Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сиқырлы алаң

14 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Қонақтарды қарсы алу.
- Ойын мақсатымен таныстыру
- Ойын шартымен таныстыру
- Әділқазы алқасын сайлап алу

2. Негізгі бөлім
1 - айналым
Ойыншыларды ортаға шығару, таныстыру.

Бұл айнала тау жоталары қоршаған жазық жер. Ол Азияның Үнді Қытай түбегінде орналасқан. Ауа - райы өте дымқыл, әрі ыстық. Елдің орталық бөлігінде ауқымы үлкен болғанымен суы тым тайыз. Онда Сап көлі жатыр.
Жер аумағы - 181 000 шаршы километр
Халқы - 7 000 000 адам
Жердің атауы қалай? ( Кампучия )

2 - айналым
Ойыншыларды ортаға шақыру, таныстыру.

Онда двигатель немесе мотор болады. Оның күші соншалық, толтыра тиелген жүгі бар 40 вагонды бір өзі - ақ сүйрей алады. Бу күшімен жүретіндіктен оны қазір паравоз деп атайды. 170 жылдай бұрын өздігінен жүретін мұндай вагонды қалай атаған?
(Локомотив )

3 - айналым
Ойыншыларды ортаға шақыру, таныстыру.

Бір заманда бұл жануар жер бетінің барлық шенінде тіршілік еткен деуге болады. Қазір олар тек Азия мен Африканың кейбір аудандарында ғана сақталып қалған. Мұны еті мен майы, тағы да пайдалы мүшелері үшін жергілікті тұрғындар да, аңшы, саудагерлер де аулап құртуда. Бұл қай жануар?
(Мүйізтұмсық )

4 – айналым
Жүлдегерлермен ойын
Қазақ аңыздарында «диірмен тасын теуіп сындырыпты» деп дәріптелетін, аты аңызға айналған құс. Тепкісінің қаттылығы сонша - ол тепкен құсының топшысын үзіп жібереді екен. Бұл қай құс?
(Ителгі)

Супер ойын
1. Көлденеңінен:
Осы бір адамның ғажайып тағдыры туралы талай роман, өлең - жырлар жазылған. Францияның жерорта теңізіндегі Корсика атты кішкентай аралда дүниеге келген. Ал 1804 жылы өзін Францияның императоры деп жариялаған. Бұл адамның есімі кім?

2. Тігінен:
Бұл сөз біздің қай – қайсымыз үшін айрықша ыстық. Баршамыздың кең байтақ, ғажайып еліміз, кіндік кескен жеріміз.
Одағым десем ойыма
Шалқыған шалқар көл түсер.
Көк жиегі бал - құрақ,
Көкорай шалғын жер түсер.
Сазға біткен өрімтал,
Бағында сансыз бұлбұлы
Шырқап салған үн түсер...
Көркі көгал нуындай,
Кіршіксіз көлдің қуындай,
Одақ боп өскен ел түсер...
Деп ақын Ж. Жабаев атамыз да жырлаған екен.

3. Тігінен:
Бұл – француз тілінде «өлі табиғат» деген сөз. Адамды қоршаған заттарды бейнелейтін сурет туындысы қалай аталады?
27 әріптен тұратын болғандықтан 9 әріпін ашуға рұқсат беріледі.
Жауаптары дұрыс болса алған ұпайларына қарай сыйлықтарды және бас жүлдені алады.
3 070
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша тест жинағы 11 - сыныпқа арналған.
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша тест жинағы 11 - сыныпқа арналған.
Азия елдері. 1 – тақырып. ШЕТЕЛДІК АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ. §1. Азияның саяси картасы мен аймақтары
Күнделікті сабақ жоспары. Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдері
Күнделікті сабақ жоспары. Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдері
Үндістан түбегі мен оған жалғасып жатқан аралдарды қамтитын Оңтүстік Азия елдері Азияның басқа бөлігіне Гималай таулары мен Үнді – Ганг ойпаты арқылы бөлініп жатыр.
Көңілді спорттық жарыс
Көңілді спорттық жарыс
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту (ойын сабақ)
Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту (ойын сабақ)
ШҚО Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәні мұғалімі Фаткулина Гүлжанат Мұратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×