Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Э дыбысы мен әрпі

07 қаңтар 2023, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Э э дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Э э дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыс пен әріпті ажырата білуге, берілген сөздерді дұрыс оқуға, жаза білуге үйрету. Дамытушылығы: Э э дыбысы бар жаңа сөздерді таныту арқылы танымдық қабілеттерін, сөздік қорын, оқуға деген қызығушылығын дамыту. Тәрбиелігі: бірлікке, ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін сақтауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, жұмбақ, кесте, интерактивті тақта.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.
1.- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
2. - Ё. Ол қандай дыбыс?
3.- Ё қандай екі дыбыстан тұрады.
4." Шахтёр" өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ
а) Сурет бойынша жұмыс.
Интерактивті тақтадан электр шамы, элеватор, экскаватор, экспрес суреттерін көрсете отырып, жеке сөздердің мағынасымен таныстыру.
Электр – қуат күшінен алынатын жарық.
Элеватор - астықты қабылдап алуға, тазартуға, кептіруге, сақтауға арналған астық қоймасы.
Экспрес - ірі стансаларға қатынайтын жүрдек пойыз, кеме, автобус.
Экскаватор - кен өндірісінде, құрылыста, тас, топырақ, кен қазатын, тиейтін машина.
Эскалатор – Жылжымалы баспалдақ.
Техника қауіпсіздігі жөнінде айтып түсіндіру.
- Электр шамы бізге не үшін керек?
- Жарық береді.
- Оқу бізге не үшін керек?
- Білімді боламыз.
- Білімді болсақ, болашағымыз жарық болады.
- Дұрыс айтасыңдар!
Білімдінің күні жарық,
Білімсіздің күні қаріп - деген мақал тегін айтылмаған екен.
- Ендеше, мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.

ә) Жұмбақ шешу.
Темір жол тірегі,
Аспанға керіліп,
Сымды ұстап жүреді.
(Электравоз)
Жіппен келеді,
Үзсең сөнеді.
(Электр шамы)

Диқаншының еңбегін.
Қысы - жазы ақтайды,
Астықты тазалап,
Қай жерде сақтайды?
(Элеватор)

Жылжымалы баспалдақ,
Сатыларын бассаң нақ.
Не жоғары, не төмен
Сырғимын да жетем мен
Көзді жұмып, ашқанша - ақ.
(Эскалатор)
- Олай болса, айтылған жаңа сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Э
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Э э дыбысы мен әрпі.
б) Э дыбысы қандай дыбыс екенін анықтау.
Экскурсия ұнайды.
Бар адамға "тамаша!"
Әнмен серуен құрғанда,
Қуанады балаша.
1. Хормен әндетіп айтқызу.(- э - э - э)
2. Оқулықтағы жаңа сөздерді оқып, буындық талдау жасау.
Э - лектр э - ле - ва - тор экс – ка - ва - тор
Э - ки - паж э - ко - ло - ги - я эс - ка - ла - тор
3. Э - дауысты дыбыс, сөздің бірінші буынында кездеседі.
4. Оны қалай ажырата алдыңдар? Дәлелде.
(Дыбысты айқанда ауа еш кедергіге ұшырамай, ұзақ айтылып тұр. Оқулықта қызыл түспен берілген, буын құрайды.
- Ендеше, э әрпін дауыстылар қатарына салайық.(Әріптер салған қалтаға салу.)
5. Э - әрпінің баспа, жазба және бас, кіші әріптерімен таныстыру.(интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады.
Кіші және бас әрпін ауада жазып көрсетемін, оқушылар қайталап жазып қол үйретеді.)
в) Дыбыстық талдау жасау. Кестемен жұмыс.
1 Сөзді оқы-------------------------- Экскурсия
2 Буын санын анықта ---------------Экс - кур - си - я (4 буын)
3 Әріп санын анықта ----------------9 әріп
4 Дыбыс санын анықта -------------10 дыбыс
5 Неше дауысты дыбыс бар------- 4 дауысты дыбыс
6 Неше дауыссыз дыбыс бар -----5 дауыссыз дыбыс

Экран сөзіне дыбыстық талдау.
Э - дауысты дыбыс, жіңішке
к - дауыссыз дыбыс
р - дауыссыз дыбыс
а - дауысты дыбыс, жуан
н - дауыссыз дыбыс
Экран - 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс,
г) Ережені күнделікті талдау жұмысына сүйене отырып еске түсіру.
- Әріп деген не?
- Әріпті жазамыз, көреміз.
- Дыбыс деген не?
- Дыбысты айтамыз, естиміз.
- Буын деген не?
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

ІҮ. Дәптермен жұмыс.
Жазу дәптеріндегі э әрпінің бас және кіші әріптерін көркем етіп жазу.(Э э)
Оқулықта берілген сөйлемдерді дәптерге көшіріп жазу.
Электр бізге жарық береді.
Элеватор астық сақтайды.

Ү. Оқулықпен жұмыс.
"Электр" өлеңін оқи отырып түсіндіру.
Электр
- Жай отыннан жаралдым,
Найзағайдан нәр алдым.
Ә дегенше шарқ ұрып,
Кең әлемге таралдым.
Қызмет етем адамға,
Қолғанатпын маманға.
Бойым толған күш - қуат,
Тау құлатам табанда.
Б. Ысқақов
Түсінген мазмұнын айтқызу.
Іштей оқыту.
Жеке - жеке дауыстап, мәнерлеп оқыту.

ҮІ. Сергіту сәті.
Ұзын мойын, Экскаватор -
Алып машина
Жер қазып жатыр.
(Қимылмен көрсетемін, оқушылар қайталайды)

ҮІІ. Тақтамен жұмыс.
"Балық аулау" ойыны. Аулаған балықтың артында жазылған сөз бар.
Берілген сөздерді қатесіз, сауатты оқу, тақтаға жазу.
Тапсырма: шахтёр, монтёр, экипаж, элеватор, экран, электр.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
- Э қандай дыбыс?
- Э сөздің қай жерінде жазылады.
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге тапсырма беру.
"Электр" өлеңін мәнерлеп оқу

Қызылорда қаласы,
№138 Абай атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Лаура Қожанова
141 470
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Ё дыбысы және әрпі
Ё дыбысы және әрпі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы № 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Елусинова Кумуш Сынабаевна
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×