Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тісіңді сақта

23 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 2 cынып
Сабақтың тақырыбы: Тісіңді сақта.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға тістің құрылысы, тістің эволюциясы және гигиенасы туралы кең көлемде түсінік беру.
Дамытушылық: Топтағы жұмыс арқылы шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, дүниетанымын кеңейту, өз пікірін ашық, еркін қорғай алу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке баулу. Тісті күтуге, тіс ауруларының алдын алуға тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап, ой қозғау.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: ана тілі, бейнелеу
Техникалық құралдары: Слайдтар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Біз тәртіпті баламыз,
Біз де ержетіп қаламыз.
Салауатты өмір құрамыз
Жат әдетті жоямыз
Күнде ерте тұрамыз
Жалқаулықты қоямыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Слайд көрсету.
- Қалай дұрыс тамақтану керек?
Суреттен өсімдік тектес, содан кейін жануар тектес азық - түліктерді ата.
Үй тапсырмасын бекіту.
1. Ас дайындайтын адамды кім дейміз?
2 Күніне неше рет тамақтану қажет?
2 Ас туралы мақал - мәтел білесің бе?
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Адамға белгілі мөлшерде тамақ керек. Күніне 4 - 5 рет уақтылы тамақтану қажет. Сонымен қатар мына ережелерді есте сақтаған жөн.
• Артық тамақ ішпе.
• Тәтті, ащы тамақты көп жеме.
• Дастарқан басында жақсы көңіл күймен отыр.
• Маңайыңдағыларға астарының дәмді болуына тілек білдіруді ұмытпа.
• Ас дайындаған адамға алғысыңды білдір.

3. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ жасыру.
Отыз екі орағым бар ғажайып,
Әттең, кейін кетеді ғой азайып. (тіс)
* Балалар, біз бүгін адамға күлгенде көрік беретін, онсыз тамақ жей алмайтын ең керек мүше тіс туралы кеңінен мәлімет аламыз.
Суретке қара. Қай баланың тісі ауруы мүмкін?
Тісті бүтін сақтау үшін не жеу керек?

4. Мағынаны таныту. /Мұғалім сөзі/
1. Тістің дамуы. 6 - 9айда тістің шыға бастауы, 2 жас - 20 сүт тістер толық шығады, 6 - 7 жаста тұрақты тістер қалыптасады., 20 - 22 жаста ақыл тіс шығуы мүмкін. Тіс жақ сүйектен өседі. Адамда 32 тіс болады.
2. Тістің құрылысы.
Слайдтан тістің құрылысын көрсету.
3. Мектеп дәрігері тіс туралы, оны күту жөнінде қысқаша айтып өтеді.

5. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқыту.
а) мұғалімнің оқуы
б) оқушыларға оқыту
6. Сергіту сәті.
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Боламыз біз осындай.

7. Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді алайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық
Тісті сақтауда мынаны білу керек.
1. Тісті күніне 2 рет тазалау керек.
2. Тамақтан кейін ауызды жылы сумен шай.
3. Ыстық астан кейін бірден суық су ішпе.
4. Тәттіні көп жеу тіске зиян.
5. Тісіңмен қатты тағамдарды кемірме.
6. Тіс мықты болу үшін сүт өнімдерін, жемістер мен көкіністерді пайдалану қажет.

8. Ойын: «Ойлан тап!»
Тазалық көмекшілерін жұмбақ арқылы тап.
1. Дымқылдап күнде сен,
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір - ласың,
Тап - таза боласың.
Бұл не? (сабын)
2. Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолында,
Сипайды жонында.
Бұл не? (сүлгі)
3. Белінен қыссаң, аузынан
Ақ уыз шығады.
Бұл не? (тіс пастасы)
4. Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды қуады.
Бұл не? (тіс, киім щёткасы)
5. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар,
Шашыімен ісі бар.
Бұл не? (тарақ)

9. Сергіту сәті. «Көңілді жаттығу»

10. Тест.
1. Тісті күніне неше рет тазалау керек?
а) 5 ә) 4 б) 2
2. Тамақтан кейін тісіңді қандай сумен шаю керек?
а) жылы ә) салқын б) ыссы
3. Тісіміз мықты болу үшін қандай тағамдар жеген дұрыс
а) тәттіні ә) көкөністі б) суды
4. Ересек адамда неше тіс болады?
а) 16 ә) 22 б) 32
5. Тістің негізгі қызметі қандай?
а) тамақты жұту ә) тамақты қорыту б) тамақты шайнау

11. Сабақты қорыту
- Тіс күтімін жақсы біліп, оны үнемі жуып жүрсек, ас қорытуы бұзылмайды. Тамақты жақсы қорытамыз.
- Міне, балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда тісімізді қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде білдік.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, дұрыс тамақтануына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.
- Енді, балалар, біз де денсаулығымызды, соның ішінде тісімізді сақтау жолдарын білетін боламыз.

12. Бағалау.
13. Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқу.
2. Денсаулық туралы мақал - мәтел жазу.
3. Тісті сақтау ережелерін жаттап алу
5 735
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тісті күту. Тіркесті сөздердің емлесі
Тісті күту. Тіркесті сөздердің емлесі
Тісті күту Әдемі - тіс - адам көркі. Тісі жоқ адам дұрыстап шайнай алмайды. Тамақты әбден шайнап жұту қажет, әйтпесе адамның асқазаны ауырады. Тісті үнемі тазалап, күту керек. Тісті жақсы күтпесе, бұзылады.
Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті, зерттеу жолдары
Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті, зерттеу жолдары
Оқушыларға ас қорытудың маңызын ұғындыру. Ауыз қуысының құрылысы, шайнау әрекеті, тістің құрылысы, сілекей бездері және тілдің құрылысы, олардың атқаратын қызметтерін түсіндіру.
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Ақтау қаласы №14 орта мектептің биология пәні мұғалімі Р. Д. Досаева
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
Тістің құрылысы және гигиенасы
Тістің құрылысы және гигиенасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы, Амангелді негізгі мектебінің химия, биология пәнінің мұғалімі: Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы
Ас қорыту мүшелері және олардың қасиеттері
Ас қорыту мүшелері және олардың қасиеттері
Ақтөбе қаласы, Ойыл ауданы, Сарбие селосы, Сапақкөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сүйесинова Айнамкөз Қаршығақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×