Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

04 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Зат есім (слайд)
Мақсаты:
1. Елестету арқылы оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін, грамматикалық тапсырмалар арқылы теориялық ойлауын, тілін дамыту
2. Зат есім ұғымы туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, дамыту, іздестіру;
Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы таң достым!
Қайырлы күн болсын!
Бесінші күніміз,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.

Үй жұмысын тексеру
Таза жазу минуты
Зз Зз Зз Зз Зз Зз

Ой жұмбақ
- Ол... аспанда да, жерде де болады,
шөлейт жерлерде де жүреді,...
Ата - әжелеріңнің қолында да болуы мүмкін,
ол - партаның үстінде де жатуы мүмкін,
оны жеуге де болады,
ол - барлық адамда болады.

1 - жаттығу. Мақалды жатқа жаз.
Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Саусағы ұзын биші болар,
Құлағы ұзын күйші болар.
Мақалдардан зат есімдерді тап, олардың негізгі, туынды зат есім екенін анықта. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

2 - жаттығу. Мәтінді оқып жалқы есімдерді теріп жаз.
Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым, ағартушы, философ, жиһангез. Ол Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Кейін Көкшетауға көшіп барып, балалық шағы Сырымбет тауының етегінде өткен. Әкесі Шыңғыс - аға сұлтан болған адам. Омбыдағы кадет корпусында оқыған. Санкт – Петербург жоғарғы оқу орындарында дәрістер тыңдаған.
Ф. М. Достоевский, П. П. Тян - Шанский, А. Майков, Г. Н. Потанин және басқа орыс зиялыларымен дос болған. Қырғыздың “Манас” эпосын алғаш зерттеп, әлемге таратушы.

Сергіту сәті «3 – жаттығу»
Екпінділер деген сөздің әріптерін пайдаланып, бірнеше зат есім жасап жаз.
Екпінділер
Мысылы: Кірпі,....

4 - жаттығу.
Мал деген сөздің басқы әрпін, қол деген сөздің соңғы әрпін өзгерте отырып, бірнеше зат есім жасап жаз.
(Мал, қол)
Тал, бал, жал, қал, шал, қой;

Есте сақтау диктанты
Ақтөс, өлке, оқушы, тігінші, өнер, тай, аққу, жаңбыр, өшіргіш, тауық.

6 - жаттығу. Әр сөзі и әрпімен басталатын зат есімдер тауып жаз.

Қай сөз көп?
(жалқы есім, жалпы есім)
Жайық, жаңбыр, биші, Бішкек, Тайбурыл,
Құтжол, өлке, бала, оқушы

Көпше түрдегі зат есімді сырлы сандыққа орналастыр
Көгершіндер, оқушылар, шегіртке, қойлар, балапандар, тақта, ағаштар, құмырсқалар, өшіргіш, сексеуіл
Сөзжұмбақ
Үй тапсырмасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 260
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды зат есім
Негізгі және туынды зат есім
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бикбусенова Ғалия
Зат есім
Зат есім
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айманова Жадра «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша
Зат есім
Зат есім
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Айманова Жадра Жарасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×