Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біріккен сөздер

29 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз.
Мақсаты: Біріккен сөзден жасалған жер - су және адам аттарында қатар келген екі дауысты дыбыстың ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
2. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту және таза, әдемі, сауатты жазуға дағдыландыру.
3. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Типі: саяхат сабақ.
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, слайдтар, карточкалар.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызды саяхат сабағы ретінде өткіземіз.
(1 – слайд, Қазақстан картасы)
- Иә, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының картасы.
- Ендеше біз қазір осы картаның көмегімен Қазақстан қалаларына саяхатқа шығамыз.
- Ең бірінші саяхатқа шықпас бұрын білімдерімізді бір тексеріп алайық.
(Әр топқа тест тапсырмалары беріледі)
(3минут уақыттан соң жауаптары тақтаға ілініп, тексеріледі. Дұрыс орындаған топқа текше үлестіріледі.)
- Жақсы, біз білімімізді тексердік. Енді Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Көкшетауға сапар шегеміз.

ІІ. Жаңа тақырып.
- Міне, Көкшетаудың Бурабай атты әсем де, сұлу демалыс орнына келдік (Бурабай көрінісі, слайд 2). Бұл жердің табиғатының сұлулығын ақын С. Сейфуллин жырға қосып, Оқжетпес шыңдарының биіктігін де айтып кеткен екен. Осы демалыс орнында біз де жатып, дем алып, білімімізді шыңдайық. Ол үшін мына сөйлемдердің ішінен біріккен сөзден құралған деген жер - су және адам аттарын табыңдар.

(Әр топ берілген сөйлемдерден жер - су және адаматтарын табады. 8 сөйлемдегі біріккен сөздерді әр топ 2 сөйлемнен оқып, тауып айтады. Дұрыс жауапқа текше беріледі.
1. Жолаушылар Қараойға ел орынға отыра жетті. 2. Пойыз Сарыөзек станциясына тоқтады. 3. Ешкіөлмес тауының етегіндебәйге жарысы болып жатыр. 4. Жұмәділ күйді нақышына келтіре орындады. 5. Айдос Жылқайдарұлы «Әудемжер»әнін орындады. 6. Әбдахмет Шиліөзек ауылынан Алматыға келді. 7. Балалар әсем демалыс орны Алмаарасанға келді. 8. Ауылда алғаш болған Серәліге бұл жердің жұлдыздары жерге жақын, әрі өте әдемі болып көрінді.)
- Жақсы, балалар. Енді тақтадағы сызбаға назар аударайық. Мұнда жаңа өздерің тапқан біріккен сөзден жасалған жер - су және адам аттары жазылған.
Қараой -------Сарыөзек----------- Ешкіөлмес
-------/ \ --------------/ \ --------------------------/ \
Қара ой -----сары өзек -----------------ешкі өлмес
Жұмәділ -----------Жылқайдар ----------Әбдахмет
--------/ \ ------------------/ \ -------------------------/ \
Жұма әділ------жылқы айдар ------------Әбді Ахмет
Шиліөзек ------------Алмаарасан ------------Серәлі
------/ \ ------------------------/ \ -----------------------/ \
Шилі өзек ----------Алма арасан -----------сері әлі

Осы кестедегі қою қарамен жазылған әріптерге назар аударайық. Екі дауысты дыбыс қатар келген. Енді жер - су аттарында қатар келген екі дауысты дыбыс пен адам аттарында қатар келген екі дауысты дыбыстарды салыстырып көрейік те, қорытып ереже шығаруға тырысайық.:
Ереже: Біріккен сөзден жасалған жер - су аттарында қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады, ал адам аттарында қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады.
Қазір дәптерлерімізді ашып, сөйлемдерді жазып, сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне талдайық (4 сөйлем жазып, талдау).
- Өте жақсы. Енді осы Көкшетаудан Батыс Қазақстандағы Ақтау қаласын көруге барайық.(Ақтау қаласының көрінісі, слайд 3)

- Ақтауға келдік. Бұл өңір мұнайымен аты шыққан қала. Енді осы мұнай туралы оқып білейікші. (Мұнай туралы мәтін беріледі) Осы мәтінді оқи отырып, мына сұрақтарға жауап іздейік. (Кесте беріледі).
Мұнайдың пайдасы, зияны қандай?
Пайдасы……………..
Зияны………………..
Біріккен сөздер

Және үшінші графаға осы мәтінде кездескен біріккен сөздерді теріп жаз. (7 минут уақыт беріледі. Болған соң талдап, текшелер үлестіру)
- Міне, мұнайдың пайдасы да, зияны да бар екен.
Келесі саяхатымыз Алматы қаласында болмақ.(Алматы қаласының көрінісі, слайд 4) Ол үшін де ұшаққа мініп келдік. Мұнда біз зообаққа бардық.(Құстар, аңдар. Слайд 5) Зообақтан көптеген жануарлар, құстар, аңдар көрдік. Осы көрген жануарлар, құстар, аңдар атауларында да біріккен сөздер кездеседі екен.
Тапсырма. Біріккен сөзден құралған жануарлар, құстар, аңдар аттарын ата. (Әр топ кезекпен атайды. Сөз қайталанбау керек. Бір сөзге бір текше.)

ІІІ. Қорытынды.
Балалар, біз саяхаттан енді өз қаламызға оралайық.
- Енді еске түсіріп көрейікші, бүгін қандай тақырыпқа байланысты жұмыстар жасадық? «Біріккен сөздер» дегенді естігенде қандай ережелер еске түседі?
Екі түбірден құралады. Біріккен сөз бірге жазылады.

Адам аттарында біріккен сөздің алғашқы сөзінің соңғы дыбысы дауысты дыбысқа және екінші сөздің алғашқы дыбысы дауысты дыбыс болса, алғашқы сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіріп жазылады.

Жақсы. Енді бүгін саяхат жасаған қалалардың аттарына назар аударайықшы.
- Иә, бұлар да біріккен сөздерден тұрады екен.
- Енді әр топ өз алдарындағы текшелерін санасын, (орындар тағайындау). Ал бүгін сабаққа жақсы қатысқан......

IV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма
7 406
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра, біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы ұғымын таныстыра отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу;
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік беру, оның сөздерінің бірігуі арқылы жасалатынын байқату. Біріккен сөздер туралы ұғымымен таныстыра отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Біріккен сөз
Біріккен сөз
Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Мәшімбай Күнзипа
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×