Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сан есім

27 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: білімділік; сан есімнің құрамына қарай және мағынасына қарай бөлінуі мен танысады, олардың жазылу емлесімен танысады., сан мөлшерін таныту барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, күнделікті өмірде ұстап, пайдаланып, көріп жүрген заттардың есебін білу
Дамытушылық; Есте сақтау қабілетін күшейту, өздері қорытынды жасай білуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің артуына ықпал ету.
Тәрбиелілігі; ұлтжандылыққа, патриоттық сезімдерге баулу. Сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән беру.

Сабақтың түрі: Бекіту сабақ.
Әдісі: Ой қозғау, түсіндіру, талдау, теңдеу шешу.
Пән аралық: Ауыз әдебиеті, математика, дүниетану
Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайд, жай тақта, семантикалық карта.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгендеу
ә) сынып тазалығына мән беру
б) оқушылардың көңіл күйіне назар аудару.
Сабақтың мақсатын айту:
Жалпы сан есім не екенін, дара және күрделі сан есімдерді,
негізгі және туынды сан есімдерді жаттығулар орындай отырып, тереңірек түсініп білетін боламыз.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша, өтілген тақырыптарға байланысты интерактивті тақтамен жұмыс жасау.
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
3. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4. Дара сан есім дегеніміз не?
5. Күрделі сан есім дегеніміз не? Сан есім заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: Қанша? неше? нешеу? нешінші?
Тұлғасына қарай

• Негізгі сан есім.
Мысалы: төрт, бір. қырық
• Туынды сан есім
Мысалы: бірінші, алтыншы, елудей, біреу
Құрамына қарай
•Дара сан есім:
Мысалы: бір, үш, екеу, алтыншы
Күрделі сан есім
Мысалы: алпыс алтыншы, екі мың он екі, қырық - елу, онға жуық

- Осы сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән берейік:
7, 3, 13 сандарын алатын болсақ, соларға байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
Жеті ата, жеті күн, жеті шелпек, жетіқарақшы, жеті қат жер, он үште отау иесі, он үш мүшел жас, жеті керемет.

ІІІ. Бекіту:
146 бет. 13 жаттығу. Сөйлемдегі сандарды сөзге айландырып жазу.
(Он алты, мың алты жүз отыз жеті, жетпіс, он сегіз)
- Қай сөзбен байланысып тұр.
16 жас, 1637 метр, 70км, 18 түрі.

«Кім шапшаң» ойыны. (ауызша)
1 -. Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды? (Түйеқұс ұшпайды)
2 - Жүз қырық үш қызғыш құсқа
Жүз қырық үш қызғыш құс қосса,
Қанша қызғыш құс болды? ( 286)

ІҮ. Сергіту сәті.
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Төрт, бес, алты,
отыр, тұр, шалқы.
Жеті, сегіз, уһ деңіз
Тоғыз, он
Енді орныңа қон

15 жаттығу: Сан есімдер мен сын есімдерді екі топқа топтастырып жаз.
Сан есім
Сын есім
- Айырмашылығы неде?
- Сұрақтарында
Мақал - мәтелдің құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып.
Бірінші топ
1.… атасын білмеген жетесіз.
2. Қызға … үйден тию.
Екінші топ
1. Ер жігіттің … сөйлегені – өлгені.
2.… рет өлшеп, … рет кес.
Үшінші топ
1. Білгенің – …, білмегенің – тоқсан тоғыз.
2. Бала … келгенше, жерден таяқ жейді.
Жай тақтамен жұмыс жасау: Екі оқушы жоғарыдағы сандарды дара, күрделі сан есімдерге бөліп жазу
312+7=319
462*2=924
2*27=54
300: 10=30
625: 125=5
1000: 10=100

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 713
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Семгалиевна Баршагул
Дара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдер
Алматы қаласы, Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп – гимназиясының қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Ешмагамбетова Гүлбахрам Сейткәрімқызы
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×