Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйшік (орыс ертегісі)

14 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Үйшік (орыс ертегісі)
Сабақтың мақсаты: Орыс халық ертегісін түсініп оқу. Диалог құрап ертегісін сахналау.
Міндеті: Ертегідегі негізгі ойды анықтау, ертегі кейіпкерлерін диалог құру арқылы сахналау.

Күтілетін нәтиже: Ертегідегі негізгі ойды анықтады, ертегі кейіпкерлерін диалог
құру арқылы сахналап көрсете алды.
Көрнекілігі: Слайдтар, бейнебаян, суреттер, кестелер, интербелсенді тақта.
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу.
Сыныпты жан жануарлардың суреттері арқылы бес топқа бөлемін.
Психологиялық дайындық «Ақ тілек. Әсем күлкі»
- Көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет!(қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
- Ынталарыңыз қалай?
- Ғажап! (қолдарын көтереді)
- Ендеше сабағымызды бастайық!
- О, - о, - о(бас бармағын көтереді)

II. Өтілген материалдарды еске түсіру
Наурыз мерекесі туралы суреттер беріледі. Осы мереке туралы оқушылардың ойын ортаға салады.
1. «Қабырғаға қарап оқу»
стратегиясы
Наурыз мерекесіне байланысты берілген суретті пайдаланып оқушылар шағын әңгіме жазады.
2. «Автор орындығы» стратегиясы
Оқушылардың жазған әңгімелерін автор орындығына отырып оқиды.

III. Жаңа сабақты меңгерту.
1) «Ерте ерте, ертеде»деп басталатын халық шығармасы қалай аталады?
2) Ертегілердің қандай түрлері бар? Сызбаны толтыр

Ертегілер
1. Жан жануарлар туралы
2. Қиял ғажайып
3. Шыншыл ертегілер

3. Мәтінмен жұмыс Болжау кестесі
а) Болжау кестесі арқылы мәтінді оқып беру
ә) Ертегінің мазмұнын бейнебаян арқылы түсіндіру.
б) Ертегіні іштей оқыту
в) Жеке - жеке тізбектеп оқыту

IY. Топтық жұмыс. Кейіпкерлер арасында сөйлеу диалог құрап, ертегіні сахналап көріңдер.
1 - топ Тышқан мен бақа
2 - топ Қоян және басқа аңдар
3 - топ Түлкі және басқа аңдар
4 - топ Қасқыр және басқа аңдар
5 - топ Аю және басқа аңдар

YI. «Суреттер сөйлейді» әдісі
Сендер осы жануарлардың орнында болсаңдар қандай үй салар едіңдер. Әр оқушы өзінің армандаған үйін салады.
Y. «Адасқан сөздер» ойыны. Берілген іс - қимылдың қай аңға қатысты екенін сызықтармен көрсет.

Секірді түлкі
Алақ - жұлақ аю
Қорбаңдады қасқыр
Жүгіріп бақа
Ытқып - ытқып тышқан
Қуанып қоян

YI. Мақал мәтелдерді түсініп оқы.
1. Бірлік болмай, тірлік болмас.
2. Ырыс алды ынтымақ,
3. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

YII. Бағалау. Қорытындылау. Үйге тапсырма
Ертегіні түсініп оқу, ертегінің мазмұнына сурет салу
11 015
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Оқушыларды халық ауыз әдебиеті – халық шығармаларының түрлерімен таныстыру. Ертегі түрлерімен таныстыру.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау
Шалқан (орыс халық ертегісі). Саусақ театры сахналау. Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеті мен жүріс тұрыстарын қызығушылықтарын қалыптастыру
Төрт түліктің  кеңесі
Төрт түліктің кеңесі
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров
Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Нан - байлықтың атасы
Нан - байлықтың атасы
Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылы, №137 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шекеркуль Картаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×