз байланыста.
1 - топ «Альянс»банкі
2 - топ «Халық» банкі
3 - топ «Нұр» банкі
4 - топ «БТА» банкі

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ендеше үйге берілген үй тапсырмасына назар аударайық. Үйге қандай есеп берілді?
Әр топтан тізбектеп оқушылар ауызша айтып өту.
Негізгі бөлім.
І. Көркем жазу минуты.
ІІ. Өзіндік жұмыс.
Оқушыларға 1, 2 нұсқада қосу және азайту амалдары беріледі.
Оқушылар шығарып болған соң мұғалім компьютер арқылы жауабын көрсетеді. Әр оқушы жауабын, тексереді.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
№1 (Ауызша орындалады). Оқушылар берілген қосу және азайту амалдарының компоненттерін атап, мәнін табу.
30+5
89 - 80
50+7
67 - 7
38 - 8
14 - 6
№2 Салыстыру.
Оқушылар жеке - жеке тақтада баған бойынша орындау. 36*63 74*56
14*10+6
15*51
100*99
27*20+8
ІҮ. Топтық жұмыс.
1 - топ. 30+5*30+7
38 - 8*39 - 9
2 - топ. 15 - 6*10+1
18 - 8*18 - 9
3 - топ. (35 - 5)+6*42 - 2
58 - 8*5+(56 - 6)
4 - топ. 45+5*40 - 7
20 - 14*50 - 5
Ү. Сергіту сәті «Қара жорға»биімен
ҮІ. Кестемен жұмыс.
Кестені пайдалана отырып, өрнек құрастырып, мәнін тап.
+ 30, 40, 80, 90, 5
4 Мысалы: 30+5; 40+5
+ 6, 5, 8, 7, 8
6 Мысалы: 8+6; 8+5
ҮІІ. Эстафеталық жарыс
«Қай топ шапшаң»
Ойынның реті сандарды өсу ретімен орналастырып, разрядтарын атап өту.
37 7 24 1 10
ҮІІІ. Топтық жарыс
Сандар мен сөздерді пайдалана отырып, сөз шығару.
1 - топ «Альянс» банк2 - топ «Халық»банк
Т+10 -------------------------- Қ+10+ақ
6+н --------------------------- 3+кір
9+құмалақ ------------------ 1+қазан
3 - топ«Нұр» банк --------- 4 - топ «БТА»банк
К+2+л ------------------------- 7+к
100+м ------------------------- 8+көз
6+бақан ---------------------- 60+бек
ІХ. Математикалық диктант
1. 8 саны мен 7 санының қосындысының мәні.
2. 9 саны мен 5 санының айырмасы нешеге тең?
3. 1 - інші қосылғыш 6, 2 - інші қосылғыш 4. Мәні неше?
4. 10 саны мен 8 санының айырмасы нешеге тең?
5. 7 санымен 3санының айырмасын, 2 санына қос.
Х. Қорыту.
Балалар, бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
Бұл сабақтың тақырыбы қалай аталып еді?
Өрнектерді қалай салыстырып шығарамыз??
2+5*9 - 7
ХІ. Үйге тапсырма, бағалау.
№5, 63 беттегі.
Жарайсыңдар, олай болса, топ басшысы ортаға шығып, өз тобындағы балаларды бағалаған парағына қарап, бағасын айтып шықсың.
ХІІ. Рефлексия.
Балалар бүгінгі сабаққа деген пікіріңізді алма ағашына стикерлер арқылы білдіріңіздер!
Осымен сабақ аяқталды, сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін көп рахмет. Сау болыңыздар! (музыка ойналады).
17 937
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау­ дағдысын дамыту; салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағды­ларын­ дамыту, сын
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосу мен алу арасындағы байланысты әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану
Санды және әріпті өрнектер
Санды және әріпті өрнектер
Санды, әріпті өрнектерді құру, оқу және жазу, салыстыру, олардың мәндерін табу біліктігін қалыптастыру; көбейту мен бөлу амалдарына байланысты есеп шығаруын біліктігін жетілдіру; талдай және салыстыра білу қабілетін дамыту.
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Оқушыларға теңдік, теңсіздіктер туралы түсінік бере отырып,, талдау, ынталарын арттырып, санды өрнектерді салыстыру және мәнін табу барысында есептеу тәсілдерін қолдануға жаттықтыру;
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау­ дағдысын дамыту.
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер туралы білімдерін қалыптастыру, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×