Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


З. Шүкіров. Ақша қар

10 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: З. Шүкіров. Ақша қар.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік. З. Шүкіровпен таныстыру. Өлеңнің мазмұнын ашу.
2. Дамытушылық. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу мен сөздік қорларын байыту.
3. Тәрбиелік. Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: З. Шүкіровтің портреті, қыстың суреті, ақша қар, шырша мен ойыншықтар, карта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, ашық сабақты хабарлау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1. М. Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» әңгімесін мазмұндау.
2. Үй тапсырмасын бекіту: «Аққала жасайық!»
1) Мағжан Жұмабаев туралы әңгімеле.
2) Әңгімеде жылдың қай мезгілі бейнеленген?
3) Балапан неге жылы жаққа кете алмаған?

ІІ Қызығушылықты ояту.
Жаңылтпаштарды оқу.
1) Бұл қар -
Сұр қар.
Сұр қар -
Кір қар.
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
2) Қырбық қар құрғақ па,
Құрғақ қар құрғақ па?
Қырбық қарда құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ.
Жаңылтпаштардан қардың қандай түрлері бар екенін білдің? Тақтаға жазу.

ІІІ Жаңа сабақ.
- Тағы қандай қар болатынын білгің келе ме? Онда белгілі ақын
З. Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңімен танысамыз.
Мақсатымыз: Автормен таныса отырып, өлең мазмұнын ұғынып, шығармашылық тапсырмаларды орындаймыз.
1. Зейнолла Шүкіров - 1927 жылы Қызылорда облысының Арал ауданында Бөген кеңесінде туған. Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған. Бірақ төсек тартып жатқанымен, мүгедек халіне ерлікпен, төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алған. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды. Оның балаларға арнаған жинақтары бар. Шығармалары шет тіліне аударылған. Оның «Менің достарым», «Теңіз жыры», «Арал дәптері», «Алау» атты өлеңдер жинағы мен қат
ар тағы да басқа әңгімелері өте көп.

2. Ақша қар (мұғалім оқиды)
Айналамда ұшып жүр
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт - құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек.

Үстіме жалп - жалп жауады
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы
Ақ жібектің түріндей.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 610
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
З. Шүкіров. Ақша қар
З. Шүкіров. Ақша қар
- Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен тауып көрейік. Тақтаға жазу. Топтастыру. Ақ мамық, ақ қанатты көбелек, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектей, ақ желек, ақ көрпе.
Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты
Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты
Желтоқсан - аппақ әлем. Жыл он екі айда айналып келер әр маусымның өзінің ерекше бір сыйы, өзіндік өрнегі болатын болса, қылышын сүйреткен қыстан көбіне біздің күтетініміз азя бен аппақ қырау, сосын көк күмбезінен ақ күміс болып шашылатын ақ ұлпа
Ақша қар
Ақша қар
Оқушыларды З. Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңімен таныстыру. Өлеңдегі негізгі ойды ашуға, өлең мазмұнына өз көзқарасын білдіруге төселдіру. Өлеңді мәнерлеп, түсініп дұрыс оқуға және нақышына сай ырғақпен оқуға машықтандыру.
Балапан қанат қақты. М. Жұмабаев
Балапан қанат қақты. М. Жұмабаев
Мағжан Жұмабаевтың еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. «Балапан қанат қақты» әңгімесінің мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу
Зейнолла Шүкіров. Ақша қар
Зейнолла Шүкіров. Ақша қар
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі: Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Ақша қар
Ақша қар
Жезқазған қаласы № 10 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×