Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың хас батыры - Қарасай

05 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Қазақтың хас батыры - Қарасай
1. Сабақ мақсаты: Оқушыларға елін - жерін қорғаған ер жүрек батырлар туралы, олардың ерлігі туралы, ел билеген хан, билер туралы білімдерін кеңейту.
2. Ой - өрісін, есте сақтауын білімдік қорын, сөздік қорын дамыту.
3. Патриоттық тәрбие беру.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: Ішінара ізденіс сабағы.
Сабақ әдісі: Интербелсенді, баяндау, сұрақ – жауап, картамен жұмыс

Сабақ көрнекілігі: интерактив тақта, батырлар суреттері, карта.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй жұмысын тексеру.
• Үйге қандай тапсырма берілді?
• Қандай тараумен танысып жатырмыз?
Бүгінгі үй жұмысын сұрау мақсатында мен сендерге осы тақырып бойынша сұрақтар әкелдім. Осы сұраққа жауап бере отырып үй жұмысын тексере аламыз. (Билет суырады)
1. Жоңғар қақпасы деп қай жерді атайды?
2. Жоңғар қақпасы аталған жердегі қазақ даласында жатқан тау, көл, жоталарды ата.
3. 18 ғасырдың алғашқы жартысындағы қиыншылық туралы не білесің?
4. Ішкі - сыртқы саясаттың шиеленісуінен ел қандай зардап шекті?
5. Қырғын соғыста қолданған қаруларды ата.
6. Ерекше көзге түскен, ел аузындағы батырларды ата.
7. «Батыр» деген сөздің мағынасын аш. Көз алдыңа қандай адам елестейді? (Әр кезеңнің өз батыры бар, яғни, ел басына күн туғанда еліне қорған бола білген, білектің күшімен, найзаның ұшымен ел қорғаған батырлар. Оны Түрікше БАХАДҮР деп аталған екен.)
8. Ұлы Отан Соғысының батырларын, Желтоқсан көтерілісіндегі батырларды ата. Олар не үшін көтерілді?
9. (халық қаһарманы атағы)
Батырлық қазіргі замандағы жұмыс бабында ел тыныштығын қорғау мақсатында да адамдар өмірін қиып жатыр. Бұл да батырлыққа жатады.

3. Үй жұмысын бекіту
«Тарихи сынақ хат»
Қазақ тарихында ---------------- алғашқы жартысы өте қиын және күрделі кезең болды. Қазақ және Жоңғар хандықтарының қарулы қақтығыстары, түптеп келгенде көршілес жатқан екі ұлы ел ------------ мен ---------------- бұларды бір - біріне --------------- саясатынан туындады. Негізгі қарулары -------,---------------,------------,-------------,--------------,-------------.
(18 ғасырдың, Ресей мен Қытайдың, айдап салу, қылыш, найза, қалқан, айбалта, шоқпар, семсер)
Дұрыс, сонымен біз бүгін Қарасай батыр туралы мәлімет алады екен.

• Қарасай Алтынайұлы 1589жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында Суықтөбе тауының етегінде дүниеге келген. Қарасай батырдың өмір сүрген кезі қазақ - жоңғар арасында екі ғасырға созылған қан қақсатқан соғыстың енді шиеленісіп жатқан кезі еді. Сол кезде ел билеген Есім хан мен Жәңгір сияқты ақылды хандардың арман - аңсары Қарасай сияқты батырлары арқылы жүзеге асып отырды. Ол көптеген соғыстарға қатысып қол бастаған. Қарасай 1664 жылы ақырғы рет 66 жасында қатысты. Осы соғыста Қарасай батыр ауыр жараланып саптан шығады. ның досы Ағынтай батыр да аяғынан жараланып, ақсақ болып қалады. Содан кейін қатты қимылға жарамай Қарасай батыр ел басқару ісіне кіріседі. Сол жылдары қазақ даласы тынышталып, Қарасай өзінің қандыкөйлек дос Ағытайдың аулына көшіп барады. Сонда 1 жыл тұрып 1671 жылы 73 жасында дүниеден өтеді. Сүйегі Арқадағы Айыртау деген жерге қойылды Қарасай батырдың 6 баласы болады. Осылайша Ұрпақтан - ұрпаққа ұран болып қалады. Осы сәтті пайдаланып айта кететін жайт
• ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев осы Қарасайдың тікелей ұрпағы екен. ҚАРАСАЙ — КӨШЕК — АЙДЫР — МЫРЗАТАЙ — ЕДІЛ — САПАҚОЙ — НАЗАРБАЙ -- ӘБІШ — НҰРСҰЛТАН.
• Оқулықпен жұмыс
Олай болса Қарасайдың ерлігі туралы оқулықтан қараймыз. (Өздеріне оқытам)
• Мәтінде кімдер туралы айтылып тұр?

«Артық болмас білгенің»
• Есім хан - 1598 - 1628 жылдары ел басқарған
• Жәңгір хан Есім ханның баласы, жоңғарларға қарсы соғысқан «ғажайып ерлігі үшін салқам Жәңгір деген ата берген»
• Қарақал, Тойлы – Ойраттың екі тайшысы
(екі жасақтың басшысы, әскер бастаған)
• Ойрат - 17 ғасырда Еділ бойына көшіп келген қалмақтарды ойраттар деп атаған
• Дөкір - жаудың батыры
• Жақсығұл - қазақ мергені
• Олых - Ойрат батыры
Дәптермен жұмыс
Сөзжұмбақ шешу Батырлар сөзі шығады.

Кинофильм көрсету
Олай болса осы ел қорғаған замандағы батыр ағаларымыздың ерлігі туралы кинофиьмнен үзінді көрейік. «Көшпенділер»фильмі бойынша.

Өмірмен байланыс, шығармашылық жұмыс
Сен де осындай ерлікке дайынсың ба?

Сергіту сәті
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай (әндете)

«Шыңға қадам» ойыны
• 3 қатарға арналған сұрақтар, 1 топ 2 - топқа, 2топ 3топқа тақырып бойынша сұрақ қояды. Шыңға 1 - шыққан топқа жалауша беріледі.

1. Есім хан басшылық еткен ұрыс қайда, қай жылы болды?
2. Қарасай кімдерді қолына түсірді?
3. Мәтінде қандай мақал кездеседі?
4. Қалмақтар қандай айлаға көшті?
5. Қарасайды кернеген ыза мен кек туралы айт.
6. Олых қандай адам? әккі
7. Қарасай Есім ханға не деді?
8. Олыхтың жеңілісі туралы айт.
9. Батырдың жойқын күші неден көрінеді?
10. Батырға мінездеме бер.
11. Қарасай батырға көрсетілген атақ, құрмет туралы айт.
12. Тобыл өзенін картадан көрсет. т. с. с.

Қорытындылау
Сендер де осы батыр ағаларымыздай елін қорғар үлкен азамат болып өсіңдер деп жалауды беремін.
Не үйрендік? Не білдік?
Бағалау
Үйге тапсырма оқу, мазмұндау, іздену

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 481
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.
Бала Мәншүк
Бала Мәншүк
Мәриям Хакімжанованың шығармашылығыменен танысу, қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысып, ерлігі туралы жан - жақты мәлімет алу.
Батырлар жыры (күнделікті сабақ жоспары)
Батырлар жыры (күнделікті сабақ жоспары)
Батырлар жыры - ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Алмута вилайити. Уйғур наһийәси, Ават йезиси, И. Искәндәров намидики оттура мәктәп коммуналлиқ мәмликәтлик мәһкимиси тарих пәни муәллими Музапаров Ерлан Семятович
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Қазақ билері, батырлары
Қазақ билері, батырлары
Атырау қаласы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназиясының тарих пәні мұғалімі Қуатова Айгүл Нұрланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×