Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Жазғытұры» Абай Құнанбайұлы

26 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жазғытұры». Абай Құнанбайұлы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: өлеңді оқып, ақынның табиғатты, ауыл өмірін бейнелеудегі ерекшелігін сезінуге және лирика туралы алғашқы қарапайым түсініктер алуға мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: қайталау арқылы еске түсіру, білетіндерін санада жаңғырту арқылы оқушылардың қызығушылығын, ой өрістерін, сөздік қорларын жетілдіру.
Тәрбиелік: өмірмен байланыстыру арқылы әсемдікті көре және ести білуге, көргені мен естігенін көркемдеп айта білу арқылы табиғатты сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білім беру
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, оқу, іздену, топпен жұмыс, ойын, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: көктем табиғаты бейнеленген түрлі түсті сурет, ақын портреті, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық:
Жайнаған гүлдердің,
Бақтағы жемістің,
Шырынын, нәрін де –
Бәрін де, бәрін де
Ұнатам -
Өйткені ол Отан -
Ұлы Отан!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен тарау бойынша білімдерін тиянақтау, тексеру.
Ширату сұрақтары:
1. М. Мақатаевтың өлеңі қалай аталады?
2. Мақалды жалғастыр. Қыстың қамын жаз ойла......
3. Солтүстік Мұзды мұхитта тіршілік ететін аң.
4. Бозторғай ұясын қайда салады?
5. Геолог деген кім?
6. Даланың сәні қандай құс?
7. Ит туралы жазылған мәтін қалай аталады?
8. Аспан айналып жерге түскендей деген тіркестің мағынасын қалай?
9. Қыс айларын ата.
10. Өлеңді жалғастыр. Аппақ қарды омбылап....... кімнің өлеңі, атауы?

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Қызығушылығын ояту.
- Жыл мезгілдерін атаңдаршы.
- Жыл мезгілдеріне арнап өлең жазған ақындарды атаңдаршы?
-
Тапсырма. Мен бастайын, сендер аяқтаңдар...

1.«0й, балалар, балалар!...» (Жылы – жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқу - қаңқу қаз кепті,
Жер қарайды жаз кепті)

2.«Ақ киімді денелі ақ сақалды...»
3. Көтерілсе аспандай
Көкте сұрша бұлт көшіп......
4. Шытынайды тыста аяз.....
5. Құлақ күйін оң бұрап.... (Авторларын сұрау)
- Иә, балалар, сендердің есте сақтау қабілеттеріңе мен әрі қызығып, әрі қуанып тұрмын. Қыс кезінде сендер Төлеген Айбергеновтің «Қыс» өлеңін оқығанда:
«Аппақ қардан омбылап,
Көктем іздеп келем мен» - деп, іздеген көктеміне де жеттік. Бүгін біз Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.
Мұғалім: Абай атамыз бар мезгілге де өлең жазған. (Қысқаша өмірі жайлы ұғым беру, туған жерін картадан көрсету.)
2. Мағынаны тану.
• Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді түсініп, іштей оқу, кезек оқу, мәнерлеп оқу.
• Сөздік жұмыс.
Масатыдай құлпырар – кілемдей түрленер
Анталаса – топтала, үйіріле
Мазатсып – рақаттану, масайрау.
3. Өлеңге талдау жасау.
Тақтада «Өлеңді оқыған кезде көктем табиғатынан құлағыңа қандай дауыстар естіледі?» деген сөйлем жазылып тұрады.
- Кітаптан іздеп, түртіп алып жазу, оқып беру (мысалы, боздаған түйе, қорадағы мал дауысының шуы, дуылдаған құстар мен көбелектер, сыбдыр қаққан су, балалардың шуы, өлең, жыр, қаз бен аққулардың қиқуы).
- Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Осы дауыстар қалаға тән бе, әлде ауылға тән бе? Ақын қай жердің көктемін суреттеген? (Дәлелдеу).
- Өлеңде күн көзін ақын неге ұқсатады? (Үзінді оқу, яғни күнді ата - ана мейірімімен теңестіреді).
- Ал, балалар, өлеңде көктемді көріп тұрған ақынның көңіл күйі қандай? (Дәлелдеу, үзінділер оқу).
- Өлеңде қандай құстар аталған?
- Жыл құстарын атаңдаршы.
4. Дәптермен жұмыс.
Енді барлығымыз далаға көз жіберіп, ақын жырлаған көктемнің өз жерімізбен ұқсастығын, айырмашылығын жазамыз.
(Бұл - оқушының зерттеу жұмысы)
Мысалы:
Абай көктемі Біздің ауыл (қала) көктемі
Қыстың сызы жоқ. Түн салқын...
Жер беті құлпырған Көк шығып, айнала жап - жасыл.
…………………….. …………………………………..
Оқушылардың жұмыстары тексеріледі, оқытылады. Жұмыс қорытындыланады.
5. Сергіту.
- Балалар, мына жаңылтпашты оқып, жатқа тез айтамыз. Шөп сөзінің орнында қай сөз тұр? Қандай шөптің аты аталған? (Жаңылтпаш тақтаға, плакатқа жазылған)

Жаңылтпаш
Көк шықты,
Көктеп шықты.
Көктем шықты,
Көкпек шықты. З. Муфтибекова.

- Өз жерлеріңде өсетін қандай шөптердің атын білесіңдер?
- Келесі жаңылтпашты оқы, жатқа тез айтып көр. Қай заттың түсі ауыстырылып айтылып тұр деп ойлайсың?
Көкпеңбек көктем шықты.
Көк көктеп шықты.
Көкпеңбек көкпек шықты.
Көк те көк, Көктем де көк.
З. Муфтибекова.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1 - топқа: Тапсырма:
- Берілген сөйлемді оқыңдар. Бұл көктем күнінің қай мезгілі? (Таңғы, кешкі, күндізгі). Дәлелдеңдер.
Көктегі көктем күнінің күлімдеген көзінің кірпіктері көкжиектеп көрінді. (Таңғы мезгілге тағы не айтуға болады?)

2 - топқа: Көктем көрінісін суреттеу.
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жанып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай, сары алтын шатырына
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
- Қандай тамаша сурет!
- Балалар, Абай аталарың көктемді сөзбен қалай суреттеген.
Ал сендер көктемді сан алуан бояу тілімен суреттей алар ма едіңдер?
(Топ мүшелері бірігіп салады.)

3 - топқа. Көктем туралы 5 жолды өлең.
Зат есім: Көктем.
Етістік: Ағады, шулайды.
Сын есім: масатыдай, жылы, ата - анадай.
Сөйлем: Жердің жүзі масатыдай құлпырады.
Синоним: Жазғытұры.

Ү. Қорытындылау, бағалау.
«Әңгімелеу кестесі» арқылы.
• Өлең тақырыбы: Жазғытұры
• Өлең авторы: Абай Құнанбаев
• Ол кім? Ұлы ақын, сазгер, аудармашы, қара сөздің шебері.
• Туған жері: Семей
• Өлең не туралы?: Көктемгі табиғаттағы өзгерістер туралы.
• Өлең қай мезгілде жазылған? Ертеректе.
• Өлеңді оқу арқылы не үйрендің? Адам да, жануар да бар тіршілік иесі
көктемді қуанышпен қарсы алатынын ұқтым.

ҮІ. Үйге: Өлеңді жаттау. Жыл мезгіліне байланысты өлең жазу
12 336
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
Абай Құнанбаевтың табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
Абай. Жазғытұры
Абай. Жазғытұры
Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту. «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен идеясын ашу Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
Бастауыш сынып мұғалімі Парменова Маржан
Абай "Жазғытұры"
Абай "Жазғытұры"
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бикбусенова Ғалия
Абай Құнабаев "Жазғытұры" Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Абай Құнабаев "Жазғытұры" Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Арзакулова Бексулу Айдынгалиевна Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
Ілияс Жансүгіров "Жазғытұрым"
№35 мектеп-гимназиясы Кемалова Зауреш Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×