Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

11 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Киіктің айласы
2. Фигуралардың қиылысуы
3. 26+24 және 50-24 жағдайларындағы қосу, азайту


Сабақтың тақырыбы: Киіктің айласы
Сабақтың мақсаты: 1. Түсініп мәнерлеп оқуға үйрете отырып, мәтіннің мазмұнын ашу, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
2. Мәтінді оқи отырып тіл байлығын дамыту, бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеп қорытынды шығаруға машықтандыру.
3. Табиғатты аялауға, жануарларды қамқорлыққа алып, орынсыз тиіспеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, мақал - мәтел, суреттер. Венн көрсеткіші, топтық жұмыс

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын бекіту
а) Біз қазір қай тарауды оқып жатырмыз?
- Табиғат – менің өз үйім.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
Мағзұм Сүндетовтың «Қайырымдылық» деген әңгімесін түсініп оқып келу.
- Автор туралы не білесіз?
- Гурев облысының Мақат ауданында 1936 жылы дүниеге келген.
ә) Әңгіменің «Қайырымдылық» аталуы себебі неде деп ойлайсыздар?
б) Мәтіндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
в) Қайырымдылықты қалай түсінесіңдер?
1. Табиғаттағы тіршілік мүшелерінің бәріне қайырымдылық жасау керек.
2. Қайырымдылық – қорғау, көмектесу.
3. Венн көрсеткіші бойынша:
Мұхтар –ақылды оқушы, кішіпейіл, мейірімді
Ортақ қасиет - бала, құрдас
Сәрсен - Сотқар, мейірімсіз, ақылсыз
4. Мақал - мәтел
1. Ит –
2. Ит үй
3. Ит жеті...... бірі
5. Шығарманы оқу «Қайырымдылық»
6. Сергіту сәті
«Туған ел» С. Сейфуллин.
Сүйемін туған тілді – анам тілін.
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Құлағыма сіңірген таныс үнің,
Сол тіліммен шешем мені әлдилеген.
Еркелеткен, құлыным, жаным деген.
6. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ (киік)
1. Жыл мезгілі (көктем)
2. Жеміс ағашы
3. Төрт түліктің бірі (ешкі)
4. Өз атын шақыратын құс (көкек)
а) Киік суретін көрсетіп, барлық дене мүшесіне зейін қойып суреттеу.
Киік - Дала жануары қойға ұқсас қоректенеді, лақтайды, қорегі таза
Ортақ – Аң, орманда мекендейді
Қасқыр – Жыртқыш, күшіктейді, етпен қоректенеді
Оқулықпен жұмыс
1. Мәнерлеп оқу
Сұрақ - жауап
2. Қасқырдың қаруы
3. Ақбөкеннің қаруы
Сөздікпен жұмыс
Бұйратта – белесте
Тақтадағы сюжетті суретпен жұмыс
1. Қазақ халқында киік, елік, марал, аққу, қарлығаш сияқты жануарлар мен құстар киелі санаған, орынсыз тиіспеген.
2. Мына суреттен нені байқап тұрсыңдар?
3. Киіктер қайда келіп еді?
- Суатқа
4. Аш қасқырлар не істеп отыр еді?
- Жағадан аңдып отыратын.
5. Қасқырлар қандай әрекет көрсетті?
6. Киік теке шынымен ақсақ па еді?
- Әңгімеле.
7. Дала жануары киік аңдардың сұлуы. Қой секілді шөппен қоректенеді. Киіктің жаңа туған лағын «Құралай» деп атайды. Оны атуға болмайды.
Қорытынды.
«Ақсақ киік» күйін тыңдау.
Үйге тапсырма: « Киіктің айласы» әңгімесін оқып, киік суретін салып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 067
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Киіктің айласы" Әуелбек Қоңыратбаев
"Киіктің айласы" Әуелбек Қоңыратбаев
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға автор туралы қысқаша түсінік беру. Мәтіннің мазмұнын түсіндіре отырып, негізгі ойды анықтау.
Қайырымдылық
Қайырымдылық
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия
Киіктің айласы
Киіктің айласы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, №1 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Самыратова Куанышкул Абдрахмановна
«Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов
«Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов
Ана тілі 3 сынып Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов
«Ақ кептер» Ә. Шынбатыров
«Ақ кептер» Ә. Шынбатыров
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Дюсебаева Алтынай Орыспайқызы
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×