Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұрнақ пен жалғау

25 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың жұрнақ пен жалғау туралы алған білімдерін жинақтау бекіту. Интелектуалдық және танымдық біліктерімен дағдыларын жетілдіру сауаттылығын арттыру

Дамытушылығы: тапсырмалар орындау барысында оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, әдептілікке, мәдениеттілікке, өнер білімге баулу эстетикалық тәрбие беру
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сөзжұмбақ, ребус
Сабақтың түрі: пысықтау сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру сұрақ жауап әңгіме
Пән аралық байланыс: Музыка, дүниетану, өзін өзі тану
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
1. Ұшымен қазық Жолақ жолды азық
Үстінен өттім
Асыл сөз жазып (дәптер)
2. Денесі бар шыбықтан
Темір тұмсық құдықтан
Сусын алып ішеді
Ойы із боп түседі (қалам)

II. Үй тапсырмасын тексеру:
296 - жаттығуды ребусті шешіп, әңгіме құрау, үш, төрт оқушыға оқыту

III. Өткен сабақты пысықтау: Қызығушылығын ояту
- Біз ән айтқанды ұнатамыз ба?
- Ән тыңдағанды ше?
- Неліктен?
- Ән айтатын адамды кім деп атаймыз?
- Сендерге қандай әншілер ұнайды?
(Балалар ұнаған әншілерін айтады)
- Олай болса біз бүгінгі сабағымызда эстрадада жұлдыздарымен жүздесеміз
- Олар бізге қонаққа бекерге келмеген. Сендердің білімдеріңді сынамақ болып тапсырмаларын ала келіпті. Ал балалар өнер адамдарына гүл шоғын сыйлай алмасақ та өз білімімізді тарту етейік. – Роза Рымбаева әуені суретімен
Тапсырмалар: Мотивациялық бағдарлау кезеңі
Бір шалмен кемпірдің Жалқаубек деген немересі сабаққа барғанда қазақ тілін түсіне бермейді екен. Мұның себебі оның сөздік қоры тым тапшы болыпты. Ал оның досы Талапбек жақсы оқыпты Жалқаубек одан көмек сұрап қазақ тілін үйренбекші болады. Сөйтіп Талапбекпен Жалқаубек сөз әлеміне Саяқатка аттанады онда кіру үшін мына қақпадан өту керек. Ол қақпа сұрақтар қояды. Сұрақтарға жауап берсе қақпа ашылады. Ендеше біз Жалқаубекке көмектесеміз бе?
- Сөз неден құралады?
Сөз нені білдіреді?
- Түбір дегеніміз не?
- Міне балалар дұрыс жауап бердік, қақпамыздың есігі ашылды.
– Балалар өткен сабақты еске түсіру үшін сөзжұмбақты шешейік
Сөзжұмбақ.
ҚОСЫМША
1. Тілі жоқ өзінде
Сөзі бар өзінде(қалам)
2. Төрт қырлы өзі аппақ
Тақтадағы ізі аппақ(Бор)
3. Жылт - жылт еткен
Жырадан өткен(Су)
5. Көлдің беті көк әйнек
Сырғанауға тым әйбет(Мұз)
6. Жазда да, қыста да,
Өзгермейтін бір түсте(Шырша)
7. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)
4. Өзі ала сұр
Тілінің ішінде уы бар
Ол не?(жылан)
- Қосымша жайында Жалқаубек не біледі екен? Олай болса біз бүгін сендермен қосымша туралы білімімізді кеңейттік
Қане бірге бәріміз
Көзімізді жұмамыз
Өтіп тауымен өзеннен
Бір елге жетіп қонамыз
Қосымша деп аталар

Біз білетін балалар
Қосымшаның түрі бар
Жұрнақ атты ұлы бар
Жалғау атты қызы бар
Бұл елде бізге таныс
Ережелерін мысалдарымен айту
Сөз құрамы
Түбір ---- Қосымша ----→Жұрнақ ------ жалғау
↓---------↓-----------------↙
Жұмыс - шы

Түбір -- Қосымша ----→ Жұрнақ ------ жалғау
↓-------↓-------------------------------------↙
гүл -- дер

IV. Жаңа сабақ:
Мұзарт тобының тапсырмасы:
Оқулықпен жұмыс
297 - жаттығу мысалды оқу. Қарамен жазылған сөздердің жалғауларын тап. Шығармашылық жұмыс Ұлуды сипаттау.
298 - Жаттығу. Тақтамен жұмыс
1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып көшіріп жаз.
2. Кітап туралы мақал – мәтелдер айту.
299 - Жаттығу. Берілген сөздерге жұрнақ пен жалғауды қатарынан жалғап айту. Топтық жұмыс.
300 - Жаттығу. Суретпен жұмыс. Зат атауларына – шы жұрнағын қосып оқу.
V. Рефлексиялық бағалау кезеңі.
«Гүл» жинау ойыны
Кел балалар ойнайық
Тектен текке тұрмайық Гүлдерімізді жинайық
Үзіп алып даладан
Достарымызға сыйлайық

Ойынның шартты: Даладағы гүлдің суреттері. Сол гүлге жазылған сөздерді жұрнақ жалғанған сөзді Жалқаубекке, жалғау жалғанған сөзді Тапқырбекке береміз. Қай катар шатаспай орындаса сол жеңіске жетеді.

VI. Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Сабақтан не үйрендік?
Не білдік?
VII. Үйге тапсырма беру.
301 - Жаттығу. «Медеу мұзайдында» тақырыбына әңгіме құрау. Ережелерді қайталау
11 187
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қостанай облысы,Арқалық қаласы, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
БҚО, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылы, Жамбыл ОЖББМ-Б бастауыш сынып мұғалімі Казбек Рыскалиұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×